• Blog news

Cенсация ма әлде заңдылық па?

Cенсация ма әлде заңдылық па?2018 жылы 8 мамырда облыстық «Индустриалды Қарағанды» газетінің сыйлықтарына және Ұлы Отан соғысының 73 жылдығына арналған дәстүрлі жеңілатлетикалық эстафетасы өтті.
Аталмыш эстафета Біз үшін өте ерекше болды. Біз алға қойған мақсатымызға қадам-қадаммен жеттік. Эстафетаның алғашқы кезеңінде жеңіске деген бастау алып, эстафетаның екінші кезеңінде қайсар мінез көрсете отырып, жоғары оқу орындарында оқитын студенттер арасында ҚҚЭУ ұлдар командасы сенімді түрде алға басып шықты. Біздің эстафетадағы көшбасшылық қасиеттері кезең-кезеңнен ұлғая түсті. Ең мықты деген ҚарМУ-нен мәреге дейін аралық 80 метрге жетті. Бұл ҚҚЭУ студенттерінің мықтылғын көрсетті.
Соңғы кезеңде эстефетаның таяқшасын сырғанақтан Оңтүстік Корея қысқы Олимпиадасының қатысушысы, ҚР спорт шебері Крикунов Артем алғанда, оның алға шығатыны жайлы көрермендерден және жанкүйерлерден күмән болмады. Нәтижесінде ҚҚЭУ жеңілатлетикадан ұлдар құрамасы лайықты түрде бірінші орынды жеңіп алды. Аталмыш жеңіске үлес қосқандар қатарларында спорт шеберлері Григорьев Вячеслав, Земс Вячеслав, Палкин Станиславтар болды..

Біздің ұлдар құрамасын сонымен қатар эстафетада үшінші орынды иеленген қыздар құрамасы да жалпы жеңіске үлес қосып, қола жүлделерді иеленді.
Университеттің барлық ұжымы аталмыш жеңісті үлкен қуанышпен қарсы алды.
Жарайсындар! ҚҚЭУ тек қана алға!

«Қазақ тілінде 100 жаңа оқу құралы» жобасын талқылауға арналған «Жоба: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқу құралы» тақырыбында дөңгелек үстел және көрме

«Қазақ тілінде 100 жаңа оқу құралы» жобасын талқылауға арналған «Жоба: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқу құралы» тақырыбында дөңгелек үстел және көрме

2018 жылдың 11 мамырында Қазақстан халқы Ассамблеясының күніне орай Қарағанды экономикалық университетінде Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы және ҚҚЭУ ккітапханасы «Қазақ тілінде 100 жаңа оқу құралы» жобасын талқылауға арналған «Жоба: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқу құралы» тақырыбында дөңгелек үстел және көрме өткізді.
Баяндама оқыған спикерлер:
1. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор Әбілов Қ.Ж.
2. ф.ғ.к., «ӘЖ және ҚХА» кафедрасының профессоры Клишина М.В.
3. Кітапхан директоры, магистр, аға оқытушы Джабаева Г.Н.

Президент өз сөзінде «біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз көп жылдар бойы дүниеге бір көзқарас шеңберінде сақталды». Енді «біз тек инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, сондай-ақ қазіргі заман мен болашақты түсінетін адамдар» туралы, 12 сәуірде Астана қаласында ұсынылған «Қазақ тіліндегі 100 ең үздік оқулық» жобасының шеңберінде аударылған және жарияланған алғашқы 18 кітап сипатталды.
Спикерлер әлемге әйгілі оқулықтардың авторларының зерттеу жұмыстарына сипаттама берді және қазірдің өзінде қазақ тіліне аударылғандардың, атап айтқанда, философия бойынша 4 кітап, әлеуметтану және лингвистика бойынша 2 кітап, психология бойынша 3 кітап, дінтану, мәдениеттану, антропология және журналистика бойынша 1 кітаптардың, сондай-ақ кәсіпкерлік, экономика және басқару бойынша кітаптардың қысқаша мазмұнын ашылды.
Дөңгелек үстел барысында магистранттар мен студенттер спикерлерге басқа кітаптардың аударылу мерзімдері туралы және аударылған кітаптарды пайдалану мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойылды. Кітапхана директоры аудиторияға ағымдағы айда кітаптардың түсетіні мен оларды келесі оқу жылында оқу үдерісінде қолдану мүмкіндігі туралы хабардар етті.

Физика және химия бойынша пәндік олимпиада «Үздік физик» «Үздік химик»

Физика және химия бойынша пәндік олимпиада «Үздік физик» «Үздік химик»

Тауарлық ғылымдар және сертификаттау кафедрасы 2013 жылдың 4 мамырында физика және химия пәні бойынша «Үздік физик», «Үздік химик». Олимпиадаға Қарағанды қаласының мектептерінің қорытынды сыныбының оқушылары қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша қатысушы 2018-2019 оқу жылында оқуға жеңілдік алады, 2-3 орынға қатысушыларға диплом беріледі

«Үздік студент – 2018» конкурсының жүлдегерлері Қанатұлы Жанайдар және Гарифуллина Асия

«Үздік студент – 2018» конкурсының жүлдегерлері Қанатұлы Жанайдар және Гарифуллина Асия

Елімізде жыл сайын «Жылдың ең үздік студенті» «Келісім бекеттері» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен республикалық конкурсы өтеді. Конкурсқа Қазақстан жоғарғы оқу орындарының үздік студенттері қатысқан. Студенттер өздерінің оқудағы, қоғамдық шаралар бойынша жетістіктері жинақталған портфолионы конкурсқа ұсынады.
27 сәуір 2018 ж. Астана қаласында дарынды студент жастары арасынан шыққан үздік студенттердің есімдері айтылды. Олардың арасында Қарағанды экономикалық университеті Бизнес және құқық факультетінің студенттері бар:
«Құқық және экономика негіздері» мамандығының 3 курс студенті, ҚР Президенті стипендиясының иегері Қанатұлы Жанайдар;
Гарифуллина Асия, «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенті.
Қанатұлы Жанайдар және Гарифуллина Асия «Үздік студент - 2018» медалімен, грамотасымен марапатталды, олардың өмірбаяндары мен жетістіктері туралы «Жас қыран» кітабында жарияланған. Үздік студент атағын Қазақстан Республикасы елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков табыстады.
Жанайдар мен Асияны лайықты атағымен құттықтап, үлкен жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз! Студенттеріміздің ата-аналарына парасатты ұл мен қыз тәрбиелегендері үшін алғыс білдіреміз!

 

«ЭКСТРЕМИЗМ - ҚОҒАМ ҮШІН ҚАУІПТІ»

«ЭКСТРЕМИЗМ - ҚОҒАМ ҮШІН ҚАУІПТІ»2018 жылдың 25 сәуір күні шетел және орыс тілдері кафедрасының оқытушылары, Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Діни істер ақпараттық-түсіндіру және аналитикалық жұмыстарының мониторинг бөлімінің басшысы Далабаева Гульнара Бакеновнаның қатысуымен МЭ-12, MЭ-22, МО-12, МО-32, МО-33, МО-21к, МО-31к топтарының студенттеріне «Экстремизм - қоғам үшін қауіпті» атты тақырыбында ашық әңгіме ұйымдастырды. Кездесу бүгінгі күннің өзекті мәселесі – түрлі діни ағымдардың қауіптілігі жөнінде болды. Студенттер еліміздегі және әлемдегі діни экстремизм туралы толық ақпарат алды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL