• Blog news

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!УА-13 тобының студенті Хузина Ляйсанды Жоғарғы математика пәні бойынша Университетаралық олимпиадада II жүлделі орынды иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Ашық есіктер күні

Ашық есіктер күні«Банк ісі» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.д., профессор Талимова Лязат Азимовна, э.ғ.к., доценттер Гусманова Жанара Ахмеджаровна, Сайфуллина Юлия Магдатовна және аға оқытушы Ермекова Кульмария Абдуалиевна Қарағанды облыстық білім басқармасының КММ «№ 1 Қазақ-түрік лицей - интернатында» «Ашық есіктер күні» атты кездесуін өткізу мақсатымен барды.
«Банк ісі» кафедрасының оқытушылары э.ғ.д., доценттер Гусманова Жанар Ахмеджаровна, Сайфуллина Юлия Магдатовна университет өмірі жайында бейнежазбалар көрсетіп, университет мамандықтары туралы баяндады.

Университет мамандықтарымен таныстыру

Университет мамандықтарымен таныстыру2015 жылдың 19 қаңтарында № 2 Н.Н.Нұрмақов атындағы Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебінде ҚЭУ Ашық есіктер күні өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты университет мамандықтарымен таныстыру (университет жөнінде бейнежазба көрсетілді, ақпараттық буклеттер мен брошюралар таратылды, ақпараттық сұхбаттасу өткізілді).
Оқушылар сұрақтар қоюға мүмкіндік алды, шығарушы кафедралардың жетекші оқытушыларымен сөйлесті, олар мамандықтардың ерекшеліктерін анықтап берді.

Семинар

Семинар2015 жылдың 14 қаңтар күні қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы «ҚЭУ-дегі мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту бағдарламасы бойынша орындалып жатқан іс-шаралар» атты семинар өткізді. (Жауаптылар: К.Т. Қабатаева, М.Ш. Тойжигитова).Семинарға проректорлар, бөлім басшылары, декандар, олардың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен қызметкерлер қатысты.Семинарда мемлекеттік тілдің қолдану және дамыту әдісін жетілдіру туралы тың ойлар айтылды. Семинарға қатысушылар белсенді түрде өз ойлары мен көзқарастарын білдірді. Олар: Ұлақов С.Н, Ханов Т.А., Гимранова Г.И, Кернебаев А.С, Жақсыбаева Г.М, Хауия С. т.б.Семинар соңында орта және жоғары деңгейлерге арналған курстардың оқулықтары мен сөздіктеріне презентация өткізілді.

Үлттық асхана ерекшеліктерін зерттеу

Үлттық асхана ерекшеліктерін зерттеу12-24 қараша аралығында Қарағанды экономикалық университетінде ішкі академиялық мобильділік шеңберінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университетінің «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы студенттеріне арналып «Қысқы мектеп» жұмыс істейді.
Ұлттық асхана ерекшеліктерін, қызмет көрсету мен сервис технологиясын зерттеу мақсатында, тауартатану және сертификаттау кафедрасымен «Мерей» қонақ үй кешеніне сапар шегу сабағы өткізілді, онда студенттерге мейрамхананың бас технологымен мастер-класс көрсетілді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL