2016 жылдың 8 желтоқсанында Қазтұтутынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушылары Қарағанды қаласының орта-білім беретін мектеп түлектерінің арасында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Көңілді старт» ойындарын өткізді.
«Көңілді старт» бағдарламасы ешкімді жалықтырмайтындай етіп ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары өздерінің барлық спорттық шеберліктерін, ептіліктерін, жылдамдықтарын, физикалық дайындықтарын көрсетті.
Ойын қорытындысы бойынша І орынды - № 81 ОБМ, ІІ орынды - № 54 ОБМ, ІІІ орынды - № 83 ОБМ, № 66 ОБМ (аралас командалар) алды.
Ойынның салтанатты жабылуында барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және мадақтамалармен марапатталды, ал жеңімпаз команда № 81 ОБМ-не ректор Кубогы тапсырылды.
December 8, 2016 the teachers of physical training department of Karaganda economic university of Kazpotrebsoyuz performed «Funny start» games among the 11-th grade of secondary schools of Karaganda city. Funny start were dedicated to the 25-th of anniversary of independence the Republic of Kazakhstan.
The pupils showed their sport skills, flexibility, speed abilities, physical preparation.
According to the results the first place was given to school 81, secont place to school 54, third place to school 83 and 66 (mixed teams).
All the winners were handed diplomas, different certificates of awardance and the winners were awarded with the rector 's Cup.
06.12.2016 ж. «Тауартану және сертификаттау» кафедрасында 5В073200 «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша 1 және 2 студенттеріне арналған «Сапалы өнім - жарқын өмір үшін»
атты ашық тәрбиелік іс- шара өткізді.
«Сапалы өнім - жарқын өмір үшін» атты ашық тәрбиелік іс- шара мамандық презентациясы үлгісінде өткізілді. Іс-шараның мақсаты «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы туралы көрсетілімді үлгілендіру.
2016 жылдың 8 желтоқсанында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Қазіргі Орталық Азия елдеріндегі әйелдердің жағдайын жақсарту» тақырыбында «БҰҰ Бас Ассамблеясының моделі» рөлдік ойыны өткізілді. Ойын нәтижесінде 15 делегация ішінен Қарағанды экономикалық университетінің «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері Горная М. и Евсюкова Ю. «Үздік делегация» номинациясын жеңіп алды.
2016 жылы 7 желтоқсан күні ҚҚЭУ «Халықаралық қатынастар» мамандығының ІІ курс студенті Есен Гүлдәурен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және бүкіләлем тарихы мен халықаралық қатынастар кафедрасының 50 жылдығына арналған «Бүкіләлем тарихы мен халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда үздік баяндамасы үшін І орынды иеленді.
Есен Гүлдәуренді жеңісімен құттықтаймыз.
December 7, 2016 the student of the 2nd course of the specialty "International relations" of Karaganda economic university EsenGuldauren won the 1st place at the Republican scientific-practical conference "Actual problems of the world history and international relations" which was held in Karaganda State University named after E.A. Buketov. The conference dedicated to the 25th anniversary of the Independence of Kazakhstan and the 50th anniversary of the department of the world history and international relations of KSU.
Қазақстан Республикасы Тәуеліздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылдың 08 желтоқсан күні экономикалық теория және мемлекеттік, жергілікті басқару кафедрасының ұйымдастыруымен «Нұрлы болашақ» тақырыбы аясында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл кезеңінде жеткен ең маңызды жетістігі» резолюциясы бойынша интеллектуалды пікір-сайыс ойыны өткізілді. Интеллектуалды пікір-сайыс ойыны АПФ (Америкалық парламенттік формат) бойынша өтті. Қатысушы студенттер өзара пікір алмасып, Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік саласындағы өзгерістер бойынша маңызды және құнды ақпараттарға ие болды. Ойынға қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.
2016 жылдың 8 желтоқсан күні Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасы дінтанушы, Қарағанды облысы әкімінің дін бойынша кеңесшісі, «Нұрлыбілім» деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету Орталығы төрағасының орынбасары Сыздықов Рүстем Мәлікұлының «Діни-ынталанған экстремизм мен халықаралық терроризмге қарсы профилактикалық іс-шаралар» тақырыбында дәріс өткізді
Шетел және орыс тілдері кафедрасы «КӨПТІЛДІ ЖАС ТҮЛЕК» атты тілдік Олимпиаданы жүргізді. Олимпиадаға Қарағанды және Саран қалаларынан 19 мектеп пен гимназияларынан 50 оқушы қатысты.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды: 1) қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша лексикалық және грамматикалық тест (әр тілге 10 сұрақ). Бірінші кезең нәтижесі бойынша тестілеуде ең жоғары ұпай жинаған 8 оқушы 2 кезеңге өтті.
Екінші кезең – таңдап алынған тақырып бойынша сөз сөйлеу. Бұл кезең құзыретті әділ – қазылар құрамымен бағаланды: ф.ғ.к., профессор Аубакирова Г.Т., п.ғ.к., доцент Мукушева Г.Р., п.ғ.к., доцент Ускенбаева С.Т., магистр, оқытушы Абдрахманова С.Т.
Екі кезеңнің нәтижесі бойынша келесі оқушылар марапатталды:
1 орын – Ахметова Жансая (№ 76 ЖББОМ);
2 орын – Юркив Екатерина (№ 93 гимназия);
3 орын – Абилова Даяна (№ 36 ЖББОМ).
Шетел және орыс тілдері кафедрасының оқытушылары Базарбаева Л.Т., Гайнутдинова Г.Ф. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында 1 курс студенттері арасында викторина жүргізді. Викторина сабаққа дайындалуға, шығармашылықты дамытуға, демалуға барлық мүмкіндіктер бар студенттер тұратын жатақханада өтті. Мемлекеттік рәміздер бойынша сайыс интерактивті түрде өтті және студенттер тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері және тарихы бойынша жақсы білімдер көрсетті.