Шетел және орыс тілдер кафедрасы 1-ші және 2 -ші курс студенттері арасында жыл сайынғы тілдік олимпиада өткізілді.
Ағылшын тілі бойынша жеңімпаздар (барлық мамандықтар бойынша студенттер арасында): 1-ші орын - Жансакалова Анеля ПИМ-19-1 2-ші орын - Форостянова Анастасия ТУР-19-3 3-ші орын – Пронина Ольга ТУР-19-3
2020 жылдың 18 ақпанында МН-31к және У-31к үшін АҚ ҚФ «Halyk Bank» қабырғасындағы дәріс ұйымдастырылды. Аталмыш дәрісте студенттер банк, оның халыққа ұсынатын қызметтерімен және т.б мүмкіндіктерімен танысты. Айта кету керек, осы студенттер биылғы түлектер қатарында болғандықтан, тәжірибе орындарын іздестіруде.
2020 жылдың 18 ақпанында Абай ауданы Топар кентінде Абай атындағы орта мектеп қабырғасында ҚҚЭУ мұғалімдері Исанов А. С., Юсупов М. Т., Амантай А., Колосовский А. мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
«Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасы «Дінтану» курсы бойынша қоғамдық-саяси кеңес және "Төзімділік" студенттік ғылыми үйірмесінің аясында «Дін және өнер» атты дөңгелек үстел өткізді. Студенттер өз баяндамаларында өнер мен өнерде ұлттық және жалпыадамзаттық өнерді ұғынуға көмектесетін дін мен өнердің өзара байланысын көрсетті.
7 ақпанда Алматыдағы Тұран университетінде Маркетинг білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық сырттай зияткерлік олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіптік оқуға деген қызығушылықты арттыру, өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік беру, оқу нәтижелерінің оңтайлы деңгейіне және оларға қол жеткізуге жағдай жасау. Олимпиада нәтижелері бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Market ON» командасы, МК-22 тобының студенттері, Умутчакова К., Тусупова К., Махмутова Ш., э.ғ.д., профессор З. Н. Борбасованың жетекшілігімен «Заманауи маркетингтік технологиялар» секциясында 1 орын алды. Technical support was provided by a student of the MK-19-4s group, S. Dzhumagalieva. Біздің студенттерімізді құттықтаймыз және мақтан етеміз!