• Blog news

Наурыз-мейрамы

Наурыз-мейрамы18наурыз 2016ж. Студенттер сарайында Наурыз-мейрамын тойлауға арналған мерекелік концерт өтті. Оған: «Дагестан» ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің, «Казачья вольница» ҚБ, «Дакия» румын мәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің, Т.Г. Шевченко атындағы «Рiдне слово» украин тілі облыстық серіктестігінің, «Вайнах» чешен-ингуш мәдени орталығының өкілдері;Тілеген Әділов және Дидар Қамиев – ақын-айтыскерлері; «Қазақ аруы-2016» сайысының 3 орын жүлдегері Оразбек Гүлімай қатысты.
Сонымен қатар, «Асық ату» және «Папа, мама, я – спортивная семья» спорт сайыстарының қатысушылары марапатталды.
«Жайна» би ансамблі халық назарына «Көктем аруы» және «Хорезм биі» екі жаңа биін ұсынды.

«Жастар арасында жанжалдар. Жақтаушылар мен қарсылар»

«Жастар арасында жанжалдар. Жақтаушылар мен қарсылар»2016 жылдың 17 наурызында сағ. 17.00-де № 3 жатақханада шетел және  орыс тілдері кафедрасының оқытушылары Жунусова А.К. және Махаева А.К. ұйымдастыруымен «Жастар арасында жанжалдар. Жақтаушылар мен қарсылар» атты іс-шара өткізілді. Бұл  іс-шара  ЭКО-12k, ТПП-12k, ОПЕК-11к, Э-11к топтарының арасында дебат түрінде өтті. Қызу пікірталас барасында басты  өзекті мәселелер қарастырылды.

Конкурс «Әкем, анам және мен – спорттық және жігерлі отбасымен»

Конкурс «Әкем, анам және мен – спорттық және жігерлі отбасымен»2016 жылдың 16 наурызында ҚҚЭУ де Наурыз мейрамын тойлау іс-шаралары аясында «Папа, мама и я – дружная спортивная семья» атты конкурс өтті. Ұйымдаструшылар алқасы ЖІК, Есеп қаржы факультетінің «Маркетинг және логистика» кафедрасы.
Жарыс мақсаты:
− Отбасының салауатты демалысын ұйымдастыру;
− Балалардың дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықтарын қалыптастыру;
− Ептілік, күш, шапшаңдық, белсенділік,зеректілікті қалыптастыру;
− Мейірімділік пен ұйымшылдық сезіміне тәрбиелеу ;
− Бірлескен жұмыс кезінде жақсы көңіл-күйді көтеру.
Спорттық шараға төрт отбасы қатысты:
1. Қытай орталығынан келген отбасы: Ян Дэ-Си, Чернецкая Ольга Степановна - немересі Лю Мишель;
2. Польяк орталығынан келген отбасы: Генрих және Любовь Срока, қызы Габриела;
3. Украин орталығынан келген отбасы: Витвицкий Александр Степанович, Витвицкая Анастасия – ұлдары Витвицкий Степан;
4. Мемлекеттік қызмет Департаментінен келген отбасы: Руслан және Асель Беляловтар ұлдары Арсланмен.

ҚЭУҚ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ

2016 жылдың 17 наурызында 16.00 сағатта «Достық» Коворкинг-орталығында студенттік жобаларға қатысушылардың жиыны болды. Ұйымдастырушысы:Экономикалық және құқықтық ғылыми-зерттеулер институты.

Мұнда ҚЭУҚ студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі дамыту және белсендіруге қатысты сұрақтар, сондай-ақ өздерінің жобаларымен жұмыс істеу барысында кездесетін қиындықтар мәселелері талқыланды.

«Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының ашық есіктер күні

12-ші сәуір 2016 жылы «Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы «Ашық есіктер күні» іс-шарасын өткізді. Аталмыш іс-шара барасында «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесінің менеджменті» (384 ауд.) және Менеджмент және сервис № 232 кабинеттерінде «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығының презентациясы өтті, онда мамандықтың қазіргі еңбек нарығындағы сұранысы туралы айтылды. Ал «Белсенді туризм турлерінің техникасы мен тактикасы» (383А ауд.) кабинетінде «Туризм» мамандығының презентациясы өтті, және де біздің студенттер арнайы туристік құралдарды көрсетілді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL