«Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасы «Әлеуметтік «жұмыс» және «Құқық негіздері және экономика» мамандықтары студенттері арасында «Әлеуметтік жұмыс – адамгершілік бастауы» интеллектуалды студенттік конкурсын өткізді. Конкурс Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналды.
Интеллектуалды конкурс төрт кезеңнен тұрды. Онда студенттердің кәсіби деңгейін көтеру, олардың бастамашылық пен жаңашылдық шығармашылықтарын дамыту қамтылды.
Жеңімпаздар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен және «Үздік креативті шешім», «Үздік қабырға газет», «Үздік бейнеролик» номинациялар бойынша мадақталды.
27.11.2018 жылы ЭҚҚР кафедрасының оқытушылары Амантай А., Есенов Д., Хауия С. ұйымдастыруымен кәсіби бағдар жұмысын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды қаласының №65 және №102 жалпы орта мектеп оқушыларының арасында «Алғырлар» және «Алты жұлдыз» топтарының қатысуымен «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» пәнаралық интеллектуалдық сайыс ойынын өткізді.
Ойын 3 турдан тұрды. Сұрақтар биология, география, қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы пәндерінен және логикалық сауалдар болды. Оқушылар арасындағы сайыс тартысты, әрі қызықты өтті. Ойын соңында сайыс қорытындысы бойынша №65 мектеп «Алғырлар» тобы 1-орын, № 102 мектеп «Алты жұлдыз» тобы 2-орынға ие болды. Топтар арнайы диплом және сыйлықпен марапатталды.
«Жайна» хореографиялық ансамблі 2018 ж. 19-21 қарашада Санкт- Петербург қаласында(Ресей Федерациясы) «Таланттар салюті» жобасының шеңберінде өткізілген « Шығармашылық жаңалықтар» Балалар және жасөспірімдер шығармашылығының XXXV халықаралық фестиваль-конкурсына қатысып, ГРАН-ПРИ жүлдегері болды, сонымен бірге ең үздік костюм үшін бірінші дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды.
2018 жылдың 21 қарашасында «Маркетинг және логистика» департаментінің аға оқытушысы Райымбекова А.К. және көп тілді білім беру орталығының директорының міндетін атқарушы Ахметова А.А. кәсіптік бағдар беру жұмысымен Бұқар-жырау ауданында болды.
Оқушыларға университеттер туралы бейнероликтер көрсетілді, сонымен қатар факультеттер, гранттар, жеңілдіктер және оқу ақысы, жатақханалар, академиялық ұтқырлық және шетелдік жоғары оқу орындарымен іскерлік қатынастар туралы ақпарат берілді.
Мектеп оқушылары әңгімеге белсенді түрде қызығушылық көрсетіп, бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға, бюджеттік орындардың болуы мен саны мен КЭУ-де студенттік өмірдің жалпы ерекшеліктеріне қызығушылық танытты.
Қарағанды экономикалық университеті Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті қарсаңында «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасы осы датаға арнап кураторлық сағаттар, дөңгелек үстелдер, дәрістер өткізді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні 2012 жылдан бастап елде аталып өтіп келеді. Ол кездейсоқ қойылған дата емес, 1991 жылы 1 желтоқсан алғашқы сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске шықты.
Елдегі өте қиын сәттерде, яғни КСРО ыдыраған соң дағдарыстық жағдайдан шығатын жол керек болды. Осы кезде Президент елді жаңа даму жолына бастады, қазірде Қазақстан геосаяси кеңістікте маңызды орында.
Егемен Қазақстанның дамуы мен қалыптасуы, Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі ҚЭУ-де өткен кураторлық сағаттар мен дөңгелек үстелдерде әңгіме арқауы болды.
Қазақстанның жетістіктерімен Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен болашаққа сенімді қарауға лайық екенін студенттер мен оқытушылар бірауыздан қорытындылады.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің коворкинг орталығында «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы туризмді дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге «Гелиос», «Меридиан», «Керемет» туристік агенттіктерінің басшылары, сондай-ақ, «Рубин», «Космонавт», «Абиба» мейрамханалары мен қонақ үй бизнесі өкілдері қатысты.
Негізгі мәселе - туристік өнімдердің сапасын арттыру және туристік ұсыныстарды кеңейту үшін туристік фирмалардың, қонақ үйлердің, авиакомпаниялардың, көлік компанияларының азық-түлік кешенінің бірлескен күш-жігерін біріктіру.
Жыл сайын университетте мансап күні өтеді. Бұл іс-шараның мақсаты-түлектерді жұмыс берушілермен таныстыру. Мансап күніне туристік ұйымдардың, мейрамханасы және қонақ үй бизнесі, сонымен қатар кәсіпорындардың өкілдері шақырылды.
«Туризм» және «Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» мамандықтарының студенттері жұмыс берушілермен кездесуге, резюме таратуға, сөйлесуге және қызықты сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Осы оқу жылының көптеген түлектері «Гелиос», «Travel House» туристік фирмаларына, «Меридиан» ЖШС, Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, «Рубин» , «Абиба» мейрамханаларына жұмыс істеуге шақырылды.
2018 жылдың 24 қарашасында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасы Қарағанды қаласының 11 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнай «Білімділер сайысы» деген зияткерлік олимпиадасын өткізді. №83 орта мектебінің оқушылары 1-ші және 2-ші орын және №77 орта мектебінің оқушысы 3-орынға иеленді.
Enactus KEUK командасы 22-23 қараша аралығында Алматы қаласында өткен «Top To Future Top Leadership Forum» жыл сайынғы бизнес-форумға қатысты. Бұл форум бизнес-көшбасшылардың ісін жаңа бастаған кәсіпкерлермен іскерлік қарым-қатынасының заманауи форматын білдіреді. Бизнес-форумның негізгі мақсаты Enactus ұлттық және әлемдік Кубоктарында ұсынылатын бәсекеге қабілетті бизнес-жобаларды дайындау болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентының жыл сайынғы Жолдауы еліміздегі маңызды саяси оқиғалардың бірі болып табылады. 2018 жылдың 5 қарашасында тауартану және сертификаттау кафедрасының оқытушылары Б.Н. Каримова мен М.С. Абзалбек С-22ск, ТПП-21к, С-31к топтарымен бірлесе отырып «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын талқылады.
Қазақстан халқына кезекті жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері мен қазақстандықтардың әл-ауақытн әрі қарай арттыру міндеттеріне арналған. Талқылау барысында қазақстандықтардың әл-ауқатын дамыту бойынша 6 басымдық аталды.