2019 жылдың 29 наурызында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті және Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған жалпы білім беру мектептерінің оқушылары, колледж және жоғары оқу орындары студенттерінің қатысуымен «Жастар және Қазақстанның болашағы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның алты бағыты бойынша 400-ге жуық қатысушы өздерінің ғылыми жұмыстарын ұсынды: «Мәңгілік ел – жастардың азаматтығы мен патриотизмін дамытудың негізі, тарихи және мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелеу»; «Құқықтық ғылымның теориялық және практикалық аспектілері: қазіргі заманғы жастардың көзқарасы»; «Жастар және кәсіпкерлік: инновациялық идеялар, тәсілдер мен шешімдер»; «Жастарды рухани-адамгершілік дамыту және құқықтық тәрбиелеу мәселелері»; «Жастардың иннофациялық қызметі экономикалық өсу факторы ретінде»; «Жастар денсаулығы – еліміздің табысты болашағының негізі».
Конференцияның халықаралық деңгейі шетел студенттерінің кең аудиториясына қол жеткізуге мүмкіндік берді: Тракий университеті (Болгария), Тәжік мемлекеттік сауда университеті, Қырғыз Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің мемлекеттік комитеті институты, В.Я. Кикотя атындағы Ресей ІІМ Мәскеу университеті, Новосибирск мемлдекеттік педагогикалық университеті Ресейдің бірінші Президенті Б. Ельцин атындағы Урал федералдық университеті, Сібір мемлекеттік геожүйе және технология университеті, Башқұрт мемлекеттік университетініғ Стерлитамак филиалы, Чебоксары кооперативтік университеті.
Конференцияға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері белсенді қатысты: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясы; Қарағанды қаласының ЖОО: Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясы, Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ, ҚарМТУ; Қарағанды облысы және Қарағанды қаласы мектептерінің оқушылары мен колледж студенттері.
Конференцияға қатысушыларды жастар саясатын іске асыру, азаматтық пен патриоттықты дамыту, құқықтық мәдениет, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына жастардың инновациялық идеялары және қазіргі заманғы жастардың орнын енгізу мәселелері қызықтырды.
Су басу басқа табиғи апаттардан белгілі бір дәрежеде болжауға болатындығымен өзгешеленеді. Бұл көптеген жағдайларда су басудың уақытын, сипаты мен күтілетін мөлшерін алдын ала анықтауға, сондай-ақ шаралар қабылдау уақытында өз кезегінде су басудың салдарын болдырмауға немесе оның көлемін елеулі түрде азайтуға мүмкіндік береді.
Су басумен күреске ұзақ мерзімді жоспарлар(қорғаныс бөгеттерін, суағарлар, каналдар, суқоймаларын салу және жылсайын әзірленетін және су басу қауіпі болған кезде орындалатын, маусымдық сипаттағы іс-шаралар) бойынша жүзеге асырылатын шаралар кіреді.
ҚҚЭУ – дің «Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы Қарағанды қаласының Достық үйінде ұзақ өмір сүру орталығы үшін Наурыз мейрамына арналған «Мәңгілік Ел» жастар волонтерлік акциясын ұйымдастырды.
Достық Үйінде Ақ шаңырақ астында жиналған қауым ұзақ өмір сүру орталығының келушілері студенттермен бірге халық әндерін де, қазіргі заманғы әуенді де шырқап, күрделі емес жаттығуларды орындап, вальспен биледі. Іс-шара «Жайна» ансамблінің әнімен сүйемелденді. Студенттер, ҚҚЭУ оқытушылары қонақтарға сыйлаған мереке өте жарқын, мейірімді, нағыз көктемгі болды.
2019 жылдың 15 наурызында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Қаржы департаменті Қарағанды және облыстық мектептердің 10-11 сынып оқушылары арасында «Жеке қаржы жоспары» интеллектуалды ойын ұйымдастырды және өткізді, сондай-ақ эссе жанрындағы қашықтықтан шығармашылық байқаудың нәтижелері жарияланды. «Сандық қаржы: бүгіні және ертеңі» тақырыбында студенттерге дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Жеке қаржы жоспары» ойынының жеңімпаздары кесе, тәтті сыйлықтармен марапатталды.
«Жеке қаржы жоспары» ойынының нәтижелері:
1 орын - Қарағанды қаласы № 6 орта мектебі;
2 орын - Қарағанды қаласының № 93 гимназиясы;
3 орын - Қарағанды қаласының №5 орта мектебі.
Қатысу үшін алғыс хат келесі мектептерді қабылдады:
- № 2 орта мектеп Теміртау қаласы;
- Қарағанды қаласының № 54 мектебі.
2019 жылдың 19 наурызында стратегиялық даму Департаментінің Ресурстық орталығы ұйымдастыруымен түлектердің АҚ «ArcelorMittal Теміртау» өкілдерімен кездесу өткізілді.
Ірі өндірістік компанияның өкілдері Комарницкий Н. (қаржылық директордың орынбасары) және Роговой С. (БАЕО бастығы) студенттерді одан әрі жұмысқа орналастыру мүмкіндігі туралы ақпараттандыру мақсатымен келді. Кездесу әңгімелесу және экспресс-сұхбат түрінде өткізілді. Түлектерде өзін жан-жақты көрсетуге жақсы мүмкіндік пайда болды.
Кездесудің негізгі қорытындысы: студенттердің жартысына жуығы терең сұхбат алуға АҚ «ArcelorMittal Теміртау» шақырылды. Түлектерге әңгімелесуде сәттілік тілейміз.
2019 жылы 19 наурызда Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында "Көктем Аруы -2019"атты студенттер арасында облыстық сұлулық байқауы өтті. Бизнес және құқық факультетінің студенттері Рахметоллина Диана Ю-32к тобы және Серікбол Балжан РД-21к тобы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінің намысын қорғады. Сайыс қорытындысы бойынша 20 қатысушы арасында Серікбол Балжан 2 орынды, Рахметоллина Диана "көрмендер көзайымы"атағына ие болды. Біздің студенттерімізді құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!
Қарағанды қаласының №1 «Білім - Инновация» лицей - интернатында мектеп оқушыларының экологиялық сауаттылығын дамытуға арналған «ECOCHALLENGE» экологиялық республикалық гранттық байқауы аясында өткен іс шараға кафедра меңгерушісі х.ғ.д., профессор Байкенова Г.Г. мен х.ғ.к., кафедра доценті Оспанова Г.К. қатысып қайтты.
2019 жылдың 13 наурызында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика, бизнес және құқық колледжі базасында экономикалық теория және МЖБ кафедрасының доценті Байгуренова Мариам Ахметжановна «МН-31» тобының студенттерімен кәсіби бағдар жұмысын жүргізді. Студенттерге «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының маңызы мен оқуға түсу артықшылықтары туралы ақпарат берілді.
"Туризм және мейрамхана ісі" кафедрасында Масленица мерекесін тойлау жыл сайынғы дәстүрге айналған. 2019 жылы 4-5 Наурызда Р-12, Р-15с, Р-24с, РД-32 топтарының студенттері доцент Т. Н. Алексеенконың ұйымдастыруымен құймақ дайындау бойынша мастер-класқа қатысты.
Мастер-класс барысында Татьяна Николаевна студенттерге Масленицаны тойлау дәстүрі туралы айтып, құймақтардың түрлерін дайындаудың рецептерін таныстырды. Барлық студенттер құймақ пісірді. Мастер-класс бірлескен шай ішумен аяқталды.
2019 жылдың 5 наурызында «Достық» Коворкинг орталығы» технологиялық бизнес инкубаторы «MOST» бизнес инкубаторы ұсынған «Стартап: идеядан бизнеске дейін» курсы бойынша мастер-класс өткізді.
Іс-шараны осы курсты өткен, «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының аға оқытушысы Ибраева А.Р. және 2 курс студенттері Романов Г. мен Иристаев Н. жүргізді.
Кездесу барысында студенттермен сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.