• Blog news

«Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында ашық кураторлық сағат

«Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында ашық кураторлық сағатАға оқытушы, з.ғ.м. Искалиева М.С. ТД-42, ТД-18-5 топтарында «Sanaly Urpaq» студенттік клубымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Студенттер "сыбайлас жемқорлықпен күресудегі өзекті мәселелер", "Сыбайлас жемқорлықсыз өмір сүру", "ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күрес" және т. б. тақырыптарда баяндама жасады.

ТД-42, ТД-21к топтары Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сабақ өтті

ТД-42, ТД-21к топтары Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сабақ өтті

Аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі Искалиева М.С. «Кеден ісі» білім беру бағдарламасының ТД-42, ТД-21к топтарымен Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сабақ өткізді. Студенттер Кедендік бақылау департаментінің басшылары мен мамандарымен танысып, электронды декларациялау бойынша заңнамамен танысты.

Экология және бағалау кафедрасының «Жетекші бағалаушы - 2019» зияткерлік ойынды ұйымдастыру және өткізуі туралы ЕСЕП

Экология және бағалау кафедрасының «Жетекші бағалаушы - 2019» зияткерлік ойынды ұйымдастыру және өткізуі туралы ЕСЕП«Экология және бағалау» кафедрасы «Жетекші бағалаушы - 2019» зияткерлік ойынын өткізді.
Іс-шараға ЖОО студенттері қатысты:
- Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;
- Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті;
- Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті.
Колледж оқушылары:
- КЭБП КЭУК;
- Қарағанды банк колледжі.
Өткізілген төрт конкурстың қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Банк колледжі;
2 орын – ҚарМТУ;
3 орын – ҚарМУ.
Зияткерлік ойынның барлық қатысушыларына қатысқаны үшін сертификаттар тапсырылды. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар берілді.

Бос орындар жәрмеңкесі – 2019

Бос орындар жәрмеңкесі – 2019

2019 жылдың 14 қарашасында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті әлеуметтік серіктестермен, Қарағанды қаласы жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп "Бос орындар жәрмеңкесі"акциясын өткізді.
Бос орындар жәрмеңкесінде түлектер Қарағанды қаласының 65 ұйымы және кәсіпорыны өкілдерімен танысты, экспресс – әңгімелесуден өтті.
Компаниялардың бір бөлігі, және олардың көпшілігі бос орындары бар әлеуетті жұмыс берушілер ретінде шақырылды; студенттерді кәсіби тәжірибеге алуға дайын компаниялар болды. Басқа компаниялар университет түлектері арасында кадрлық резерв алуға келді. Мемлекеттік қызмет өкілдері алдағы уақытта мемлекеттік қызметке түлектерді қабылдау үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді: тестілеу, әңгімелесу және конкурс мәселелері бойынша кеңес берді.

http://kartv.kz/ru/archive/programs/programs_policy/news/1042823
http://1karagandy.kz/ru/news/page/1/newsid/3987

Құттықтаймыз

ҚұттықтаймызБизнес және құқық Факультетінің Ю-19-1к тобының студенті Қарағанды қаласының «Nur Qadam» жастар сыйлығының лауреаты – Ермек Алишерді «Жылдың үздік волонтері» атты номинациясын иеленуімен құттықтаймыз.
«Nur Qadam» Қарағанды қаласының әкімінің жастар сыйлығы – кәсіби салада және қоғамдық қызметте жоғары көрсеткіштері бар жас азаматтарды қолдаудың қосымша шарасы болып табылады.
Біз Алишерге өзінің осы жетістіктерімен шектелмей, ең батыл идеялар мен жоспарларды жүзеге асыруын, белсенді өмірлік ұстанымын сақтап әлеуметтік қызметте үнемі жаңа жетістіктерге жетуін тілейміз.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL