2023 жылы магистратураға түсушілердің назарына!

2023 жылы магистратураға түсушілердің назарына!

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау www.app.testcenter.kz. сайтында 1 маусымнан 15 шілдеге дейін жүргізіледі. Тестілеу 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады. КТ өтетін уақытын, күні мен мекен-жайын сіз 18 шілдеде жеке кабинетіңізден біле аласыз. КТ-ге қатысу құны 14 693 теңгені құрайды.

Магистратураға қабылдау мемлекеттік тапсырыс (грант) бойынша және оқытуды өз қаражатынан және басқа да көздерден төлеу есебінен жүзеге асырылады. Құжаттар мен КТ қабылдау жылына 2 рет өтеді: жазда және күзде, грантқа осы екі рет түсуге болады!

20 шілде мен 10 тамыз аралығында өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.

Магистратураға қабылдау келесі мерзімдерде жүргізіледі:

1) күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін;

2) күнтізбелік жылдың 26 желтоқсанынан 10 қаңтарына дейін.

Егер сіз шекті балл жинаған болсаңыз, онда сіз мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды тапсыруыңыз керек. Құжаттарды біздің университеттің қабылдау комиссиясына тапсыруға болады. Оқуға түсу кезінде сіз білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш университетті көрсете аласыз.

КТ шекті балдары: ғылыми-педагогикалық магистратура -75 балл (грантқа және ақылы негізде түсу үшін). Бейіндік магистратура - 50 балл (мемлекеттік грантқа және ақылы негізде түсу үшін).

 

Грант

Факультет финансов, логистики и цифровых технологий объявляет о проведении конкурса на присуждение вакантного образовательного гранта МОН РК по группе образовательных программ высшего образования 6В06 Информационно-коммуникационные технологии, год поступления в университет 2022, язык обучения – казахский.

Студенты, претендующие на вакантный образовательный грант МОН РК, должны предоставить в деканат до 25 июля 2023 года следующие документы:

1) заявление на участие в конкурсе (до 17.06.2023)

2) копию удостоверения личности

3) транскрипт

4) характеристику

5) рекомендательное письмо декана

Деканат ФФЛиЦТ

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL