2022 жылдың 22 қыркүйек күні сағат 16.00де «шетел және орыс тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен алдағы келе жатқан «Тілдер күніне» орай №3 жатақхана студенттеріне арнап «Тіл тағдыры-ел тағдыры» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде мемлекеттік және халықаралық тілдерге қатысты қызықты мәліметтер беріліп, сұрақ-жауап ойындары өткізілді.
2022 жылдың 22 қыркүйегінде «QazTehna» ЖШС мен Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінің өкілдері арасында кездесу өтті. Кездесу барысында білім беру саласындағы мәселелер, бірлескен зерттеулер мен жобалар, студенттердің кәсіби тәжірибесі, одан әрі ынтымақтастықты дамытудың Жол картасын әзірлеу мәселелері талқыланды.
2022 жылғы 21 қыркүйекте халықаралық сарапшы, Германияның экономика және даму Министрлігі (BMZ) қаржыландыратын өңірлік жобалардың үйлестірушісі, Тәжікстан әлеуметтік жұмыс мектептері Қауымдастығының директоры, Э. ғ. д., профессор Ашуров С.Б. және Қазақстандағы «Әлеуметтік жұмыс мектептері Қауымдастығы» ЗТБ тең құрылтайшысы Жанаева Г.С. іс сапармен университетімізге келді. Әлемдік білім кеңістігіне кірігу, жоғары мектептің сыртқы стейкхолдерлермен ынтымақтастығы – бүгінгі күннің талабы. Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті әлеуметтік жұмыс мектептерінің халықаралық қауымдастығының (IASSW) бір бөлігі болу мақсатын қояды. Алғашқы қадам жасалды – құрылтайшысы «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық Альянсы» РҚБ директоры Д.Г. Есімова және директоры Г.С. Жанаева тұлғасында «Қазақстандық Швейцария-Американдық колледж» ЖШС болып табылатын Қазақстандағы «Әлеуметтік жұмыс мектептерінің қауымдастығы» ЗТБ-ға кіру туралы шешім қабылданды. Сапар барысында университет ректоры, э.ғ.д., профессор Аймағамбетов Е.Б., академиялық мәселелер және стратегиялық даму жөніндегі проректор, э.ғ.к., доцент Абеуова С.Т. және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесулер өтті. Қазақстандағы әлеуметтік жұмыс мектептері қауымдастығына кіру мәселелері талқыланды. Э.ғ.д., профессор Ашуров С.Б. «Әлеуметтік жұмыс» және «Психология және білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламаларының студенттеріне «Мүгедектігі бар адамдардың мәселесін шешу контексінде инклюзивті қоғамды қалыптастыру» тақырыбында платина дәрісін оқыды. Қонақтар үшін университет бойынша ұйымдастырылған экскурсия, ЖОО-ның алдыңғы қатарлы материалдық-техникалық базасының презентациясы жақын келешектегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын нақтылауға мүмкіндік берді.
Кәсіби шеберлікті, сондай-ақ білім беру қызметтері нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін Маркетинг және логистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы өзінің теориялық білімін тұрақты түрде жақсартады және маркетинг және логистика саласындағы курстарды игеру арқылы алған дағдыларын шыңдайды.
Ұлттық ғылыми кеңестің 24.08.2022 ж. шешіміне сәйкес 2022-2024 жылдарға арналған "Жас ғалым 2022" жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпаздары: