2020 жылдың 26 қазанында "Бухгалтерлік есеп және аудит" кафедрасы онлайн форматта "1С: Кәсіпорын" цифрландыру жағдайында бағдарламасымен виртуалды қойманы интеграциялау" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру бөлігінде салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы өзекті мәселелер талқыланды. "Табысаудитконсалсинг" ЖШС қаржы директоры Ундіріс Еркебұлан "Виртуалды қойма мен ТІЖ енгізудің заңнамалық негізі"тақырыбында баяндама жасады. Дөңгелек үстелге "Есеп және аудит"білім беру бағдарламасының барлық курстарының студенттері қатысты.
2020 жылдың қазан айында Қарағанды қаласында Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Үміт" қоғамдық бірлестігімен бірге "Өзіңді есірткіден қорға" ұранымен әлеуметтік ролик түсірілді. Видеода синтетикалық есірткілерді дайындау жөніндегі кезекті есірткі зертханасы жойылған, жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу көрсетілді. Қылмыскер қыздың рөліне Ф-19-2 тобының студенті Юстус Анна қатысты.
Қазанның 12 ҚҚЭУ қабырғасында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында ӘЖ және ҚХА кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазіргі Қазақстандағы студент жастардың құндылықтық қалауы және радикализм мен экстремизм идеяларының әсерін еңсеру» атты online түрде жиын өткен болатын. Жиынға белсене қатысқан ҚҚЭУ 1 және 2 курс студенттері. Конференция "Заманауи білім беру теориясы мен практикасының философиялық талдауы" бастамашыл тақырыбы аясында қарастырылды. Зерттеу қызметі аясында, ойлау мәдениетінің дүниетанымын қалыптастыру, және студент жастардың қоғамдық санасын жаңғырту аясында маңызды баяндамалар тыңдалды: «Таным және шығармашылық» Шабусова Д. Ю-19-4, "Шығармашылық және ерекшелік : ұқсастықтар мен айырмашылықтар"- Мусина О., МО-19-2, «Менталитет діни менталитетті қалыптастырудың негізі ретінде»- Когтева А.СПД-20-2, «Қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері» Герда Н. Ю-19-4, «Құндылық бағдарлары қазіргі жастардың құндылық бағдарлары және қазіргі әлемдегі рухани қарама-қайшылықтың алдын-алу мәселелері» Жуманова М. Ю-19-3, «Отбасында рухани құндылықтардың қалыптасуы» Жукенова Л..Ю-19-3, «Құндылық бағдарының компоненттері» Пак.М. «Зайырлы және діни руханият» Бабич Ю.Ю, «Діни руханият» Бислингер А. МО-20-2, «Қазіргі Қазақстандағы зайырлы және діни руханият мәселелері және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «қазіргі жағдайдағы рухани қарама-қайшылықтың алдын алу мәселелері» Искалиев Т.Жуматаева Р.МО-20-2, «Зайырлы мемлекеттегі діннің мәні» Балташева Таңшолпан МО-19-1к, «Отбастындағы рухани құндылықтардың қалыптасуы» Ахатаева Н. МО-19-1к. ӘЖ және ҚХА кафедрасының меңгерушісі Абдакимова М. К. құттықтау сөз сөйлеп, талқыланған мәселелердің өзектілігін атап өтті. Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары фил.ғ.к, профессор Клишина М.В., фил ғ.к, доцент Сейфуллина Г. Р., PhD доктор Тутинова Н. Е. болды.
2020 жылдың 23 қазанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Экология және бағалау» кафедрасы Қарағанды облысының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында онлайн режимде «Мен – эколог» аймақтық зияткерлік ойынын өткізді. Ойынға 19 командадан 63 оқушы қатысты. Оның ішінде 12 команда қазақ тобында және 7 команда орыс тобында сайысқа түсті. Жүлделі орындарға ие болғандар - қазақ бөлімі: I орын-«Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты КММ; II орын – «Мұрагер» мамандандырылған мектеп – интернаты»; III орын - № 57 мектеп-лицейі. Саттарова, А.; Ең креативті команда - М.П. Русаков ат. № 2 мектеп - интернат. Балқаш қаласы. Жүлделі орындарға ие болғандар - орыс бөлімі: I орын-«Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты КММ; II орын – «№ 1 Гимназия» КММ; III орын – «№ 86 ЖОББМ» КММ; Ең креативті команда – «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты». Командаларға қатысқаны үшін алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды жүлделі орындармен құттықтаймыз!
" Маркетинг және логистика " кафедрасы "Логистика"ББ 4 курс студенттеріне практикалық жұмысшыны тарта отырып, дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында жұмысқа орналасу перспективалары және еңбек нарығындағы қажеттілік, жұмыс берушінің оқу орындары түлектерінің кәсіби және коммуникативтік қасиеттеріне қойылатын талаптар туралы өзекті мәселелер талқыланды. Кездесуге қатысқандар: - Қуанышбаев Әділжан Болатұлы - "Мақсұт" тау-кен байыту комбинатының инженері»; - Мажитова Сауле Калиевна - "Маркетинг және логистика" кафедрасының меңгерушісі» - "Маркетинг және логистика" кафедрасының ПОҚ»