2015 жылдың 20-23 сәуір аралығында Орал мемлекеттік экономикалық университетінде «Өркениеттер сұхбаты: соғыссыз әлем» атты VI Еуразиялық экономикалық жастар форумы басталды! Форум шеңберінде халықаралық және бүкілресейлік деңгейдегі байқаулардың бес финалы өтті: «ХВҚ моделі», «Eurasia Green», «Глобальды экономикадағы корпоративтік басқару мен инвестициялар», «Азық-түліктік қауіпсіздік», «Территориялардың бәсекелестік қабілеттігі». Ғылыми-зерттеу жобаларының халықаралық байқауында «Eurasia Green» жас ғалымдар мен студенттерін «Экологиялық мәдениет пен дүниетаным» бағыты бойынша біздің университетті «Туризм» және «Мейрамхана ісі мен мейрамханалық бизнес» мамандықтарының студенттері Абдиева Айнура, Шәкенова Айша және Уралбаева Эльвира таныстырды.
2015 жылдың 27 сәуірінде ҚЭУ ақпараттық-білім беру орталығында Волгоград мемлекеттік университеті негізінде «Ұлттық және халықаралық қаржылық жүйелердің өзгеруі жағдайында Ресейдің, Қазақстан мен Беларусь Республикасының салықтық жүйелерінің дамуы» атты тақырыпта II Жыл сайынғы Халықаралық студенттік ғылыми интернет-конференциясы өтті, оған ҚЭУ, сонымен қатар Кубан МАУ, Беларусь МЭУ студенттері мен магистранттары қатысты. Баяндамаларымен магистранттар Ф-21НП тобының - Корпешова Айдана, Ф-11НП тобының – Курманалин Сайран, Ф-22 тобының – Абдыгалым Алуа, Писаренко Анна, УА-32 тобының – Зимакова Елизавета, Голубева Елена, Каппас Жибек, Макеева Алина, Ф-22с тобының – Масло Анжелика студенттері шықты. ҚЭУ-дан конференция ұйымдастырушысы болып ҚСС кафедрасынын – э.ғ.к., аға оқытушы Лукпанова Ж.О. және э.ғ.к., доцент Улаков Н.С. шықты.
2015 жылдың 27 мамырында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті Бизнес және құқық факультеті «ҚР Конституциясына 20 жыл: тиімділік және перспективалық реформалау сұрақтары» дөңгелек үстелін тәжірибелік жұмыскерлердің қатысуымен өткізуде. Студенттерді, магистранттарды, PhD докторанттары мен жоо мұғалімдерін іс-шараға баяндамаларымен қатысуға шақырамыз. Талқылауға арналған сұрақтар: қазқстандық конституциялық моделінің жақын және шалғай келешектегі даму болжамдары. Қазақстандық конституционалисттерге болашақ отандық Конституция қалай көрінеді? Қазақстанның конституциялық дамауының қандай мәселелері он жылдан кейін де сақталады және қандай жаңа мәселелер туындайды? Болашақта мемлекеттанушылардың рөлі қалай өзгереді? Осы және басқа да көптеген қызықты сұрақтарды біз дөңгелек үстелдің барысында талқылауды жоспарлаймыз. Дөңгелек үстелдің өткізілу жері мен уақыты: Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті бас корпусы, 1-қабат, аудитория 104 (конференц зал). Басталуы 14.00де.
2015 жылдың 22 сәуірінде «Болашак» Қарағанды университетінде заң мамандығы студенттері арасында аймақтық пәндік олимпиада өтті, оған 5 команда қатысты: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университет, «Болашак» Қарағанды университеті және ҚР ІІМ Қарағанды академиясы. Олимпиада нәтижелері бойынша ҚҚЭУ «Бiрлiк» командасы, құрамында Акшимов Руслан, Кусаинова Сабина, Мейржанова Жанара студенттері бар, бірінші жүлделі орынды иеленді. Бұдан басқа, «Блиц- опрос» сұрақ-жауап байқауы қорытындысы бойынша Кусаинова Сабина «Жылдам ойлауы» үшін грамадақтамамен марапатталды.
Заңгерлік клиника қызметінің мақсаты – халыққа құқықтық көмек көрсету және құқықтық ағарту, «Юриспруденция» мамандығы студенттерінде әлеуметтік қорғалмаған халық топтарына заңгерлік көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру. Заңгерлік клиника жұмыс уақыттары: Дүйсенбі – жұмы 14:00 – 17:00 Байланыс аялары: Қарағанды қ., Академическая көш. 9, ҚҚЭУ 203а кабинеті (ЭҚҚР кафедрасына жолығыңыз, 207 каб.) E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.; Тел.: +7 (721) 2441568 (ішкі 126) Заңгерлік клиника міндеттері: 1. Халыққа ақысыз құқықтық көмек көрсету; 2. Халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру; 3. Аз қамсыздандырылған халық топтарына екпіндеп Қазақстанда әділ сотқа жүгінуге мүмкіндікті қамтамасыз ету; 4. Әлеуметтік бағдарланған кәсіби заңгерлік дүниеге көзқарасын тәрбиелеу; 5. Заңгерлік кәсіптің студенттердің тәжірибелік машықтарын игеруіне бағытталған оқу процесін қамтамасыз ету.
Көбінесе заңгерлік көмекті қажет тұтатын адамдар көптеген себептерге байланысты кәсіби заңгерлерге жүгіне алмайды. Соған байланысты, біздің есіктер зеңгерлік кеңестерді қажет ететіндерге әрқашан ашық. Біз өз клиенттеріміздің заңгерлік біліктілігін жоғарылату мәселесіне үлкен көңіл бөлеміз. Біз сіздерге өтініштер мен басқа да процессуалдық қағаздарды сауатты толтыруға жәрдем береміз.