• Blog news

ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ EXPO-2017-ГЕ ҮЛЕСІ.

ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ EXPO-2017-ГЕ ҮЛЕСІ. 2015 жылғы 10 желтоқсанда университеттің 105 аудиториясы мен үлкен фоесінде "Қарағанды облысы жас ғалымдарының EXPO-2017-ге үлесі" көрме-конференциясы өтті. Көрме конференцияны Экономикалық және құқықтық зерттеулер Ғылыми-зерттеу институты Қарағанды облысының білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» АҒТО-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Көрме-конференцияға Қарағанды облысының оқушылары, студенттері мен магистранттары қатысып, алуан тақырыптағы жобалар ұсынды. Озық жобалардың авторларына түрлі аталымдар бойынша дипломдар мен сертификаттар тапсырылды. Жобалар жеке жинақ болып шықты.

«Страховой рынок Казахстана: проблемы и перспективы развития»

«Страховой рынок Казахстана: проблемы и перспективы развития»2015 жылдың 9 желтоқсанында «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасымен сағат 11.00-де 103 аудиторияда «Страховой рынок Казахстана: проблемы и перспективы развития» тақырыбына платинум дәрісі ұйымдастырылған болатын.
Дәріс оқыған «Номад Иншуранс» СК ҚФ АҚ директоры Нуртденов Руслан Ильгизирович. Ол студенттерді ҚР сақтандыру нарығының қазіргі жағдайымен таныстырды, сақтандыру іс-қызметінің негізгі қаржылық көрсеткіштерін, сақтандыру түрлерін және сақтандыру нарығының кейбір мәселелері мен оларды шешу жолдарын ашып көрсетті. Дәріске академиялық сұрақтар мен жаңа технологиялар бойынша проректор э.ғ.к., профессор Р.О. Бугубаева, ЕҚФ деканы э.ғ.д., профессор Г.Е.Накипова және оқытушылар шақырылды.

100 нақты қадам

100 нақты қадам8.12.2015 жылы Тауартану және сертификаттау кафедрасының магистранттары студенттермен бірлесіп «100 нақты қадам» тақырыбында флешмоб өтекізді. Бұл жаһандық ішкі тартысқа жауап және жаңа тарихи жағдайда 30 дамыған мемлекет қатарына қосылудағы ҰЛТ ЖОСПАРЫ.

ҚҚЭУ-де халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

ҚҚЭУ-де халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті2015 жылы 3 желтоқсанда экономика мен басқару факультеті әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар кафедрасымен бірлесіп БҰҰ-ның 70 жылдығына арнап «Біріккен Ұлттар Ұйымы: Өзгермелі әлем жағдайындағы жаһандық дипломатия» атты студенттер мен магистранттардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
Конференция жұмысына ҚҚЭУ, Е.А.Бөкетов ат. ҚарМУ, ҚММУ (Қарағанды, Қазақстан) және НИУ БелГУ (Белгород, Ресей) студенттері мен магистранттары қатысты.
Сырттай ИНЭФБ БашГУ, М.Акмулла ат. БГПУ, ФГБОУ ВПО УГАТУ (Уфа қ., Ресей), НИУ ВШЭ (Мәскеу қ. Ресей), Янки Купалы ат. ГГУ (Гродно қ., Беларусия), Чехия Университеті (Печь қ., Чехия) мен Питсбург мемлекеттік университеті (Питсбург қ., АҚШ) студенттері мен магистранттары қатысты.

Олимпиада

Олимпиада26 қарашада 2015 жылы Қарағанды экономикалық университетінде Қарағанды қаласы бойынша жоғары оқу орнының экономика мамандығы бойынша оқитын студенттер арасында Жоғары математика бойынша олимпиада өткізілді. Сайысқа 38 студент қатысты.

Оның ішінде:
1) ҚарМУдан - 9 студент,
2) ҚарМТУдан -3 студент
3) «Болашақ» академиясынан- 3 студент
4) ҚЭУдан – 23 студент.

Жұмыс тексеру нәтижесінде қорытынды келесідей:

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL