"Маркетинг және логистика" кафедрасымен "Маркетинг" және "Логистика" ББ 4 курс студенттері үшін тәжірибелік қызметкерлерді тарта отырып дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл іс-шараға ББ «Маркетинг» және «Логистика» 4 курс студенттері қатысты. Кездесу барысында жұмысқа орналасудың болашағы мен еңбек нарығындағы сұранысқа ие, жұмыс беруші жоғарғы оқу орындарының түлектерінің кәсіби және коммуникативті сапаларына қойылатын талаптар туралы өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесуге қатысты:
- Ибрагимов З.Ф. - «Еуразиан Фудс» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
- Утебай Д.Д. - «EFES Қазақстан» АҚ ЖК таланттарды басқару жөніндегі маманы;
- Мукушев А.К. - « Prof Rezerv» ЖШС бас маманы.
2019 жылдың 22 қазанында жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім департаменті профессор - оқытушылар құрамы мен және 8D04101 «Экономика» және 8D04102 «Жергілікті мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламалары бойынша 1 курс PhD докторанттарымен бірлесіп докторлық диссертациялардың тақырыптарын бекіту және таңдау мәселесі бойынша ғылыми семинар өткізілді.
Форум бағдарламасына мектептердегі бейбітшілік сабақтары, дөңгелек үстелдер, дәрістер, шеберлік сыныптары, спорттық және мәдени бағдарламалар кірді.
Форумға 100-ден астам адам қатысты, олардың көпшілігі - түрлі қоғамдық ұйымдардың жастар қанатының өкілдері, студенттер мен халықаралық қатынастар және қоғамдық дипломатия саласындағы жас мамандар, гуманитарлық жобалардың авторлары. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің атынан экономика және менеджмент факультетінің студенттері Мұсабекова Дилара (МН-18-4с тобы) және Иманғалиев Ақылбек (Э-18-3с тобы) қатысты.
Ұйымдастырушылар: Қырғыз Республикасы Үкіметінің қолдауымен Еуразиялық халықтар ассамблеясы және Қырғызстан халқы ассамблеясы.
2019 жылдың 16 қазанында Маркетинг және логистика кафедрасы жыл сайынғы «Жас зерттеушілер форумы» атты халықаралық (кафедралық) студенттер конференциясын өткізді. Оған Уфа, Екатеринбург, Көкшетау, Алматы, Теміртау, Астана, Тараз және Қарағанды студенттері мен магистранттары қатысты.
Конференция келесі бағыттар бойынша экономиканың түрлі салаларындағы өзекті мәселелерді қарастырды:
1Цифрлық экономикадағы заманауи бизнестің дамуы;
2Цифрландыру дәуіріндегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жаңғыртылуы;
3Қазақстандағы қызмет көрсету нарығының дамуына инновациялық көзқарас;
4«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың құқықтық аспектілері.
Конференция материалдары бойынша ISBN берілетін электронды жинақ құрастырылады.
2019 жылдың 16 қазанында «Достық» коворкинг орталығы» Технологиялық бизнес-инкубаторы «Атамекен» ҰКП бизнес-жаттықтырушысы, «Go Sauda», «Go travel», «International mentors group» компанияларының негізін қалаушы А. Е. Жартыбаевпен «Жетістікке 5 қадам» бизнес-тренингін өткізді.
Көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер студенттерге кәсіпті қалай ашу және оны одан әрі қарай дамыту жолдарын баяндап берді. Сондай-ақ, ол тыңдаушыларға жаңа кәсіпкерлердің бастапқы кездегі қиындықтары туралы айтты.
Талқылауға студенттер қызығушылықпен араласты. Олар кәсіпкерлікпен айналысуға байланысты туындайтын барлық мәселелер және оны айналып өту жолдары туралы сұрақтар қойып, жауаптармен қанағаттандырылды.
ҚҚЭУ оқытушылар Исанов А. С., Юсупов М. Т., Минжанов М. Н. және студент-волонтерлар Абай қаласы мектеп түлектері үшін ауқымды кәсібибағдарлық жұмыс жүргізді.
Абай ауданы әрқашан да өзінің ғылыми жетістіктерімен қатар, спорттық жетістіктерімен де танымал. Олардың ішінде Сапиев Серік, Жүсіпов Абылайхан, Маскаев Олег, Рагозина Наталья және т.б. әлем біріншіліктері мен олимпиадаларының чемпиондары мен жүлдегерлерін атап өтуге болады.
Жыл сайын Абай ауданынан біздің ҚҚЭУ-не түсушілер саны артып келеді. Бұған соңғы 5 жылдағы статистикалық деректері куә. Бұған белгілі бір дәйектемелер бар.
Кәсіптік бағдар беру жиналысы Абай "Білім беру бөлімінде" өтті.
Түлектерге бейне-роликтер көрсетіліп, біздің оқу-орны туралы ақпараттық буклеттер таратылды және сауалнама толтырылды. Сонымен қатар түлектерге ойындар ұйымдастырылды.
2019 жылғы 12-13 қазанда АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Назарбаев Университетімен бірге Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында TECH CENTRAL ASIA бағдарламасы аясында StartUp Weekend 2019 стартап жобалары байқауын ұйымдастырды.
TECH CENTRAL ASIA Орталық Азиядағы стартаптарды дамыту бағдарламасы тұрақты бизнес құруға және оны әрі қарай дамытуға мүдделі кәсіпкерлерге, студенттерге, инноваторлар мен өнертапқыштарға өз стартаптарын ашуға көмектесуге бағытталған.
Байқаудың негізгі мақсаты студенттерге бизнесті қалай құруға және жүргізуге, халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндіктерін табуға үйрету болып табылды.
Іс-шараға 26 командадан тұратын Қарағанды облысының жоғары оқу орындарынан 100-ден астам қатысушы қатысты. Ақтық сынға 9 студенттік команда өтті, олардың ішінде біздің университеттің командалары да болды. ВТ-31 тобының студенттері Бөлекбаева Жібек пен Мырзатаев Бексултанның жобалары жеңімпаздар қатарынан табылды. Оларға Назарбаев Университетінің екі айлық жеделдету бағдарламасынан өтіп, Нұр Сұлтан қаласындағы Demo Day іс-шарасына қатысу мүмкіндігі берілді.
Сіздерді педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламалары бойынша қосымша оқудан өтуге шақырамыз, ол сізге ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысуға, кейін оқуды доктарантурада жалғастыруға мүмкіндік береді.
Оқуға түсу үшін келесі құжаттар қажет:
- Ректордың атына өтініш;
- 3 қосымшасы бар нотариалды куәландырылған магистр дипломы;
- 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет;
- Кадрлар бөлімінде есепке алынатын жеке қағаз, еңбек қызметін дәлелдейтін құжат (жұмыс өтілі бар адамдарға)
- 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- Скоросшиватель.
Оқыту ақылы негізінде жүргізіледі.
2019 жылдың 20 қазанына дейін 264 каб. жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім Департаментінде құжаттарды тапсыру қажет. Қосымша сұрақтар бойынша 44-16-24 (199)ішкі нөмір бойынша хабарласуға болады.
2019 жылғы 9 қазанда ЭҚЗ Ғылыми зерттеу институтының қызметкерлері «Достық» коворкинг орталығында Қазақстан Республикасында ӨМШТ технологиясын (өнертапқыштық мәселелерді шешу теориясы) насихаттауға қатысу үшін белсенді студенттер мен оқытушыларды іріктеу конкурсын ұйымдастырды және өткізді.
ӨМШТ технологиясы заманауи әдістемелерді, инновациялық технологияларды және жобаларды басқарудың құралдарын жылжытумен, консалтингтік және кәсіптік білім беру (ЖОО кейін) қызметтері үшін кәсіби қызмет ететін нарықты қалыптастырумен байланысты болып келеді.
Конкурстық іріктеу кезеңінде келесі өзіндік идеялар ұсынылды:
- суық бөлме негізінде жылдам кондиционерлеу;
- тағамды тамашалау кезінде иістерді пайдалану мүмкіндігі және т.б.
Конкурстық іріктеудің нәтижесінде ЭҚЗ ғылыми-зерттеу институтының директоры Ханов Т.А. және ЭҚЗ ҒЗИ зертханасының меңгерушісі Баширов А.В. тұрған комиссия келесі студенттерді ҚҚЭУ атынан ұсынады:
1. Жанбекова А.(ЕҚФ, Ф32);
2. Феденько А.( ЕҚФ,УА-18-3);
3. Гиса Д.(ЭБФ, МО-31к);
4. Турсынова А. (БҚФ,С-18-4c).
Тәлімгер ретінде оқытушы Саржанов Д.К. ұсынылды. (Логистика және маркетинг кафедрасы).
Таңдалған кандидаттар мен тәлімгердің Қазақстан Республикасында ӨМШТ-ді жылжыту бойынша өзара іс-қимылы Қазақстандық жобаларды басқару институтының президенті Владимир Затолокинмен (Алматы) жүзеге асырылады деп күтілуде.
ҚҚЭУ оқу теледидар орталығында ММ «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» мүгедектермен және ардагерлермен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Е.Е. Нуксуевтің «Мүгедектерді техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету» тақырыбында «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған «платин » дәрісі өтті.
Дәрісте мүгедектерді техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету бойынша нормативтік-құқықтық база талданды, Медициналық және медициналық-әлеуметтік мекемелердегі әлеуметтік қызметкерлердің рөлі, сондай-ақ мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасындағы әлеуметтік қызметкерлердің қызметі талқыланды.