03.03.2016 жылы № 62 ОЖБМ-де кәсіптік бағдар жұмысы бойынша «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушылары К.Қ. Ибитанова мен А.А. Букенова және студенттер Шевченко Оксана мен Ким Марина 11 сынып оқушылары арасында интеллектуальдық ойын өткізді.
03-ші наурызда 2016 ж. Туризм және мейрамхана ісі кафедрасының оқытушылары А.К.Жуспекова, А.А. Маймурунова және Банк ісі кафедрасының оқытушысы А.Т. Идирисова Қарағанды банк колледжінде кәсіби бағдарлық жұмыс жүргізді. Директордың орынбасарымен Т.Я Литвиновамен кездесіп, бітіруші курс студенттерімен әңгіме жүргізілді. Университет мамандықтары туралы анықтама беріліп, сұрақтарына жауап берілді және ҚҚЭУ буклеттері таратылды. Және де Туризм және мейрамхана ісі кафедрасының ашық есіктері күніне шақырылды.
Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саяси пәндер» кафедрасы ҚҚЭУ-нің 50 жылдығына арналған «Қарағанды экономикалық университетіне – 50 жыл» атты іс-шара ұйымдастырды. Конференция кафедраның ПОҚ мен барлық мамандық студенттерінің қатысуымен өткізілді. Іс-шара барысында ӘЖ және ӘСП кафедрасының ардагер оқытушыларының дайындаған «ҚҚЭУ: кеше, бүгін, ертең» және «50 жыл: ӘЖ және ӘСП кафедрасына арналады» атты бейнероликтер көрсетілді.
2-ші наурыз 2016 жылы ҚР-ң Парламенті сайлауына алғаш қатысатын бірінші курс студенттері үшін ҚР-ң Президенті шәкіртақысының иегерлері Рыстай Айсулу және Наутбаева Уміт «Сенің даусың – сенің болашағың!!!» атты тақырыпта презентация дайындап өткізді. Бизнес және құқық факультетінің студенттері Тур-11к, Тур-13 с\к, РД-11к, ОПЭК-11к, ТД-11к жуырда болатын сайлау туралы ақпаратты қызығушылықпен қабылдап, елдің болашағы әрбір сайлаушыға байланысты екенін атап айтты.
2016 жылдың 1-наурызында Экономика және басқару факультеті мен Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын талқылауға арналған «Мәңгілік ел – қазақ халқының ұлттық идеясы» атты дөңгелек үстел пікірсайысы болып өтті. Дөңгелек үстел пікірсайысына: 1. №39 гимназиясының 11 сынып оқушылары 2. №76 Жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешенінің 11 сынып оқушылары 3. №77 Жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешенінің 11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін айтты. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.