• Blog news

ҚР Халық әртісі Тамара Асар (Бейнежазба)

Наурыз мейрамы«Наурыз мейрамын» тойлауға байланысты ұйымдастырылған концерт 2015 жылдың 19 наурызы күні Студенттер мәдениет сарайында өтті. ҚР Халық әртісі Тамара Асар бәрімізді шын жүректен құттықтады. Бұл оның қатысуымен өткен ғажайып, өте тамаша концерт болды. Біз Тамара Асардың жылы сөздері мен қалау-тілектері үшін, ҚЭУ-дегі мерекелі концерттің әшекейі болған әндері үшін алғысымызды білдіреміз. Концерттің өзін келесі сілтеме арқылы көруіңізге болады.

Н.Ә. Назарбаевқа қолдау көрсету үшін қоғамдық қайраткерлердің ҚЭУ студенттік жастарымен кездесуі

Н.Ә. Назарбаевқа қолдау көрсету үшін қоғамдық қайраткерлердің ҚЭУ студенттік жастарымен кездесуі 27 наурызда Студенттер мәдениет сарайында Қарағанды облысының қоғамдық қайраткерлерінің ҚЭУ студенттік жастарымен ҚР Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевқа қолдау көрсету мақсатында кездесуі өтті.

«IT-маманы – болашақтың кәсібі» атты жергілікті эссе байқауының өткізілуі қорытындылары

АТФ Ақпараттық-есептеуіш жүйелері кафедрасы орта білім беру мекемелерінің 10-11 сынып оқушылары арасында «IT-маманы – болашақтың кәсібі» атты жергілікті эссе байқауын ұйымдастырып, өткізді.
Байқаудың нәтижесінде жүлделі орындар келесідей үлестірілді:

Наурыз мейрамын

Наурыз мейрамын2015 жылдың 19 наурызы күні Студенттер мәдениет сарайында біздің университеттегі ең бір жарқын да, жылы уақиғалардың бірі «Наурыз мейрамын» тойлауға байланысты айырықша күйзеліс, ілтипатпен ұйымдастырылған концерт өтті. Сол күні бәрімізді шын жүректен ҚР Халық әртісі Тамара Асар құттықтады. Бұл оның қатысуымен өткен ғажайып, өте тамаша концерт болды. Біз Тамара Асардың жылы сөздері мен қалау-тілектері үшін, ҚЭУ-дегі мерекелі концерттің әшекейі болған әндері үшін алғысымызды білдіреміз. Үлкен рахмет Сізге, денсаулығыңыз зор болсын!
Университетіміздің барлық қызметшілерін, оқытушылар мен студенттерін Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Әз Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын!

Асық ойыны 2015 (Бейнежазба)

Асық ойыны 2015 (Бейнежазба)Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Наурыз айы- Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы.Бұл айда кұн мен түн теңеледі, сол себептен Наурызжыл басы болып саналады.

Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі. Тіліміздегі, қой асығы демеңіз, қолайыңа жақса сақа ғой немесеасығы алшысынан түсті.., бүге-шігесіне дейін анықтау... т.б. тіркестер тегін айтылмаса керек. Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген жасты: алтын асықтай немесе киіктің асығындай шымыр деп атайтын үрдіс бар. Мұндай фразеологизмдер асықтың айырықша символдық мәніне қатысты қалыптасқаны анық.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL