Волейболдан құрама команданың студент қыздары Қарағанды қаласындағы «Студенттік Лиганың» екі дүркін чемпионы атанып, өз университетінің 50 жылдық мерейтойына, шынында да лайықты сыйлық тарту етті.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің, ҚарМТУ-нің, «Болашақ» университетінің және Орталық Қазақстан Академиясының құрама командаларын айқын жеңген Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студент қыздары, Қарағанды облысындағы үздік команда болып саналатына және Қазақстан Республикасының үш үздік студенттер командаларының қатарына кіретінін көрсетті.
Дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы Матушкин Геннадий Юрьевич құрама команданы, университеттің мерейтойына лайықты тарту жасау үшін жеңіске жетелей білді.
2016 жылдың 26 сәуірінде бизнес және құқық факультетінің ұйымдастыруымен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерейтойын тойлау шараларының шегінде «Екі жұлдыз» вокалдық сайысы өтті. Шараға үш факультеттен 5 жұп өздерінің екі вокалдық өнерін ұсынды. Сайыс нәтижесінде «Маркетинг и логистика» кафедрасының оқытушысы Мухаметжанова З.Б. және ИС 21к тобының студенті Кабдрашев Казбек жүлделі бірінші орын дипломын иеленді. Көрермендер көңілінен шыққан жұп - ЭҚҚР кафедрасының оқытушысы Сарбасов Б.А. және гр.Ю-31к тобының студенті Исабаева Алима. «Дәлме дәл» номинациясы «Шет тілдері және орыс тілі» кафедрасының оқытушысы С.Т.Абдрахманова және МО-23к тобының студенті Токе Кадыршаға бұйырды. «Ең үйлесімді жұп» номинациясы бойынша «Экономикалық теория және жергілікті мемлекеттік басқару» кафедрасының оқытушысы Аркенова Ж.Р. және МЭ-22с тобының студенті Нугманова Ұлжан үздіктер атанды. «Ең креативті жұп» номинациясының үздіктері - ЭҚҚР кафедрасының оқытушысы Амантай Абдулла және Ю-11к тобының студенті Тусупова Назерке. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен және дипломдармен марапатталды.
26.04.2016 ж. адамгершілік-патриоттық тәрбие жұмысы шеңберінде «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының магистрлері, аға оқытушылар Мусаева Э.А. мен Назаров Е.Ж. МО-11к, МО-23к, МО-31к, МЭ-31к (46 студент) топтары мен академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Ресей (2 студент) мен Тәжікстаннан (4 студент) келген студенттерге арнап Карлаг мұражайына саяхат ұйымдастырды.
Шетел және орыс тілдер кафедрасының ұйымдастырылуымен 27.04.2016 күні сағат 1 курс студенттері арасында жыл сайынғы тілдік олимпиада өткізілді.
2016 жылдың 27 сәуірде шетел және орыс тілдері кафедрасының оқытушылары Лапина И.В. және Нуркеева Б.А. ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін үздік білімдерін іс-шара өтті. Бұл іс-шарада Ю-11к, Ф-11к, MЭ-11 студенттері қатысты.
25.04. 2016 ж. шетел және орыс тілдері кафедрасының оқытушылары Базарбаева Л.Т және Гайнутдинова Г.Ф. ұйымдастыруымен ашық кураторлық сағат «Қазақстан жастар есірткісіз өткізді. Бұл кураторлық сағат МЭ-21, МЭ-32 топтарының арасында өтті.
2016 жылдың 16 сәуірінде Қарқаралы ауданы бойынша кәсіби бағдар жұмысына жауапты оқытушылар Зұлхарнай А.Н., Нуркеева Ю.А. және Жар Ж.Ж. Қарқаралы ауданы мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында алты пән бойынша (ағылшын тілі, биология, дүниежүзі тарихы, география, физика, химия) олимпиада өткізді.
Аталмыш олимпиадаға Қарқаралы ауданың 8 мектебінен жалпы саны 44 оқушы қатысты.
«Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан құқықтық жандандырулар жағдайында «Құқықтану» және «Кеден ісі» мамандықтарының студенттері мен магистранттарына тәжірибеге бейімделген білім берудің дамуының алғышарттары және өзекті мәселелері»
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
20 сәуір 2016ж., 14.00, конференцзал (104 ауд.)
Дөңгелек үстелді өткізу мақсаты: Тәжірибеге бейімделген білім беруді дамытудың өзекті сұрақтарын талқылау.
2016 жылы 1-ші қараша мен 20-шы желтоқсан аралығында Тур-22 тобының студенттері А.В. Сероухова мен С.К. Судоплатов сырттай формада өткен туризм бойныша Халықаралық студенттік олимпиадаға қатысты. Нәтижесі бойынша олар келесі турға өтіп, ары қарай финалға қатысуға шақырылды. Қорытынды этап 2016 жылы 20-шы сәуірде Казан қаласында, Поволжск дене шынықтыру, спорт және туризм мемлекеттік академиясында өтті. Онда біздің студенттер қатысып, қорытыны турдың нәтижесі бойынша, А.В. Сероухова, бесінші орынға иеленіп, диплом алды.
Студенттер университет ректоры Е.Б. Аймагамбетовке Казан каласындағы туризм бойныша Халықаралық студенттік олимпиадаға қатыстуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді.
Қарағанды экономикалық университеті «Номад» командасын 2016 жылы 21-22-ші сәуір аралағында өткен VIII-ші Республикалық туризм бойынша студенттің олимпиададан 3-ші жүлделі орын алғандарымен құттықтаймыз!
«Туризм» мамандығы бойынша Тур-32 тобының студенттері Алдангаров Казбек, Корытников Павел және Тур-35с тобының студенті Каримов Азат, Тур-22 тобының студенті Беднова Ангелина және Тур-24с тобының студенті Трупякова Светлана қатысты.
Жарыс «Жосалы» санаторий-шипажайы базасында өтті, қатысушылар туризмнің белсенді түрлері бойынша сайысты.
Және де Тур-32 тобының студенті Алдангаров Казбекті олимпиадының 3-ші туры «EXPO-2017 көрмесі өткізу алдында туристік дестинация ретінде ҚР-ң BrandBook-ын» құрастыруда ең үздік ретінде танылып, «Пулково» авиакомпаниясының сыйлық сертификаты ұсынылды.
Туризм және мейрамхана ісі кафедрасының А.А. Гарипова 11-15-ші сәуір аралығында Будапешт қаласындағы Яноша Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдары университетіндегі 6-шы халықаралық апталық және ERASMUS+international credit mobility конференциясына қатысып, «Туризм» мамандығы бойынша Венгрия және т.б. елдеріндегі студенттерінің қатысумен 8 сағаттық көлеміндегі дәріс оқыды.