1991 жылдың 1 желтоқсанында біздің еліміз бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде өзінің Тұңғыш Президентін сайлап, Тәуелсіздік тарихы басталды. Сондықтан 2011 жылы ҚР Парламенті "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы "ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы" заң қабылдады.
Осындай шешіммен ел Парламентімен ұлы тұлға ғана емес, сонымен қатар Президенттік институт мәртебесіне тиісті баға берілді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан бірлігін, Конституцияны, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады.
Дөңгелек үстелде әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Қ.Ж. Әбілов, ӘЖ және ҚХА кафедрасының аға оқытушысы, магистр А.Б. Бадел, және сол кафедра мамандығы студенттері СР-41к Кеншілік Альбина және СР-18-1 топ студенті Азине Шынаргүл баяндама жасады .
«Рухани жаңғыру» онлайн-алаңында «Әлеуметтік жобалардың орындалуын жоспарлау, іске асыру, мониторинг және бағалау» тақырыбында онлайн оқу семинар-тренинг болды. «Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық және экономика негіздері» Білім беру бағдарламаларының студенттері үшін БАҚ-пен жұмыс істеу және әлеуметтік желілердегі жобаларды жылжыту. Семинарды ҚХА Кеңесінің мүшесі, ҚХА ҒЭҚ сараптамалық кеңесінің мүшесі, Нұрсұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы мониторингтік тобының төрағасы Ш.А. Исмаилов өткізді.
Тренингте студенттер әлеуметтік жобаларды жоспарлау және іске асыру, БАҚ-пен жұмыс жасау бойынша білімдерін актуалдандырды және практикалық құзыреттіліктерін қалыптастырды.
2019 жылдың 29 қарашасы күні қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Тіл білгірі» атты пәндік олимпиада өтті.
Олимпиадаға 33 қалалық мектептен 250-ден аса 9-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар II тур бойынша бақтарын сынады. 1 тур тест сұрақтары, 2 тур эссе жазу.
Олимпиада барысында мектеп оқушыларына арнайы экскурсия ұймдастырылып, Қарағанды экономикалық университетімен кеңірек танысуға мүмкіндік алды. Оқушыларға ҰБТ туралы, КЭУ-дағы мамандықтар туралы мәлімет берілді. Пәндік олимпиаданың жүлдегерлері (11-сынып) университет ректоры тарапынан 2020-2021 оқу жылында оқу ақысын төлеуде арнайы жеңілдік сертификаттарына ие болады. (5% 10% 15%) Олимпиада қорытындысы бойынша қазақ және орыс тілінде оқитын оқушылар арасында жүлделі орынға ие болған оқушылар:

«KEUK» серіктесі - «Эфес Қазақстан ИП» АҚ барлық мамандықтар студенттерін (2, 3, 4 курс) 5-6 желтоқсанда 16.00-де Коворкинг орталығында өтетін екі күндік EFES WEEK-ке шақырады.
Жиналыс бағдарламасында: компания туралы презентация, оқыту; күніне келетін студенттер арасында сәнді сыйлықтардың ұтыс ойыны.
Студенттер сонымен қатар кәсіпорында ақылы тәжірибеден өту үшін таңдалады.

2019 жылдың 26 қарашасында Жоғарғы математика кафедрасының оқытушылары Қарағандыдағы университеттер мен колледждердің экономикалық мамандықтарының студенттері арасында олимпиада өткізді.
Олимпиаданың нәтижелері:
Бірінші орынды Анастасия Крикунова иеленді (ҚҚЭУ, жетекшісі: Ракишева Н.К.);
2-ші орынды Шейфель Мария иеленді (ҚҚЭУ, жетекшісі: Игилик С.И.);
3 орынды Қайратова Диана иеленді (академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, жетекшісі: Ситенко Д.А.).
Аға оқытушы, з.ғ.м. Искалиева М.С. ТД-42, ТД-18-5 топтарында «Sanaly Urpaq» студенттік клубымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Студенттер "сыбайлас жемқорлықпен күресудегі өзекті мәселелер", "Сыбайлас жемқорлықсыз өмір сүру", "ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күрес" және т. б. тақырыптарда баяндама жасады.

Аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі Искалиева М.С. «Кеден ісі» білім беру бағдарламасының ТД-42, ТД-21к топтарымен Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сабақ өткізді. Студенттер Кедендік бақылау департаментінің басшылары мен мамандарымен танысып, электронды декларациялау бойынша заңнамамен танысты.
«Экология және бағалау» кафедрасы «Жетекші бағалаушы - 2019» зияткерлік ойынын өткізді.
Іс-шараға ЖОО студенттері қатысты:
- Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;
- Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті;
- Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті.
Колледж оқушылары:
- КЭБП КЭУК;
- Қарағанды банк колледжі.
Өткізілген төрт конкурстың қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Банк колледжі;
2 орын – ҚарМТУ;
3 орын – ҚарМУ.
Зияткерлік ойынның барлық қатысушыларына қатысқаны үшін сертификаттар тапсырылды. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар берілді.

2019 жылдың 14 қарашасында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті әлеуметтік серіктестермен, Қарағанды қаласы жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп "Бос орындар жәрмеңкесі"акциясын өткізді.
Бос орындар жәрмеңкесінде түлектер Қарағанды қаласының 65 ұйымы және кәсіпорыны өкілдерімен танысты, экспресс – әңгімелесуден өтті.
Компаниялардың бір бөлігі, және олардың көпшілігі бос орындары бар әлеуетті жұмыс берушілер ретінде шақырылды; студенттерді кәсіби тәжірибеге алуға дайын компаниялар болды. Басқа компаниялар университет түлектері арасында кадрлық резерв алуға келді. Мемлекеттік қызмет өкілдері алдағы уақытта мемлекеттік қызметке түлектерді қабылдау үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді: тестілеу, әңгімелесу және конкурс мәселелері бойынша кеңес берді.
http://kartv.kz/ru/archive/programs/programs_policy/news/1042823
http://1karagandy.kz/ru/news/page/1/newsid/3987
Бизнес және құқық Факультетінің Ю-19-1к тобының студенті Қарағанды қаласының «Nur Qadam» жастар сыйлығының лауреаты – Ермек Алишерді «Жылдың үздік волонтері» атты номинациясын иеленуімен құттықтаймыз.
«Nur Qadam» Қарағанды қаласының әкімінің жастар сыйлығы – кәсіби салада және қоғамдық қызметте жоғары көрсеткіштері бар жас азаматтарды қолдаудың қосымша шарасы болып табылады.
Біз Алишерге өзінің осы жетістіктерімен шектелмей, ең батыл идеялар мен жоспарларды жүзеге асыруын, белсенді өмірлік ұстанымын сақтап әлеуметтік қызметте үнемі жаңа жетістіктерге жетуін тілейміз.