«ҚЭУ-дегі Ашық есік күні»

«ҚЭУ-дегі Ашық есік күні»

2019 жылдың 23 ақпанында бизнес және құқық факультеті «Ашық есік күнін» өткізді. Бұл шараға Қарағанды қаласы мектептері мен колледждерінен, сонымен қатар Көкпекті орта мектебінен 120 оқушы қатысты.
Болашақ мамандықтары мен ЖОО-дарын таңдау алдында тұрған түлектер оқу аудиторияларын, кітапхана мен факультеттің арнайы жабдықталған кабинеттерін үлкен қызығушылықпен қарап шықты. Кафедра меңгерушілері мен оқытушылары оқу бағдарламалары жайында ақпарат бере отырып, білім беруде қолданылатын жаңашыл құрылғыларды көрсетті.
Волонтерлер – бизнес және құқық факультеті студенттері, ҚЭУ-дегі қызықты студенттік өмірлері жайында мектеп түлектерімен бөлісе отырып, түрлі конкурстар дайындады, би жарыстарын ұйымдастырды, мектеп оқушылары мен колледж студенттері белсене қатысты.
«Ашық есік күні» аяқталды, алдымызда – біздің болашақ студенттермен жаңа кездесулер күтіп тұр!
https://yadi.sk/d/U3-Grg9DHsZAuw

Әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу тәртібі жайлы семинар

Әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу тәртібі жайлы семинар20.02.2019 жылы мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу тәртібі жайлы кездесу өтті. Кездесуде КРМ бас маманы Карсакова Гульнара Нурсултановна ҚЭУ студенттеріне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына енгізілген өзгерістер жөнінде, мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу тәртібі туралы баяндап берді. Карсакова Г. Н. студенттерге, біздің Республикамыздың патриоттары болып, шығармашылықты дамытып, отансүйгіш болуға тілек білдірді.

«Үштілді көшбасшы»

«Үштілді көшбасшы»2011-2019 жылдар ҚР Мемлекетінің тілді тұғырландыру мен дамыту бағдарламасы аясында бекітілген болатын. 2019 жылдың ақпанның 15-сі күні
Қарағанды қаласы Ресурстық тіл орталығы мен Университетіміздің көптілділік білім беру орталығы және «Шет тілі мен орыс тіл» кафедрасының ұйымдастыруымен «Үштілді көшбасшы» интелектуалды байқауы өткізілді. Байқау үш тілді жетік меңгерген студенттер арасында болды(қазақ, орыс, ағылшын ). Байқау 4 кезеңнен тұрды. Әдеттегідей жарыс соңында жеңімпазды анықтадық. МЭ-12 тобының студенті
Рахимова Толкын топ жарып жеңімпаз атанды. Әр қатысушы алғыс хатпен марапатталып, жеңімпазға мадақтама және естелікке сыйлық берілді.

«MOST» бизнес инкубаторы ұсынған «Стартап: идеядан бизнеске дейін» курсы

«MOST» бизнес инкубаторы ұсынған «Стартап: идеядан бизнеске дейін» курсы2019 жылдың 15 ақпанында «Достық» Коворкинг орталығы» технологиялық бизнес инкубаторында «MOST» бизнес инкубаторы ұсынған «Стартап: идеядан бизнеске дейін» курсы бойынша мастер-класс өтті.
«MOST» бизнес инкубаторы ұсынған «Стартап: идеядан бизнеске дейін» курсы - кез-келген болашақ кәсіпкерге өз бизнесін құруға, инвестициялауға дайындық жасауға, инвесторлардың жобаларды қалай бағалайтынын түсінуге және олардың стартаптардың әлсіз тұстарын анықтауға мүмкіндік беретін қарқынды біріктірілген оқу бағдарламасы. .
Іс-шараны осы курсты өткен, ЭҚЗ ҒЗИ ғылыми қызметкері Орынбеков А.С. және «Азық-түлік тауарларының тауартануы» мамандығының 1 курс студенті Сакенова И. өткізді.
Кездесу барысында студенттермен сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

Ауғаныстаннан кеңес әскерінің шығарылғанының 30 жылдығына арналған шағын футболдан жарысы

Ауғаныстаннан кеңес әскерінің шығарылғанының 30 жылдығына арналған шағын футболдан жарысы2019 жылы 9 ақпанында бизнес және құқық факультеті және дене-шынықтыру кафедрасының ұйымдастырылуымен Қарағанды қаласының жоғарғы оқу орындары арасында жарыс өткізілді. Аталмыш жарысқа ҚҚЭУ, ҚарМТУ, ҚарМУ және ҚМУ қатысты.
Салтанатты жиында жарыс қатысушылары мен көрермендері Ауған соғысы ардагарлері Токанов Тұмарбек Тоқанұлын және Кукимов Жолдас Оразбекұлын қарсы алып, естелік сыйлықтарын табыстады.
Жарыс өте тартысты өтті. Әр команда өз шеберліктерін көрсете отырып, әдемі ойын өрнектерімен көзге көрінді. Көрермендер белсенділік танытып, өз командаларына жанкүйерліктерін танытты.
Жарыс нәтижелері келесілер:
1-орын: ҚарМУ;
2-орын : ҚМУ;
3-орын: ҚҚЭУ;
4-орын: ҚарМТУ.
Аталмыш жарыстар болашақта да ұйымдастырылуы көзделуде.

«Ауған соғысы: себептері, қорытындылары, салдары»

«Ауған соғысы: себептері, қорытындылары, салдары»15 ақпан 2019 ж. Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толды
Шайқас аяқталады, ал тарих мәңгі. Ауған соғысы да тарихқа енді. Бірақ Адам жадында ұзақ өмір сүреді,өйткені оның тарихы солдаттардың қанымен және аналардың көз жасымен жазылған.
Осы күнге "жалпы заңдық және арнайы пәндер" және "экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу" кафедралары дайындаған "Ауған соғысы :себептері , қорытындылары, салдары"атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Ауған соғысының ардагері, полиция полковнигі Серғали Жұмағұлұлы Тоқтабеков қатысты.
Қатысушылар Ауған соғысынан оралмаған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Тоқтабеков Серғали Жұмағұлұлы қонақтарға қызмет еткен достары туралы айтып, әскери альбомнан фотосуреттер мен марапаттарды көрсетті.
Кездесу жоғары эмоционалды түрде өтті. Студенттер тарихымыздың күрделі беттерін қызыға білді.

Биология пәні бойынша «Биология білгірі - 2019» атты аймақтық пән олимпиадасы

Биология пәні бойынша «Биология білгірі - 2019» атты аймақтық пән олимпиадасы

9 ақпан 2019 ж. Қарағанды экономикалық университетінің «Экология және бағалау» кафедрасы биология пәні бойынша «Биология білгірі - 2019» атты пән олимпиадасын өткізілді. Олимпиадаға Қарағанды қаласының 246-ке жуық мектеп оқушылары қатысты. Кәсіби бағдар беру аясында кафедра болашақ түлектермен университет бойынша қызықты экскурсия ұйымдастырды. «Экология және бағалау» кафедрасы жеңімпаздарды 16 ақпанда салтанатты түрде марапаттайды.

Олимпиада қорытындысы бойынша келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:
1. Орыс мектептері
1 орын № 3 гимназия-Файзуллина А. (9 сынып) -52 ұпай
2 орын № 38 гимназия-Феофилов Виктор (10 сынып) -45 ұпай
2 орын № 61 ЖББОМ - Гусенко Даниэль (11 сынып) -45 ұпай
3 орын № 30 ЖОМ-Семенов Иван (9 сынып) -45 ұпай
3 орын Корниенко п. Топар - Назарова Кристина (11 сынып) -45 ұпай
2. Қазақ мектептері
1 орын № 5 гимназия А. Құнанбаева-Дайрабекова Мақпал (11 сынып) -53 ұпай
2 орын мектеп-интернатДжамбула-Зекенова Толғанай (10 сынып) -50 ұпай
2 орын № 92 гимназия Т-Нөгербек Бекмухаммед (10 сынып) – 47 ұпай
3 орын № 76 мектепА. Бөкейхан- Надирова Дияна (11 сынып) -46 ұпай
3 орын №36 мектеп – Сейтжан Арайлым (9 сынып) – 44 балл

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына - 30 жыл

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына - 30 жыл2019 жылы 13 ақпанда ҚҚЭУ кітапханасы «ӘЖ және ҚХА» кафедрасымен бірлесіп ауған соғысының қатысушыларымен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге Маутов Ермек Жанайдарович, Дильдабеков Жакия Жакупович, Ахметов Талғат Серікбайұлы, Смағұлов Нұрлан Белгібайұлы, ҚҚЭУ студенттері мен оқытушылары қатысты. Кездесу «Қара-майор» деректі фильмінен басталды (Ауған соғысына қазақстандықтардың қатысуы туралы). Кездесуге қатысушылар Ауғанстанда өткен әскери оқиғалар, Ауған соғысына қатысушы — ардагерлердің ерліктері, сондай – ақ патриоттық рухтың күші туралы айтып берді, «Ауғанстан-Менің жан-жарам» атты кітап көрмесімен танысты. Кездесу студенттердің қатысуымен спектакль көрсетілімімен аяқталды.

Қытай Жана 2019 Жылы! Chunjie!

Қытай Жана 2019 Жылы! Chunjie!

Орыс және шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Бәделхан М.Б. ұйымдастыруымен және «Халықаралық қатынастар», «Әлемдік экономика» мамандықтарының 1-3 курс студентерінің қатысуымен «Қытай Жаңа жылы» өткізілді.
Өткізілген іс-шара барысында студенттер қытай тіліндегі өте жақсы білімдерімен шығармашылық дарындарын көрсете білді. Шақырылған қонақтар Жаңа жылды өткізудегі ерекшеліктері мен қытай асханасымен таныса алды. Сондай-ақ, кешке Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінен, Қытай Мәдениеті Орталығының өкілі Мурадова Людмила Игоревна шақырылды.
Xin niabhao!!!

«Қаржы» кафедрасының оқытушылары Ауғанстан ардагерлерінің шақырылуымен «Совет әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл» атты кураторлық сабақ өткізді

«Қаржы» кафедрасының оқытушылары Ауғанстан ардагерлерінің шақырылуымен «Совет әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл» атты кураторлық сабақ өткізді2019 жылдың 6 ақпанында есеп және қаржы факультетінің «Қаржы» кафедрасының оқытушылары Магистр оқытушы Хұсайын Фархат, оқытушы Майкенова Әлия Егінбайқызы және Игликова Динар Дакеновна Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30-жылдығын мерекелеуге арналған ашық кураторлық сағат өткізді. Ауған соғысының қатысушылары, Жақыпов Ғалым Тілеубаұлы және Мұсатаев Төлеуқазы Әбілқасұлы шақырылды.
Бұл іс-шараның мақсаты - азаматтық және патриоттық сезімін, жауапкершілікті сезіну, интернационалистердің жеке мысалдарында батылдық, Ауғанстандағы соғыс туралы студенттердің білімін кеңейту, Отанға деген адалдық пен Отанға адалдық, құрмет, батылдық, жанқиярлық идеясын қалыптастыру болып табылады. Студенттер Ауған оқиғаларының қатысушыларына құрмет сезімін, сондай-ақ интернационалист жауынгерлердің поэтикалық және ән-күй мұралары руxани байыту арқылы алғыстарын білдірді.

Онлайн дөңгелек үстел: «Жастар-қазіргі әлемдегі еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы»

Онлайн дөңгелек үстел: «Жастар-қазіргі әлемдегі еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы»«Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы 2019 жылы 6 ақпанда ҚЭУ «Рухани Жаңғыру» онлайн-алаңында «жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, ҚЭУ оқытушылары мен студенттері қатысты.
Қазіргі кезеңдегі жастар саясатының мақсаттары, міндеттері мен мәселелері, ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында алға қойған міндеттерін жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL