«Жастар арасында жанжалдар. Жақтаушылар мен қарсылар»

«Жастар арасында жанжалдар. Жақтаушылар мен қарсылар»2016 жылдың 17 наурызында сағ. 17.00-де № 3 жатақханада шетел және  орыс тілдері кафедрасының оқытушылары Жунусова А.К. және Махаева А.К. ұйымдастыруымен «Жастар арасында жанжалдар. Жақтаушылар мен қарсылар» атты іс-шара өткізілді. Бұл  іс-шара  ЭКО-12k, ТПП-12k, ОПЕК-11к, Э-11к топтарының арасында дебат түрінде өтті. Қызу пікірталас барасында басты  өзекті мәселелер қарастырылды.

Конкурс «Әкем, анам және мен – спорттық және жігерлі отбасымен»

Конкурс «Әкем, анам және мен – спорттық және жігерлі отбасымен»2016 жылдың 16 наурызында ҚҚЭУ де Наурыз мейрамын тойлау іс-шаралары аясында «Папа, мама и я – дружная спортивная семья» атты конкурс өтті. Ұйымдаструшылар алқасы ЖІК, Есеп қаржы факультетінің «Маркетинг және логистика» кафедрасы.
Жарыс мақсаты:
− Отбасының салауатты демалысын ұйымдастыру;
− Балалардың дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықтарын қалыптастыру;
− Ептілік, күш, шапшаңдық, белсенділік,зеректілікті қалыптастыру;
− Мейірімділік пен ұйымшылдық сезіміне тәрбиелеу ;
− Бірлескен жұмыс кезінде жақсы көңіл-күйді көтеру.
Спорттық шараға төрт отбасы қатысты:
1. Қытай орталығынан келген отбасы: Ян Дэ-Си, Чернецкая Ольга Степановна - немересі Лю Мишель;
2. Польяк орталығынан келген отбасы: Генрих және Любовь Срока, қызы Габриела;
3. Украин орталығынан келген отбасы: Витвицкий Александр Степанович, Витвицкая Анастасия – ұлдары Витвицкий Степан;
4. Мемлекеттік қызмет Департаментінен келген отбасы: Руслан және Асель Беляловтар ұлдары Арсланмен.

ҚЭУҚ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ

2016 жылдың 17 наурызында 16.00 сағатта «Достық» Коворкинг-орталығында студенттік жобаларға қатысушылардың жиыны болды. Ұйымдастырушысы:Экономикалық және құқықтық ғылыми-зерттеулер институты.

Мұнда ҚЭУҚ студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі дамыту және белсендіруге қатысты сұрақтар, сондай-ақ өздерінің жобаларымен жұмыс істеу барысында кездесетін қиындықтар мәселелері талқыланды.

«Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының ашық есіктер күні

12-ші сәуір 2016 жылы «Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы «Ашық есіктер күні» іс-шарасын өткізді. Аталмыш іс-шара барасында «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесінің менеджменті» (384 ауд.) және Менеджмент және сервис № 232 кабинеттерінде «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығының презентациясы өтті, онда мамандықтың қазіргі еңбек нарығындағы сұранысы туралы айтылды. Ал «Белсенді туризм турлерінің техникасы мен тактикасы» (383А ауд.) кабинетінде «Туризм» мамандығының презентациясы өтті, және де біздің студенттер арнайы туристік құралдарды көрсетілді.

Олимпиадасының

Олимпиадасының27.02.2016 Есеп-қаржы факультеті «Ақпараттық-есептеуіш кафедрасы» кәсіби бағыт жұмысы бойынша Қарағанды және облысының техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының оқушыларының арасында информатика бойынша пәндік олимпиадасын өткізді.
Жезқазған, Балхаш, Абай, Теміртау қалаларының 14 оқу орындарынан оқушылар қатысты.
Информатикадан олимпиадасының қорытындысы бойынша жүлдегерлер келесі орындарға ие болды:

Болашақ лидер

Болашақ лидер03.03.2016 жылы № 62 ОЖБМ-де кәсіптік бағдар жұмысы бойынша «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушылары К.Қ. Ибитанова мен А.А. Букенова және студенттер Шевченко Оксана мен Ким Марина 11 сынып оқушылары арасында интеллектуальдық ойын өткізді.

Кәсіби бағдарлық жұмыс

Кәсіби бағдарлық жұмыс03-ші наурызда 2016 ж. Туризм және мейрамхана ісі кафедрасының оқытушылары А.К.Жуспекова, А.А. Маймурунова және Банк ісі кафедрасының оқытушысы А.Т. Идирисова Қарағанды банк колледжінде кәсіби бағдарлық жұмыс жүргізді. Директордың орынбасарымен Т.Я Литвиновамен кездесіп, бітіруші курс студенттерімен әңгіме жүргізілді. Университет мамандықтары туралы анықтама беріліп, сұрақтарына жауап берілді және ҚҚЭУ буклеттері таратылды. Және де Туризм және мейрамхана ісі кафедрасының ашық есіктері күніне шақырылды.

«Қарағанды экономикалық университетіне – 50 жыл»

«Қарағанды экономикалық университетіне – 50 жыл»Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саяси пәндер» кафедрасы ҚҚЭУ-нің 50 жылдығына арналған «Қарағанды экономикалық университетіне – 50 жыл» атты іс-шара ұйымдастырды.
Конференция кафедраның ПОҚ мен барлық мамандық студенттерінің қатысуымен өткізілді.
Іс-шара барысында ӘЖ және ӘСП кафедрасының ардагер оқытушыларының дайындаған «ҚҚЭУ: кеше, бүгін, ертең» және «50 жыл: ӘЖ және ӘСП кафедрасына арналады» атты бейнероликтер көрсетілді.

Жастар дауысы – ел болашағы!

Жастар дауысы – ел болашағы! 2-ші наурыз 2016 жылы ҚР-ң Парламенті сайлауына алғаш қатысатын бірінші курс студенттері үшін ҚР-ң Президенті шәкіртақысының иегерлері
Рыстай Айсулу және Наутбаева Уміт «Сенің даусың – сенің болашағың!!!» атты тақырыпта презентация дайындап өткізді. Бизнес және құқық факультетінің студенттері Тур-11к, Тур-13 с\к, РД-11к, ОПЭК-11к, ТД-11к жуырда болатын сайлау туралы ақпаратты қызығушылықпен қабылдап, елдің болашағы әрбір сайлаушыға байланысты екенін атап айтты.

Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел2016 жылдың 1-наурызында Экономика және басқару факультеті мен Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын талқылауға арналған «Мәңгілік ел – қазақ халқының ұлттық идеясы» атты дөңгелек үстел пікірсайысы болып өтті.
Дөңгелек үстел пікірсайысына:
1. №39 гимназиясының 11 сынып оқушылары
2. №76 Жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешенінің 11 сынып оқушылары
3. №77 Жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешенінің 11 сынып оқушылары қатысты.
Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін айтты.
Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Платиналық дәріс

Платиналық дәріс29.02.2016ж сағ 11:00де 303Б аудиториясында «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Ибитанова К.К. тәжірибе өту базасынан тәжірибелік қызметкерді, яғни Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының бизнес-кеңесшісі Жумашев Тлепбек Мазимовичтің қатысуымен«АӨК кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында дәріс жүргізді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus