Шетел және орыс тілдері кафедрасы «КӨПТІЛДІ ЖАС ТҮЛЕК» атты тілдік Олимпиаданы жүргізді. Олимпиадаға Қарағанды және Саран қалаларынан 19 мектеп пен гимназияларынан 50 оқушы қатысты. Олимпиада екі кезеңнен тұрды: 1) қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша лексикалық және грамматикалық тест (әр тілге 10 сұрақ). Бірінші кезең нәтижесі бойынша тестілеуде ең жоғары ұпай жинаған 8 оқушы 2 кезеңге өтті. Екінші кезең – таңдап алынған тақырып бойынша сөз сөйлеу. Бұл кезең құзыретті әділ – қазылар құрамымен бағаланды: ф.ғ.к., профессор Аубакирова Г.Т., п.ғ.к., доцент Мукушева Г.Р., п.ғ.к., доцент Ускенбаева С.Т., магистр, оқытушы Абдрахманова С.Т. Екі кезеңнің нәтижесі бойынша келесі оқушылар марапатталды: 1 орын – Ахметова Жансая (№ 76 ЖББОМ); 2 орын – Юркив Екатерина (№ 93 гимназия); 3 орын – Абилова Даяна (№ 36 ЖББОМ).
Шетел және орыс тілдері кафедрасының оқытушылары Базарбаева Л.Т., Гайнутдинова Г.Ф. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында 1 курс студенттері арасында викторина жүргізді. Викторина сабаққа дайындалуға, шығармашылықты дамытуға, демалуға барлық мүмкіндіктер бар студенттер тұратын жатақханада өтті. Мемлекеттік рәміздер бойынша сайыс интерактивті түрде өтті және студенттер тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері және тарихы бойынша жақсы білімдер көрсетті.
2016 жылдың 06 желтоқсан күні сағат 10.00-15.00 аралығында «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ базасында ГМУ-41к, ГМУ-42 топтары арасында «Муниципалды менеджмент» пәні бойынша «Унитарлы және федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару» тақырыбы аясында дәріс және семинар сабақтары өткізілді. Дәріс және семинар сабақтарын э.ғ.к., доценті Жанбекова З.Х. Ертай Х. және Садыкова Аида Сайынована ұйымдастырды. Іс-шара мемлекеттік және орыс тілінде жүргізілді. Қарастырылған негізгі сұрақ «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ Қазақстан Республикасының муниципалды басқару субъектісі ретінде» атты тақырып бойынша талқыланды. Орталықтың басшы орынбасары Аида Сайынқызы жергілікті басқарудағы өзекті мәселелер мен перспективалары жөнінде сұрақтарды студенттермен қарастырды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар беріліп, іс-шара қорытындыланды.
2016 жылдың 05 желтоқсан күні сағат 14.00-16.00 аралығында экономикалық теория және мемлекеттік, жергілікті басқару кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясының аясында «Еңбек-мемлекеттің дамуы үшін» атты еңбек ардагерлерінің студенттермен кездесу шарасын ұйымдастырды. Аталмыш кездесуге Қарағанды қаласының ардагерлер кеңесінің мүшелері, кафедраның ардагер оқытушылары және студенттер қауымы қатысты. Шақыртылған қонақтар: Колина М.К., Абдреимов И.Ш., Бакеев К. Кездесу қорытындысы бойынша еңбек арагерлеріне алғыс айтылып, шағын сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етіледі, сондай-ақ студенттер арасында «Менің Қазақстанның гүлденуіне қосқан үлесім» тақырыбына өткізілген эссе байқауының қорытындысы жарияланып, үздіктер марапатталды. 1 орын – Югокпаева Дайана УА-22, ғылыми жетекшісі: ЭТ және МЖБ кафедрасының аға оқытушы Такирова Г.А. 2 орын – Милова Анастасия УА-14с, ғылыми жетекшісі: ЭТ және МЖБ кафедрасының магистр, оқытушысы Коккозова А.Б. 3 орын – Омаров Айбар ГМУ-11к, ғылыми жетекшісі: ЭТ және МЖБ кафедрасының магистр, оқытушысы Ертай Х.
Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы 30-шы қарашада «Көшпенді өркениеті мұрасы» Халықаралық Қоғамдық қорымен бірге ҚР-ң Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Қазақстанда жасалған» акциясын қолдау мақсатында қолданбалы қолөнер шеберлерінің көрмесін өткізді. Іс-шара барысында қолданбалы қолөнер шеберлері мастер-класстар өткізді. Келген қонақтар және де Малайзиядан келген студенттерде Жібек Жолы ғасырына тап болып, ұлттық құндылықтармен танысып, ұлттық асханадан дәм татты. Көрме нәтижесінде, қолөнер шеберлері өз туындыларын сата алады.