• Blog news

«AMADEUS» курсы

Жыл сайын университетте «Амадеус» жүйесінде халықаралық жолаушылар авиатасымалын брондау технологиясы» атты курс өткізіледі. Кафедра аталмыш курсы өткізу үшін «Туризм» мамандығының бітіруші курс студенттеріне арнап осы курстың маманын шақырады. Барлық қатысқысы келген студенттер ақылы түрде курсты тыңдап, емтихан тапсыра алады. Биылда «Амадеус» курсы 103 аудиторияда 4-9-ші сәйуір аралығында өтеді. Курсты «Амадеус» оқу орталығының оқытушысы Бажикова Айгерим жүргізеді. Курсты «Туризм» мамандығының Тур-35с,Тур-42, Тур-34 с\к, Тур-41к және РД-42к топтарының қалаған студенттері тыңдауға жазылып, соңында барлығы емтиханды тапсырып, сертификат алды.

«Мерей» қонақүй базасындағы сабақ

«Мерей» қонақүй базасындағы сабақ31-ші наурыз 2016 жылы 12.30-дан 16.00-ге дейін «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының доцені Б.Т. Матаева және «Туризм және қонақжай саласындағы көңіл-көтеру қызметін ұйымдастыру, «Мейрамхана және қонақүй шаруашылығы», «МІ және ҚБ менеджменті» курстарын игеру барысында РД-11к, РД-13ск, Тур-21к, РД-31к тобының студенттерімен «Мерей» қонақүй базасында сабақ ұйымдастырды.

«Ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі діни экстремизм» атты дөңгелек үстел өтті

«Ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі діни экстремизм» атты дөңгелек үстел өтті2016 жылдың 30 наурызында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» мен «Экономикалық теория және МЖБ» кафедралары Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерей тойына орайластырылған «Ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі діни экстремизм» атты дөңгелек үстел өткізді.

Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығында өткен сабақ

Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығында өткен сабақ2016 жылдың 18 наурызында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымының магистрі Шукушева Е.В. Наурыз мерекесіне орайластырылған, «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» мен «Көпжақты дипломатия» пәндерінің шеңберінде университеттен тыс МО-32, МО-33 топтарына және академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Душанбе (Тәжікстан) мен Белгород (Ресей) қалаларынан келген студенттеріне Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығында сабақ өткізді.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет магистранттарының Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетіндегі ғылыми тағылымдамасы.

2016 жылдың 21 наурыз және 30 наурыз аралығында ғылыми және педагогикалық бағыттың 6М050700 «Менеджмент», 6М051000 «Мемлекеттік және жергелікті басқару», 6М051100 «Маркетинг» мамандықтарының 2 курс магистранттары Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетінде (Ресей Федерациясы, Санкт – Петербург қ.) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдама барысында Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің белгілі профессорлармен мен доценттер магистранттарға «Современные подходы к менеджменту, маркетингу и государственному управлению в условиях глобализации: стратегический аспект» макро, мезо, микро деңгейде іске асырылатын замануи аймақтық кадрлар әлеуетін басқаруын байланысты сұрақтар шоғырын ашты, ресурсты үнемдеуді және энергия үнемдеуді басқару, мемлекеттік реттеу және инновациялық бизнесті муниципалды меншікті басқару, мемлекеттік және муниципалды басқару жүйесіндегі кадолық саясат жөнінде жаңа мәліметтер игерілді.
Тәжірибелік дәріс «Ингрия» бизнес – инкубатор негізінде өтті, оның аясында магистранттар инновациялық жобалар презентацияларына қатысты.
Тағылымдама бағдарламасы аясында магистранттар Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің кітапханасында шетелдік ғылыми және оқу әдістемесі.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL