• Blog news

Кәсіпорындағы сабақ

Кәсіпорындағы сабақ28 қарашада 2015 жылы МН-32 және МН-41 топтарында «Бейдағдарыс менеджмент» пәнінен «Оценка организационной реакции на кризис» атты тақырыбында «Экономика және менеджмент» кафедрасының магистры Мингазова Ю.Р. «Автоцентр-Бахус» ЖШС кәсіпорында сабақ өткізді.

«Көптілділік қазіргі білім жүйесінің басымдығы ретінде»

«Көптілділік қазіргі білім жүйесінің басымдығы ретінде» 2015 жылдың 26 қарашасында 206 аудиторияда Әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары Г.М. Байгожина мен Е.Ж. Назаровтың «Халықаралық терроризм» пәні бойынша МО-41к, МО-42, МО-43 топтарында бірлескен көрсетілім сабағы өтті.
Соңғы онжылдықта әлемдік жүйенің салмақты саяси және әскери-стратегиялық өзгерісіне ықпал еткен ауқымы мен қатыгездігі жаһандық сипат алған терроризм сияқты құбылыстың бүгінде ең басты қауіпке айналғаны шындық.
Осы орайда аталмыш бағытта жастармен тығыз жұмыс жасау оқытушыларға да жүктелері анық. Осындай мақсатты көздеген сабақ ойын түрінде өтті.
Ойын 3 кезеңнен тұрды және үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) өтті. Ойынды МО-43 тобының студенті – Оразбекова Айгерим жүргізді.

«Банк ісі» оқытушылары Гусманованың Ж.А., Ермекованың К.А., Исановтың А.С. және УА-41к тобының қатысуымен іскерлік ойыны.

«Банк ісі» оқытушылары Гусманованың Ж.А., Ермекованың К.А., Исановтың А.С. және УА-41к тобының қатысуымен іскерлік ойыны.«Банк ісі» кафедрасы оқытушылары Гусманованың Ж.А., Ермекованың К.А., Исановтың А.С. және УА-41к тобының қатысуымен 2015 ж. 30 қараша айында «Коммерциялық банктегі есеп және есептілік» тақырыбына арнайы іскерлік ойыны өткізілді.

Астана қаласына экскурсия

Астана қаласына экскурсияБілім беру процесінің тәжірибелік аспектісін күшейту мақсатында туризм және мейрамхана ісі кафедрасы «Туризм», «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандықтарының студенттері үшін «RIXOS PRESIDENT ASTANA» қонақ үйіне сыртқа шығу сабағын ұйымдастырды. Студенттер халықаралық деңгейдегі қонақ үй бизнесінің негіздері және ондағы қызмет жұмыстарының ерекшеліктерімен танысу мүмкіндігін алды. Экскурсиядан соң, студенттер Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына барып, отандық мұражай ісінің тарихында алғаш рет ұйымдастырылған «Жұлдызды гид» жобасының куәгері болды. «Жұлдызды гид» қатарында Қарақат Әбілдина, Құрмаш Маханов, Қалқаман Сарин, Клара Төленбаева, Маржан Арапбаева, Досымжан Танатаров және Гүлнұр Оразымбетова секілді қазақстандық эстрада өкілдері болды. «Жұлдыздардың» ұсынуымен студенттер халқымыздың бай мәдениеті туралы өз білімдерін толықтырды.

«Мастер-класс»

«Мастер-класс»25 қарашада 2015 жылы МН-41, Э-42, МН-33с, Э-33с топтарында «Экономика және менеджмент» кафедрасының э.ғ.к., доценті, ғылым жұмысы, инновациялық және стратегиялық даму бойынша проректоры Улыбышев Д.Н. «Әлеуметтік саланың экономикасы» пәні бойынша «Арнайы әлеуметтік қызметтер» атты тақырыпка мастер-класс өткізді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL