• Blog news

«Экология және бағалау» кафедрасы «Қыстайтын құстарға көмектесейік» атты акция өткізді

25 наурызда «Экология және бағалау» кафедрасының оқытушылары Аршкенова Айгүл Мейрамқызы мен Тұргамбеков Ғалым Мұратұлы Жас натуралистер станциясында «Қыстайтын құстарға көмектесейік» атты акция өткізді.
Іс-шарага «Экология» мамандығы студенттері Кәкен Темірлан (Эко-11), және Мағауя Нұржан және Оралбек Жасын (Эко-12к) қатысты. ҚҚЭУ студенттері экологиялық білім беру бойынша ойын түрінде мастер-класс ұйымдастырды.

«Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасы ҚҚЭУ 50 жылдығына орай Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді

«Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасы ҚҚЭУ 50 жылдығына орай Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді2016 жылы 28 наурызында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасы ҚҚЭУ 50 жылдық мерейтойының шеңберінде «Жаһандану жағдайындағы аймақтық және ұлттық қауіпсіздік мәселелері» атты студенттер мен магистранттардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
Конференцияға 68 адам қатысып, оның ішінде – 14 сырттай, ал 54 – тікелей қатысты. Оның 6 магистрант, 44 студент, 11 колледж студенттері мен 7 мектеп оқушылары болды. Конференцияға академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқып жатқан Тәжік мемлекеттік коммерция мен Белгород мемлекеттік ғылыми-зерттеу университеттерінің студентерінің қатысқандығын ерекше атаған жөн.

ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІМЕН өткен ашық сабақ

ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІМЕН өткен ашық сабақ2016 жылдың 2 наурызында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Егізбаев С.Қ. МО-31к және МЭ-31к топтарында «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» пәнінен, «Қазақстанның Орталық Азия және Закавказье республикаларымен қарым-қатынастары» тақырыбы бойынша практикалық сабақ өткізді. Сабаққа «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасы мен Қарағанды облыстық дін істері басқармасының арасындағы қабылданған меморандумға сәйкес, басқарма қызметкері Гимадиева Қарлығаш қатысты. Басқарма қызметкері діннің өзекті мәселелері мен діни фактордың Орталық Азия мен Қазақстандағы орнына тоқталып кетті.

№ 1 машина жасау зауытында өткен сабақ

№ 1 машина жасау зауытында өткен сабақ2016 жылдың 24 наурызында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы Талимова Г.У. «Өндіріс орнының сыртқысаяси қызметі» пәнінің шеңберінде университеттен тыс МЭ-31 тобына Қарағанды қаласындағы «Машзавод № 1» машина жасау заводында сабақ өткізді.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті магистранттарының Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетіндегі ғылыми тағылымдамасы

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті магистранттарының Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетіндегі ғылыми тағылымдамасы2016 жылдың 15 наурызы мен 24 наурыз аралығында ғылыми және пдагогикалық бағыттың 6М072700 «Азық-түлік тағамдарының технологиясы», 6М073200 «Стандарттау және сертификаттау» мамандықтарыны2 курс магистранттары К.Г.Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технологиялар және басқару университетінде (Ресей Федерациясы, Мәскеу қ.) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдама барысында магистранттармен «Производство пищевой продукции нового поколения и современные системы менеджмента» бағдарламасы бойынша дәрістер шеңберінде Ресейдегі азық-түлік өндіріс саласындағы заманауи дамудың өзекті мәселелері мен азық-түлік өнімдері технологиясының саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу бойынша жаңа мәліметтер игерілді.
Тәжірибелік дәрістер шеңберінде магистранттар Ресей мемлекеттік кітапханасына, Мемлекеттік ғылыми-техникалық кітапханасына барды, сонымен қатар Мәскеу қаласының азық-түлік өндіретін заманауи кәсіпорнының жұмысымен танысты.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL