ISMA университеті оқытушысының ҚЭУ-не іс-сапары
2016 жылы 4 және 8 сәуір аралығында университетте ISMA университетінің (Рига, Латвия) өкілі Сниедзе Йома басқарудың нақты мәселелері бойынша ағылшын тілінде дәріс оқыды.
2016 жылы 4 және 8 сәуір аралығында университетте ISMA университетінің (Рига, Латвия) өкілі Сниедзе Йома басқарудың нақты мәселелері бойынша ағылшын тілінде дәріс оқыды.
2016 жылы 24 және 27 наурыз аралығында университетте Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті (Ресей) өкілдері э.ғ.к., доцент Шевченко Наталья Владимировна, экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелері жөнінде, сондай-ақ, ф.ғ.к., доцент Гуляев Иван Иванович: "Еуразиялық кеңістік қазіргі заманғы әлеуметтік-саяси жүйесінің бірегей аймағы ретінде" тақырыбында дәріс оқыды.
2016 жылы 14 сәуірде «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының магистрі, оқытушы Шукушева Е.В. «Көпжақты дипломатия» пәні бойынша «Әлемдік мәселелер және көпжақты дипломатия» тақырыбында МО-24с, МО-32, МО-33, МЭ-32 топтарында ТОӨЖ сабағын өткізді.
2016 жылдың 12 сәуірінде «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының магистрі, аға оқытушы Г.У. Талимова Ф-11ск, УА-21ск, ГМУ-22к және МО-31к топтарында «Халықаралық экономика» пәнінен «Халықаралық экономикалық интеграция» тақырыбында ТОӨЖ сабағын зияткерлік ойын түрінде өткізді.
Кафедра МЭ и МО поздравляет к.ф.н., доцента Егизбаева Сансызбай Кармысовича!
Сегодня юбиляру 70!
Этапа жизни предварительный итог.
Как много Вами сделано,
И сколько пройдено дорог.
Мы с искренностью и восхищением,
Хотим Вам пожелать,
Здоровья, долголетия,
И оптимизм свой не терять,
Шагать по жизни бодро,
Беды и горестей не знать!
2016 жылы 13 сәуірде № 206 аудиторияда аға оқытушы Г.М. Байгожина Smart трибунасын пайдаланып «Foreign policy of the Republic of Kazakhstan» пәні бойынша «Kazakhstan and the European Union» тақырыбында МО-24с, МО-32, МО-33 топтарында лекциясын өткізді.
Жоғарғы оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаменті 4 және 15 сәуір аралығында Қарағанды Экономикалық Университет Қазтұтынуодағы негізінде «Сот сараптама орталығы» жұмыскерлеріне арналған «Азық – түлік емес тауарларға сот – сараптама тауартану зерттеу» атты біліктілікті көтеру курсын ұйымдастырды.
Аталған біліктілікті арттыру курсын Қазақстанның аймақтарынан жиналған 15 сот сарапшылары өтті. Атап кетсек : Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан.
Курстық іс-шараға з.ғ.д., «Жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасы» профессоры Ханов Т.А. э.ғ.д., «Маркетинг және Логистика» кафедрасының профессоры, э.ғ.к., «Экология және бағалау» кафедрасының доценті Мажитова С.К., х.ғ.к., «Тауартану және сертификация» кафедрасының аға оқытушысы Исабаева Г.М. тартылды.
Курс соңында тыңдаушыларға курсты ойдағыдай өткен ретінде сертификат таратылды. Тыңдаушылар өткізілген лекциялардың, лабораториялық сабақтардың өткізілуінің жоғары сапасын және курстың ұйымдастырылуын жоғары бағалады.
Алматы технологиялық университетінде 2016 ж. 14-15-ші сәуір аралығында ҚР ЖОО «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандықтарының студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті. Біздің университеттен келесі студенттері қатысты: Наутбаева Умит, Микадзе Лия, Александрович Анна. Жалпы олимпиадаға Қазақстанның әр қалаларынан: Алматы, Астана, Караганда, Атырау, Актобе, Кокшетау, Шымкент, Тараздан келген 10 команда қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша ҚҚЭУ студенттерінен құралған команда аға оқытушы Аешова НургульТемиртаевна жетекішілігімен 2-ші орын алып, ІІ-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал Александрович Анна жеке есепте ІІ-ші дәрежелі дипломға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз әжәне жаңа табыстар тілейміз!
Тауартану және сертификаттау кафедрасы 15.04.2016 жылы Қарағанды мектептерінің бітіруші сыныптардың оқушылары арасында физика және химия бойынша пәндік олимпиада өткізіді№
Апталықтың өту мақсаты: «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығын популяризациялау, ҚҚЭУ түсу үшін колледж студенттерін «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығына профориентациялық жұмыс.
Қатысушылар: «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығын студенттері, Қарағанды қаласының мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі индустриясының өкілдері және Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасының өкілдері.
ҚҚЭУ апталықты өткізудің нәтижесі: кафедрамен колледждің, қонақжайлылық индустриясының тәжірибелік жұмыскерлерімен байланысты нығайту, ҚҚЭУ болашақ абитуриенттерді қалыптастыру.
Чернобыль АЭС жан түршігерлік апат болған күннен 2016 жылғы 26 сәуірде 30 жыл өтті. Оның салдарын жоюға 34 000 қазақстандықтар қатысты, олардың 2000 - қарағандылықтар. Қазіргі уақытта, толық емес деректер бойынша, республикада 7000-ға жуық жоюшы-чернобыльдықтар тұрады.
2016 жылғы 13 сәуірде Чернобыль АЭС болған апаттың 30-жылдығына арналған «Чернобыль-Семей ардагерлерінің Қарағанды облыстық одағы» қоғамдық бірлестігі мүшелерінің ҚЭУ студенттері мен ҚЭБК оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге қатысқандар: Дуда Янис Болеславович – отставкадағы генерал-майор, Малыш Николай Николаевич – Кеңес мүшесі, Баекенов Мейрамбек Каримович – қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Минин Виктор Михайлович – журналист.
Шараның мақсаты - өз өміріне, денсаулығына қауіп төндіре, ядролық қайнаған ортасына тап болып, апаттың салдарын жойған батыл азаматтардың мысалында жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Студенттерге Чернобыль апаты туралы фильм көрсетіліп, қонақтар - сол ұмытылмайтын оқиғаның қатысушылары - апат салдарларын қалай жойғандарын, қандай қиындықтардан өткендері туралы айтты.
Студенттер қонақтарға алғыстарын білдіріп, университеттің символикасы бар сувенирлер мен гүл шоқтарын сыйлады.