2015 жылдың 27 ақпанында, Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) жылын мерекелеу шеңберінде, «Этникааралық және конфессияаралық толеранттылық – Қазақстан тұрақты дамуының негізі» атты ҚХА-ның 20 жылдығына арналған, Қазақстан ұлттары Ассамблеясы Хатшылығы өкілдерінің, этно-мәдени бірлестіктердің, Қарағанды облысы ҚХА ғылыми-сараптау мүшелерінің, студенттік жастардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде құттықтау сөзімен тарих ғылымдарының докторы, профессор Абилов Қ.Ж. шықты.
015 жылдың 26 және 27 ақпанында Қарағанды экономикалық университеті негізінде, Қарағанды обылысының аумақтық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан жас кәсіпкерлерінің ассоциациясы көмегімен, жастар ортасында бизнеске деген белсенділіктің өсуіне жағдай жасау мақсатымен II облыстық «Жас кәсіпкерлер форумы» өтті. Форум шеңберінде «ҚЫС» атты бизнес-жобалар конкурсының қорытындылары шығарылып, жеңімпаздар марапатталды. Жалпы жүлделі қор 1 000 000 теңгені құрады. Комиссия жұмысы қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, олардың ішінде 1 орынды «Газобетон» жобасы (500 000 теңге), 2 орынды «Дарабоз» жобасы (300 000 теңге) және 3 орынды «Футбол в шарах» атты жобасы иеленді (200 000 теңге). Сонымен қатар, Бизнес-мектепте оқуға құқық беретін сертификатын № 101 лицей-мектеп оқушысы Божбанов А. алды.
28 ақпан күні ҚЭУ Абай, Ақтоғай аумақтары мен Саран қ. мектептерінің 11 сынып оқушыларына арналған ақысыз сынақ тестілеу өтті.
Тестілеуге барлығы 330 оқушы қатысты!
1 орын: Гребенюк Дарья Дмитриевна (№ 46 ЖББ ОМ) – 90 ұпай
2 орын: Рустамбекова Диана Шамильевна (Ғ.Мұстафин атындағы №83 ЖББ ОМ) – 86 ұпай
3 орын: Мейрамов Алимжан Кайржанович (№1 Гимназия) – 74 ұпай
4 орын: Акимжанова Камилла Камаловна (№1 Гимназия) – 72 ұпай
5 орын: Бараева Женевьева Евгеньевна (Ғ.Мұстафин атындағы №83 ЖББ ОМ) – 70 ұпай
Академиялық мобильділік шеңберінде «Маркетинг және логистика» кафедрасының аға оқытушысы, «Маркетинг және логистика» кафедрасының магистрі Валеева В.З. ҚарМТУ ОП-12-5 тобының студенттеріне 1 академиялық мерзім ішінде 2014-2015 оқу жылының 2 семестрі бойы «Саланы логистикалық басқару» атты пәнінен сабақ береді.
Академиялық мобильділік шеңберінде «Маркетинг және логистика» кафедрасы э.ғ.д., профессор Борбасова З.Н. және кафедра аға оқытушысы, магистрі Рабазанова А.А. ҚарМТУ МЭ-13-2 тобының студенттеріне 1 академиялық мерзім ішінде 2014-2015 оқу жылының 2 семестрі бойы «Қызметтер көрсету саласында баға мен бағаны қалыптастыру» атты пәнінен сабақ береді.
2015 жылдың 21 ақпанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу және физикалық тәрбиелелеу кафедраларымен Қарағанды қ. мектептері мен колледждері оқушыларына арналған воллейбол бойынша жарыс өткізілді. Суретте Жеңімпаз команда – Банк Колледжінің Құрамасы.
16 ақпан күні «Парасат» СҒҚ «Экономиканың түрлі салаларындағы Қазақстан Республикасының мәселелері» атты тақырыбына арналған дөңгелек үстелеін өткізді. Бұл шараға қатысқан УА-13 тобының студенттері Хазина Ляйсан мен Токтарова Асель көлік, мұнай және газ индустрияларындағы мәселелерді талқылап, олардың шешімдерін ұсынды. Одан басқа, Калибева Найля халықтың кедей тұрмыстық жіктері мәселелерін талқылады, Женисбекова Айнур Қазақстаннның туристік саласын қазіргі дамуына арналған баяндамасын таныстырды. Қатысушыларға үлкен рахмет!
2015 жылдың 11 ақпанында Кәсіптік бағдарлау жұмысы шеңберінде «Банк ісі» кафедрасының аға оқытушысы Ермекова К.А. оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі директор Мештаева Б.С. кездесті, Қарағанды экономикалық университеті буклеттерін оқушылар арасында таратты. 11 «А», 11 «Б», 11 «В» сынып оқушыларының сынып сағаттарына қатысты. «Банк ісі» кафедрасының аға оқытушысы Ермекова К.А. Г.Мұстафин атындағы №83 ОББМ стенділеріне жарнамалық буклеттерді орналастырды.
2015-2017 жылдарға ҚР БҒМ ғылым Комитетінің ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпаздары болуымен ҚЭУ ғалымдарын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.
Ғылыми-зерттеу қызметінде онан арғы табыстар мен жоғары жетістіктер тілейміз.
2015 жылдың 28 қаңтарында салалар бойынша 0519000 «Экономика» мамандығының пән аптасы шеңберінде Оспанова Г.С. және Несипбаев Р.Е. оқытушыларымен Э-31к, Э-32 студенттік топтары арасында мемлекеттік және орыс тілдерінде «Экономикалық кафе» ойыны өткізілді. Аудиторияда кафе көрінісі жасалынды. Бес айналым ұсынылды: "Дәмтатымдар", "Бірінші тағамдар", "Екінші тағамдар", "Десерт", "Сусындар". Қатысушылар кезектесіп тағамдарды таңдады, сұрақтарға жауап берді. Тағамдар ассортименті алуан түрлі. Ұсынылды: экономика деңгейіндегі бутербродтар, "Қажеттілік" атты кесіліп қуырылған нандар, ақшадан жасалынған винегрет, сұраныс пен ұсыныстан дайындалған щи, "Берекелі" торты және тағы басқалар.
Жюри қорытындысын жасады. Әрбір топ өз капиталын жинады. Дегенмен, ең рентабельді болғандар Э-32 тобы. Белсенді қатысқан студенттер: Досов Адиль, Жунуспеков Азат, Садвокасова Гульмира, Гурский Стас.