• Blog news

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы студенттерінің бизнес жобасы «Әлеуметтік старт-ап ҚҚЭУ 2019» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы студенттерінің бизнес жобасы «Әлеуметтік старт-ап ҚҚЭУ 2019» номинациясы бойынша жеңімпаз атандыҚарағанды экономикалық университеті қабырғасында өткізілген «ЖАСТАР ЖЫЛЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАЛАР» атты студенттердің инновациялық жобалар байқауында «Экономикалық теория және мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының магистр, оқытушысы Ертай Хуанбектің жетекшілігімен «ГМУ-32к» тобының студенттері Бақыт Айкүміс, Шайкенова Зарина ұсынған «FLOWERS 09» бизнес жобасы «Әлеуметтік старт-ап ҚҚЭУ 2019» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды және ұйымдастырушылар тарапынан «100 000 тг. сертификаты» табыс етілді.
Аталмыш бизнес жоба Қарағанды қаласы бойынша гүлдерді өсіруге бағытталған. Ұйым қызғалдақ және хризантема гүлдерін өсіріп шығаратын болады.

Сырттағы сабақ «Алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек»

Сырттағы сабақ «Алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек»

2019 жылы 16 cәуірде денсаулық мектебінде «Видергебурт» неміс орталығының әлеуметтік қызмет көрсету орталығы базасында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттері үшін «Алғашқы медициналық-әлеуметтік көмектің негіздері» тақырыбында сырттағы сабақ өтті. Дәрісті «облыстық клиникалық аурухана» КМК СӨС дәрігері О. Ш. Жидельбаева, әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жетекшісі Л. А. Галуцкая және доцент М. К. Абдакимова оқыды.
Кездесу барысында студенттер Орталықтың әлеуметтік жобаларымен және қайырымдылық жұмыстарымен танысты.

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері лауриат атанды Чебоксар қ.

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері лауриат атанды Чебоксар қ.

2019 жылдың 5 сәуір күні өткен «Жастар және кооперация - 2019» атты Аймақаралық ғылыми–практикалық конференция қорытындысы бойынша «Экономикалық теория және мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының магистр, оқытушысы Ертай Хуанбектің жетекшілігімен «ГМУ-31к» тобының студенттері Шайкенова Зарина, Бақыт Айкүміс «Жастардың болашақ ғылымдағы үлесі» секциясында лауриат атанды. Студенттер дипломдармен, жетекшісі алғыс хатпен марапатталынды.

“ Мамандықтар әлемінде”

“ Мамандықтар әлемінде”

КЭУ кітапханасының қызметкерлері «Маркетинг және логистика», «Туризм және мейрамхана бизнесі» кафедраларымен бірлесе отырып, №52-інші және №62-інші мектептің оқушыларымен «Мамандықтар әлемінде» атты кездесу өткізді.
Оқушылар үшін университетте орналасқан 4 бекеттен маршрут түрінде квест-ойын ұйымдастырылды.Әр бекетте оқушылар түрлі тапсырмалар орындап ұпайлар жинады.Ойынға қатысушылар жылдамдық,ептілік және дәлдік үшін жарысқа түсті.
Сонымен қатар, балаларға «Туризм» мамандығы бойынша презентация ұсынылды, бестселлер кітаптары бойынша викторина және кітапхана бойынша экскурсия өткізілді.
Мектеп оқушылары университетке қызығушылық танытты. Көпшілігі КЭУ-де оқуға болатын мамандықтарға қызықты.

«Қаржы Орталығы» АҚ ҚР Білім және ғылым Министрлігі өкілімен кездесу

«Қаржы Орталығы» АҚ ҚР Білім және ғылым Министрлігі өкілімен кездесу

2019 жылдың 11 сәуірінде стратегиялық даму Департаменті «Қаржы Орталығы» АҚ ҚР Білім және ғылым Министрлігі өкілімен және біздің университеттің мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша түлектерімен (магистратура, докторантура). Кездесуде, сонымен қатар, кафедра меңгерушілері, жұмыспен қамтуға, магистратура мен докторантураға жауаптылар қатысты.
Маулет К.М. «Қаржы Орталығы» АҚ ҚР ұйым өкілі, Косе Ж.К. ресурстік орталығы директорымен бірге, PhD пәлсапасының жас мамандары мен докторларын жұмыспен қамту мониторингі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу аудитория арасында үлкен қызығушылық туғызды қызу диалог өткізді, көптеген сұрақтар қойды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL