«Есеп және аудит» және КЭБП ҚҚЭУ бейінді мамандық студентеріне «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы 7 қазан күні 2016 жылы кәсіптік бағдар және тәрбие жұмысы жайлы іс-шара өткізілді.
«Бухгалтер күніне» арналған іс-шаралар келесі бағдарламаға сәйкес өтткізілді:
1) Салтанатты ашылуы «Дана үкі бухгалтерлік есеп-2016» (105 ауд.). Кіріспе сөз экономика ғылымдарының кандидаты, профессор «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі Мадиева Құралай Сагнаевнаға берілді.
2) «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс магистранттары бухгалтер мамандығы жайлы презентация және бейнероликтер көрсетті.
3) ЭБҚК ҚҚЭУ студенттеріне арналған «Эрудит» атты викторина өткізілді.
4) «Дана үкі бухгалтерлік есеп-2016» номинанттары мен лауреаттарын дипломмен марапаттады.
«Бухгалтерлік есеп және аудит»
кафедрасының кәсіптік бағдар беру
жұмысы бойынша жауапты
магистр, аға оқытушы Сабирова М.А.
2016 жылдың 6 қазанында Қарағанды экономикалық университетінде қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен Тілдер күніне арналған «Тіл – халықтарды біріктіретін күш» атты мерекелік іс-шара болып өтті.
Мерекелік кештің негізгі мақсаты – тіл мәртебесін көтеру, студенттердің бойында Отанға, мемлекеттік тілге және жалпы тілдерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін қалыптастыру, патриоттыққа, Отан алдындағы жауапкершілікке тәрбиелеу.
Жыл сайын туризм және мейрамхана ісі кафедрасы Дүниежүзілік туризм күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырады. Биыл үшінші жыл болып кафедра оқытушылары М.В. Бедельбаева және А. А.Гарипова Астана қаласына Халықаралық туристік көрмеге қатысуды ұйымдастырды. Осы жолы көрмеге 57 студент қатысты. Көрмеге қатысу мақсаты күздік-қыстық маусымның тенденцияларымен танысу, кәсіби біліктіліктерін жетілдіру, туристік кәсіпорындардың қызметтері туралы ақпарат алу. Биылғы жылғы көрмеге қатысу ерекшелігі, Тур-23с\к тобының студенті Насипбеков Бектен ұтыс кезінде «Зеленый бор» санаторийіне сыйлық сертификатын ұтып алды.
Және де студенттер сапар барысында Астана каласындағы ұлттық мұражайына барды. Студенттер сапар барысында ұмытылмас әсер алды.
Әлемде ерекше құрметке лайық мамандықтар бар. Дәл осы мамандық біздің күнтізбеде ерекше атап өтуге лайық. Жыл сайын Бизнес және Құқық факультеті бұл мерекені ерекше атап өтеді. Биыл 4 Қазанда мерекені тойлау Өзін өзі басқару күнінің ресми ашылу салтанатымен басталды. Салтанатты түрде Факультет деканы, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері өз міндеттерін атқарушыларға тапсырып, қол алысты.
Біздің оқытушылар мерекелік көңіл күй мен күш жігерге толы болсын! Оқытушы дегеніміз болашақ ұрпақты өз ізімен ерткен асыл тұлғалар.
«Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығының Тур-24с, Тур-22 топтарының студенттері Дорченко Е.Д., Кантрабаева А.С., Геращенко В., Малютина А. 2015-2016 оқу жылының 2-ші семестрінде Белгород мемлекеттік ұлттық университетінде академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқуларын аяқтады. Оқу соңында студенттер сапар барысында, оқу бағдарламасынан алған көз-қарастары мен әсерлерімен бөлісті.
Студенттер осындай мүмкіндік береген университі ректоры Ерқара Балқараұлына алғыстарын білдіреді.
Қарағанды экономикалық университетінде «Туризм және мейрамхаан ісі кафедрасы» студенттері мен магистранттарының қатысуымен 29-шы қыркүйек 2016 жылы «Қазақстан туризм индустриясы дамуының әлеуметтік-экономикалық мәселелері» атты ҚР-ң тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған студенттік конференциясы өтті. Конференцияда 30-дан астам баяндама тындалды.
Баяндамалар казақ тілі мен орыс тілдерінде баяндалды. Белсенді студенттерге дипломдар мен мақтау қағаздары берілді.
Конференцияны материалдары ғылыми еңбек жинағында жарияланады.
29.09.2016 ж МҚБ «PosadiDerevo» қол қойылған меморандум аясында БҰҰДБ өкілдері «ҚР қалаларында су тұтынуды азайту үшін халықты хабардар ету кешенді шаралары» атты тақырыпта дәрістер өткізілді. «Экология» мамандығы мен «Бағалау» мамандығының студенттері қатысты.
28.09.2016 ж. туризм және мейрамхана ісі кафедрасы Дүниежүзілік туризм күніне арналған туристік-спорттық эстафета ұйымдастырды. Эсафетаға «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтарының студенттері белсенді қатысты.
Туристтік-спорттық эстафета 3 кезеңнен тұрды: команданы таныстыру, эстафетаның спорттық кезеңі, өлкетану бойынща сұрақтарға жауап беру.
Туристік-спорттық эстафета нәтижесі бойынша келесі орындар анықталды:
1-ші орын - «Пума» командасы (Тур-14с тобының студенттері);
2-ші орын –«Сапар тур» командасы (Тур-11к, Тур-13с/к топтарының студенттері);
3-ші орын – «Қар барысы» (Тур-21к тобының студенттері), «Bonifase» командасы (РД-12 тобының студенттері).
27.09.2016 ж. «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасы «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» студенттерінің 1-ші курс студенттеріне арнап «Халықаралық тәжірибе және академиялық мобильділік» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарда Самарақандта халықаралық тәжірибе, Алматыта оқу-жаттықтыру тәжірибесін өткен және де академиялық мобильділік бағдарламасына (Венгрия, Чехия, Латвия, Белгород) қатысқан студенттер дайындаған материалдарына презентация жасады.
Студенттер «Туризм» білім бағдарласы бойынша тәжірибе өту ерекшеліктері туралы, «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтары бойынша академиялық мобильділік бағдарламасы шегіндегі шетелдегі оқу мүмкіндіктері жайлы баяндап берді.
Студенттер университет ректорына Е.Б Аймагамбетовке осындай тәжірибеден өтуге, шетелде оқуға мүмкіндік берген үшін алғыс білдіреді.
25.09.2016 ж. ҚЭУҚ «Экология және бағалау» кафедрасының "ЭКО Life" ғылыми-интеллектуалдық студенттер ұйымы «PosadiDerevo.kz» МҚБ - мен бірлесіп «Березняки» санаториында ағаш отырғызды.