• Blog news

Yш тілде студенттік ғылыми жобалар байқауы өткізілді

Yш тілде студенттік ғылыми жобалар байқауы өткізілді 04.11.2016 жылы «Экономика және менеджмент» кафедрасымен ЭБФ-ң «Зерде» ҒЗҰ шеңберінде (сағат 15.10, 305 аудитория) үш тілде студенттік ғылыми жобалар байқауы өткізілді. «Халықаралық экономика және халықаралық қатынастар», «Экономика және менеджмент», «Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті», «Бағалау, статистика және экономико-экологиялық мәселелер», «Шет және орыс тілдер» кафедраларының өкілдері баяндамаларын оқыды. Аталмыш күннің басты оқиғасы – жобалардың стратегиялық тезистерін әзірлеу барысындағы «ми шабуылының» алғашқы сессиясы. Жұмыс нәтижесінде студенттердің кейінгі тәжірибелік жұмысы мен бірлескен теориялық зерттеулердің күн тәртібі құрылды.

Ашық сабақ

Ашық сабақ8 қараша 2016ж. сағат 11:00 206 аудиториясында Э-23с и Э-32 топтарында Экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушы, магистр Идрисова А.К. «Маркетинг – эффективный инструмент продвижение товара» атты іскерлік ойын негізінде интерактивті тақта қолданып ашық сабақ өткізді

Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы02.11.2016 «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы шеңберінде «Идеялар жәрмеңкесі» атты конкурс өткізілді. Аталмыш шараға Қарағанды облысының ЖОО магистранттары, студенттері және колледж студенттері қатысты. Конкурста 18 жоба ұсынылған болатын, олардың ішінде Қарағанды экономикалық университеті, экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Байбосынов С.Б. жетекшілігімен қатысқан студенттер жүлделі 1 және 2 орынды иеленді. Жобаларды Кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары, «Даму» АҚ қоры директорының орынбасары, «Сарыарқа технопаркі» ЖШС директоры, «Іскер» кәсіпкерлер ассоциациясының атқарушы директоры және облыстық кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілдері бағалады. 1 орынды Э-32к тобының студенттері Жиембаева Мадина, Қойшыбаева Мариям, Құлтаев Ернұр иеленді, ал 2 орынды Ф-32 тобының студенттері сакенов амир, Кожанов Дидар және Токенов Жасұлан иеленді.
Аталған студенттер «Бизнестің жол картасы 2020» атты бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық экономика министрлігі және ҚР Кәсіпкерлер палатасымен өткізген «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы шеңберінде бес күндік курс өтіп сертификаттарға ие болғандарын да атап өтуге болады.

Платина дәріс

Платина дәріс 1 қараша 2016 ж. халықаралық менеджер күні аясында экономика және менеджмент кафедрасы СМС ЭБФ студенттеріне практика қызметкерімен дәріс өттті. Дәрісті Қарағанды облысының «Эфес-Караганда» ЖШС сату жөніндегі бөлімінің бастығы - Шманов Талгат Толендиевич

"Кросс-менеджмент" атты тақырыбы бойынша бизнес-кездесу өткізді.

"Кросс-менеджмент" атты тақырыбы бойынша бизнес-кездесу өткізді.Халықаралық менеджер күніне арналған іс-шаралар шеңберінде профессор-оқытушылар құрамына инвестициялық жобаларды бөлімінің бастығы Кульмагамбета Жанаргуль Жумабаевна "Кросс-менеджмент" атты тақырыбы бойынша бизнес-кездесу өткізді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL