• Blog news

Еріктілер жылына арналған кездесу

Еріктілер жылына арналған кездесу«Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушылары Нихамбекова А.Б., Бадел А.Б., Нурмуханова Н.Т. университет жатақханасында студенттермен кездесу өткізді. Кездесу ҚҚЭУ-да Волонтерлік қозғалыстың даму перспективаларын талқылауға арналды. Студенттер Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылды ҚР-да волонтер жылы деп жариялау туралы бастамасымен танысты, ҚҚЭУ-дегі еріктілер қозғалысының өз ойын ортаға салды.
Студенттер, соның ішінде «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттері қарт адамдарға, балалар үйлеріне, мамандандырылған медициналық мекемелерге және балаларға қандай да бір көмекті қажет ететін адамдарға ерікті және тегін көмек көрсетеді.

«Баршаның назарына!» дабылы бойынша халықтың іс-әрекеті

«Баршаның назарына!» дабылы бойынша халықтың іс-әрекеті

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы төтенше жағдайлар болғанда не қауіп-қатер төнгенде халықтың назарын аудару үшін берілетін «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы бойынша орындалатын іс-қимыл тәртібін білуі және орындауы тиіс.
«Баршаның назарына!» дабылы соғылғанда халық теледидарларды, радионы және ақпарат қабылдаудың басқа да құралдарын іске қосып, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті. Таратылатын ақпарат түрлі сипатта: химиялық қауіпті объектідегі немесе теміржол көлігіндегі апат, химиялық, радиоактивті зақымдану, табиғаттың дүлей апаты, әуе қауіп-қатерлері және адам өміріне қауіп тигізетін басқа да төтенше жағдайлар, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, болуы мүмкін әуе қаупі мен басқа да төтенше жағдайлар туралы, сондай-ақ халықтың осы төтенше жағдайлардағы іс-әрекеті жайында болуы мүмкін.
Сөйлеу арқылы құлақтандырылатын ақпарат мәтіні қазақ және орыс тілінде беріледі.
Алыс қашықтықта орналасқандықтан сирена дыбысы естілмейтін және орталық радиохабардың дауыс зорайтқышы жоқ жерлерге «Баршаның назарына!» дабылы мен сөйлеу арқылы берілетін ақпарат дабыл тарататын қондырғымен жабдықталған арнайы көліктер арқылы таратылады. Туысқандарыңыз, достарыңыз бен көршілеріңіз естімей қалуы мүмкін, сондықтан да оларға хабарлаңыздар. Кез-келген үрей мен қаңқу сөзді болдырмауды қадағалаңыздар!

АҚ штабының бастығы Н. Алимкулов

Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел

2019 жылы 26 қыркүйекте "Туризм және мейрамхана ісі" кафедрасы "Достық" Коворкинг орталығында ҒЗЖ өкілдері Ханов Т.А., Феткулов А.Х., Орынбеков А.С., кафедра оқытушылары Абдурахманова З.А., Алексеенко Т.Н, Аешова Н.Т., Жуспекова А.К және 1-4 курс студенттерінің қатысуымен Дүниежүзілік туризм күніне арналған дөңгелек үстел өткізді. "Туризм" және "Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі" мамандығының студенттері Шәріпова С., Гун А, Сатмаганбетова А., Каранова Б., Төлеуханова А. өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды.
Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты-1 курс студенттерін СҒЗЖ-ға тарту, ол әрбір студентке жеке тұлғаның шығармашылық дамуына, ғылыми зерттеулерге қатысуға өз құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Университеттен тыс дәріс

Университеттен тыс дәріс

«Мұражайтану» пәні шеңберінде туризм және мейрамхана ісі кафедрасы Тур-18-1к тобына Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында университеттен тыс дәріс өткізді. Экскурсия барысында студенттер мұражайдың басты экспонаттарымен, облыс тарихымен танысты. Экзпозиялар археологиялық олжалар, көмір өндірудің басталуы, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы баяндайды. Студенттер экскурсия арқылы мұражайдағы жұмыстың қыр-сырын және экскурсоводтың міндеттерін туралы толығырақ білді.

Карлаг мұражайына ұйымдастырылған университеттен тыс дәріс

Карлаг мұражайына ұйымдастырылған университеттен тыс дәріс«Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасы «Туризм» және «Мейрамхана ісі» мамандығының 1-2 курс студенттерін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейіне (Долинка ауылы) университеттен тыс дәріс ұйымдастырды. Студенттер мұражайға келушілер репрессияға ұшыраған және жер аударылғандар қандай сынақтардан өткенін сезіне алатындай етіп салынған мұражайдың тарихы туралы білуге мүмкіндік алды. Іс-шара қазіргі қоғамды ел тарихындағы түрлі оқиғаларды зерделеуге тартуға, сонымен қатар студенттерге саяси терроризм жылдарын экспозициялардың көмегімен көрсетуге және студенттерге жеткізуге бағытталған.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL