• Blog news

ҚҚЭУ – «АРМАНҒА ЖОЛ» - «KARAGANDAHALFMARATHON» жартылаймарафонның белсенді қатысушысы

ҚҚЭУ – «АРМАНҒА ЖОЛ» - «KARAGANDAHALFMARATHON» жартылаймарафонның белсенді қатысушысы

Біздің университетте көпетеген жылдар бойы студенттер, оқытушылар және қызметкерлер арасында салауатты өмір салтының дәстүрі қалыптасқан.
ҚҚЭУ Қазақстанда және Қарағандыда өтетін ірі-ауқымдағы түрлі спорт шараларының негізгі белсенді қатысушысы ретінде танымал.
2018 жылы 20 мамырда Қарағандыда өткен «АРМАНҒА ЖОЛ» атты жартылаймарафонға университет пен колледж атынан 100-ден аса оқытушылар мен студенттер белсене қатысты. Аталмыш жартылаймарафонға біздің спортшылар үлкен ынта білдірді.
Жалпы жартылаймарафонда 18-34 жас аралықтағы 7 шықырым жүгірісте екінші жүлделі орынды жеңіп алған және арнайы ақшалай ұтысқа қол жеткізген (60 000 теңге) МО-33 тобының студент қызымыз Лисичкина Варвараны атап өтуге болады.
Спорт пен салауатты өмір салты мерекесі сәтті өтті! Оның қатысушыларын толықтай құттықтаймыз!

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының кітаптары – ҚҚЭУ кітапханасында

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының кітаптары – ҚҚЭУ кітапханасындаҚазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында алдағы уақытта қоғамның барлық саласында ауқымды жобалар мен реформаларды жүзеге асыру бойынша бір қатар міндеттер қойған болатын.
Соның бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Бұл жоба аясында әлемнің үздік оқулықтары мемлекеттік тілге аударылып, қазақстандық оқырманға қол жетімді болады.
Құрметті студенттер, оқытушылар, оқырмандар!
ҚҚЭУ кітапханасына осы жоба аясында философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, антропология, инновация салалары бойынша аударылған алғашқы 17 кітап түскенін хабарлаймыз.
Кітаптарды университет кітапханасының оқу залында

ОМБЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ON-LINE КОНФЕРЕНЦИЯ

ОМБЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ON-LINE КОНФЕРЕНЦИЯ

2018 жылдың 16 мамырында «Экология және бағалау» кафедрасы Омбы мемлекеттік техникалық университетімен «Экологиялық қауіпсіздік» он-лайн конференциясын өткізілді. Конференцияға «Экология» мамандығының 1-3 курс студенттері қатысты. Жобалар қорғағандар: 2 курс студенті Әуезхан С., 3-ші курс студенті Оралбек Ж., Әуез Y, Вьюхина А. Конференция Қазақстан мен Ресейдің өзекті экологиялық проблемаларын талқылады.

Шымкент қаласындағы «Мирас» университетінде өткен ІІІ «Өз ісі» дәстүрлі конкурсының финалдық нәтежесі

Шымкент қаласындағы «Мирас» университетінде өткен ІІІ «Өз ісі» дәстүрлі конкурсының финалдық нәтежесі

Шымкент қаласында «Мирас» университетінде 11 мамыр 2018 жылы жоғары оқу орындарының студенттер мен магистранттарының арасында ІІІ дәстүрлі «Өз ісі» конкурсы өтті.
Конкурсқа Алматы қаласынан «КИМЭП», «Тұран» университеті, Тараз қаласынан Х.Дулати атындағы ТарМУ, Шымкент қаласынан «Мирас» университеттерінің студентері қатысты. Сонымен қатар Қарағанды облысының Қарағанды экономикалық университетінің студенттері Иристаев Низамиддин «Использование краудсорсинга для реализации социально-значимых проектов», Сергебаева Айгерим «Dressing-room 3D» және Cashless Store» Омаров Айбар өз жобаларын ұсынды.
Оңтүстік Қазақстан облысының «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палата атынан болған құзыретті қазылар алқасы, 15 жобалардың арасынан экономика және басқару факультетінің студенті Омаров Айбар 2-ші орынды ұсынды.
Жеңісімен қуттықтап, одан әрі табыс тілейміз.

Жұмыс берушілердің қатысуымен өткен дөңгелек стол

Жұмыс берушілердің қатысуымен өткен дөңгелек стол2018 жылдың 11 мамыр күні «Экономикалық теория және МЖБ» және «Халықаралық экономика және халықаралық қатынастар» кафедраларының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік жергілікті басқару» және «Халықаралық экономика», «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттерін кәсіби дайындаудағы өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек стол жұмысына Қарағанды қ. әкім аппаратының құрылыс, сәулет және жер қатынастарын үлестіру бөлімі; АҚ «Қазақстанның Құрылысжинақбанкі» бизнесті дамыту бөлімі; «Қарағанды қ. Қазыбек би ауданы әкімінің аппараты» ММ; «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» ММ және т.б.
Дөңгелек столдың негізгі масаттары мен міндеттері: заманауи кезеңде еңбек нарығының жағдайы мен дамуы бойынша ақпарат алуда студенттердің жұмыс берушілермен кездесуін қамтамасыз ету.
Іс-шара қорытындысы бойынша дөңгелек столда талықыланған сұрақтар бойынша ұсыныстар қабылданды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL