• Blog news

«Жоғары оқу орындары мен бизнес-қауымдастық арасындағы серіктестікте білікті кадрлар даярлаудың заманауи мәселелері» туралы дөңгелек үстел өткізілді.

«Жоғары оқу орындары мен бизнес-қауымдастық арасындағы серіктестікте білікті кадрлар даярлаудың заманауи мәселелері» туралы дөңгелек үстел өткізілді."Маркетинг және логистика" кафедрасымен "Маркетинг" және "Логистика" ББ 4 курс студенттері үшін тәжірибелік қызметкерлерді тарта отырып дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл іс-шараға ББ «Маркетинг» және «Логистика» 4 курс студенттері қатысты. Кездесу барысында жұмысқа орналасудың болашағы мен еңбек нарығындағы сұранысқа ие, жұмыс беруші жоғарғы оқу орындарының түлектерінің кәсіби және коммуникативті сапаларына қойылатын талаптар туралы өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесуге қатысты:
- Ибрагимов З.Ф. - «Еуразиан Фудс» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
- Утебай Д.Д. - «EFES Қазақстан» АҚ ЖК таланттарды басқару жөніндегі маманы;
- Мукушев А.К. - « Prof Rezerv» ЖШС бас маманы.

"1 курс PhD докторанттарына арналған докторлық диссертациялар тақырыптарын бекіту бойынша ғылыми семинар »

"1 курс PhD докторанттарына арналған докторлық диссертациялар тақырыптарын бекіту бойынша ғылыми семинар »2019 жылдың 22 қазанында жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім департаменті профессор - оқытушылар құрамы мен және 8D04101 «Экономика» және 8D04102 «Жергілікті мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламалары бойынша 1 курс PhD докторанттарымен бірлесіп докторлық диссертациялардың тақырыптарын бекіту және таңдау мәселесі бойынша ғылыми семинар өткізілді.

23-28 қыркүйек аралығында Еуразия халықтары Ассамблеясы «Еуразияның жаңа ұрпағы» Ыстықкөл халықаралық жастар форумын өткізді.

23-28 қыркүйек аралығында Еуразия халықтары Ассамблеясы «Еуразияның жаңа ұрпағы» Ыстықкөл халықаралық жастар форумын өткізді.Форум бағдарламасына мектептердегі бейбітшілік сабақтары, дөңгелек үстелдер, дәрістер, шеберлік сыныптары, спорттық және мәдени бағдарламалар кірді.
Форумға 100-ден астам адам қатысты, олардың көпшілігі - түрлі қоғамдық ұйымдардың жастар қанатының өкілдері, студенттер мен халықаралық қатынастар және қоғамдық дипломатия саласындағы жас мамандар, гуманитарлық жобалардың авторлары. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің атынан экономика және менеджмент факультетінің студенттері Мұсабекова Дилара (МН-18-4с тобы) және Иманғалиев Ақылбек (Э-18-3с тобы) қатысты.
Ұйымдастырушылар: Қырғыз Республикасы Үкіметінің қолдауымен Еуразиялық халықтар ассамблеясы және Қырғызстан халқы ассамблеясы.

Халықаралық (кафедралық) студенттік конференция "Жас зерттеушілер форумы"»

Халықаралық (кафедралық) студенттік конференция "Жас зерттеушілер форумы"»

2019 жылдың 16 қазанында Маркетинг және логистика кафедрасы жыл сайынғы «Жас зерттеушілер форумы» атты халықаралық (кафедралық) студенттер конференциясын өткізді. Оған Уфа, Екатеринбург, Көкшетау, Алматы, Теміртау, Астана, Тараз және Қарағанды студенттері мен магистранттары қатысты.
Конференция келесі бағыттар бойынша экономиканың түрлі салаларындағы өзекті мәселелерді қарастырды:
1Цифрлық экономикадағы заманауи бизнестің дамуы;
2Цифрландыру дәуіріндегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жаңғыртылуы;
3Қазақстандағы қызмет көрсету нарығының дамуына инновациялық көзқарас;
4«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың құқықтық аспектілері.
Конференция материалдары бойынша ISBN берілетін электронды жинақ құрастырылады.

«Достық» коворкинг орталығы» Технологиялық бизнес-инкубаторы «Жетістікке 5 қадам» бизнес-тренингін өткізді

«Достық» коворкинг орталығы» Технологиялық бизнес-инкубаторы «Жетістікке 5 қадам» бизнес-тренингін өткізді

2019 жылдың 16 қазанында «Достық» коворкинг орталығы» Технологиялық бизнес-инкубаторы «Атамекен» ҰКП бизнес-жаттықтырушысы, «Go Sauda», «Go travel», «International mentors group» компанияларының негізін қалаушы А. Е. Жартыбаевпен «Жетістікке 5 қадам» бизнес-тренингін өткізді.
Көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер студенттерге кәсіпті қалай ашу және оны одан әрі қарай дамыту жолдарын баяндап берді. Сондай-ақ, ол тыңдаушыларға жаңа кәсіпкерлердің бастапқы кездегі қиындықтары туралы айтты.
Талқылауға студенттер қызығушылықпен араласты. Олар кәсіпкерлікпен айналысуға байланысты туындайтын барлық мәселелер және оны айналып өту жолдары туралы сұрақтар қойып, жауаптармен қанағаттандырылды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL