Объявление
Объявление
Объявление
«Баршаның назарына!» дабылы бойынша халықтың іс-әрекеті
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы төтенше жағдайлар болғанда не қауіп-қатер төнгенде халықтың назарын аудару үшін берілетін «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы бойынша орындалатын іс-қимыл тәртібін білуі және орындауы тиіс.
«Баршаның назарына!» дабылы соғылғанда халық теледидарларды, радионы және ақпарат қабылдаудың басқа да құралдарын іске қосып, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті. Таратылатын ақпарат түрлі сипатта: химиялық қауіпті объектідегі немесе теміржол көлігіндегі апат, химиялық, радиоактивті зақымдану, табиғаттың дүлей апаты, әуе қауіп-қатерлері және адам өміріне қауіп тигізетін басқа да төтенше жағдайлар, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, болуы мүмкін әуе қаупі мен басқа да төтенше жағдайлар туралы, сондай-ақ халықтың осы төтенше жағдайлардағы іс-әрекеті жайында болуы мүмкін.
Сөйлеу арқылы құлақтандырылатын ақпарат мәтіні қазақ және орыс тілінде беріледі.
Алыс қашықтықта орналасқандықтан сирена дыбысы естілмейтін және орталық радиохабардың дауыс зорайтқышы жоқ жерлерге «Баршаның назарына!» дабылы мен сөйлеу арқылы берілетін ақпарат дабыл тарататын қондырғымен жабдықталған арнайы көліктер арқылы таратылады. Туысқандарыңыз, достарыңыз бен көршілеріңіз естімей қалуы мүмкін, сондықтан да оларға хабарлаңыздар. Кез-келген үрей мен қаңқу сөзді болдырмауды қадағалаңыздар!
Назар аударыңыз
Қалың қардың түсуі нәтижесінде үйлердің, ғимараттардың төбелерінде қар жиналып, мұз сүңгілері пайда болады. Олар төбеден құлап, адамдардың жарақаттануына жарақатқа алуына әкеліп соғуы ықтимал. Осыған байланысты, төбе ернеулерін қауіпсіз жағдайға келтіру үшін, уақытылы және түбегейлі шаралар қолдану қажет. Мұндай жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі болмаса, жаяу жүргіншілер жағындағы қауіпті учаскелерді жіппен қоршап, ескерту белгілерін қою қажет. Университетын азаматтық қорғаныс штабы сүңгілердің құлауы салдарынан жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында студенттері мен қызметкерлеріне мынадай қауіпсіздік шараларын ұсынады: - Ескерту белгілері қойылған жерлерді айналып өтіңіз;
- Жоғарыдан шу естісеңіз, адымдап тез жүруге тырысыңыз;
- Көшеде құлаққап киіп жүрмеңіз, сіз төбеден құлап келе жатқан қардың
дыбысын естімей қаласыз;
- Төбенің құламасы бар үйлерге жақындамаңыз;
- Электр беретін құрылғылардың желілерінен, ғимараттардың және басқа да нысандардың төбе ернеулерінен қардың құлауы мүмкін жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;
- Төбеден құлайтын қардан және мұз сүңгілерінен сақ болыңыз!
Ата-аналар өз балаларына үйлер мен ғимараттардың маңында жүру ережесін сақтауды үйрету қажет. Қауіпті шатырдың астында ойнау қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін.
«Достық» коворкинг орталығы» ТБИ Оқиғалар күнтізбесі
«Достық» коворкинг орталығы» ТБИ Оқиғалар күнтізбесі
Ғылыми-зерттеу, жобалау және кәсіпкерлік қызметті үйлестіруге мүмкіндік беретін құзыреттерді қалыптастыруға, жастардың инновациялық жобаларын құруға және инкубациалауға білім беру және ұйымдастырушылық қызмет көрсету арқылы студенттерді, магистранттарды, докторанттарды ғылыми-зерттеу қызметіне жүйелі түрде тарту мақсатында, 2022-2023 оқу жылының 2 семестрінде студент жастар арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша «Достық» коворкинг орталығы» ТБИ іс-шараларының Оқиғалар күнтізбесі жасалды. Іс-шаралар өткізудің дәл күнін біз университет факультеттерінің СҒЗЖ-на жауапты адамдарына хабарлайтын боламыз.
Хабарландыру!
Объявление
Хабарландыру
Хабарландыру
Бизнес, құқық және технология факультеті В068 - Тамақ өнімдерін өндіру жоғары білім беру бағдарламалары тобына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бос білім грантын тағайындауға конкурс жариялайды, университетке қабылдау жылы - 2020 жыл, оқыту тілі – қазақ және тілінде.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бос білім грантын алуға үміткер студенттер келесі құжаттарды 2022 жылдың 12.30 дейін деканатқа тапсыруы керек:
1) конкурсқа қатысуға өтінім (28.12.2022дейін)
2) жеке куәліктің көшірмесі
3) транскрипт
4) сипаттамалық
5) деканның ұсыным хаты
БҚжәнеТ деканаты