24 қараша 2016 ж. «Экология және бағалау» кафедрасы «Экология және экономика» апталыгына орай «Қазақстан Республикасының экологиялық тиімді және экономикалық процестердің мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізді.
23 қараша 2016 ж. «Экология және бағалау» кафедрасы «Экология және экономика» апталығына орай «Ғылым граниті» атты 9-11 сынып және студенттерге арасында ғылыми жобалар байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша 1 орын: Конюхова Маргарет Олеговна - КМБ ОМ №63 Караганды қ. және Кайратов Ерлан - КМБ ОМ №48 Караганды қ. иеленді.
Бүгінде Семей ядролық полигонының ресми жабылғанына 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесімен тұспа - тұс келіп отырған осы айтулы оқиғаны әрбір жас білуі керек. Сондықтан 23 қараша күні университетімізде «Невада-Семей» қайталанбауы тиіс тарихтың қасіретті беттері» атты экологиялық кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында студенттер Семей полигонына арналған қазақстандық жазушылар мен ақындардың шығармарын оқыды, тақырып бойынша кинотүсірілімдерді тамашалап, Қазақстандағы және дүниежүзіндегі ядерлық сынақ жүргізу нәтижелері туралы ой бөлісіп, талқылады. Ежелгі қазақ салты бойынша құраған ағаш ақтық байлау арқылы адам жанының өлмейтіндігін, жаңаруға бет бұрғандығын білдіретін. Осы салтқа сәйкес кешті қорытындылай келе студенттер ағашқа ақ мата байлап, ядерлық сынақтарды болдырмаудағы ортақ ниеттерін білдірді.
22 қараша 2016 ж. «Экология және бағалау» кафедрасы «Экология және экономика» апталығына орай «Бағалау көшбасшысы» интеллектуалдық ойынын өткізді. Ойын қорытындысы бойынша 1 орын Қарағанды экономика және статистика колледжі иеленді.