• Blog news

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің биылғы түлектері - университет қонағы

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің биылғы түлектері - университет қонағыМамандық таңдау мәселесі – адам өміріндегі ең күрделі және жауапты қадам.
Мамандық таңдау барысында колледж түлегі «Мен қалаймын», «Менің қолымнан келеді», «Маған керек» деген сұрақтарға жауап таба отыра, өз қабілеттіліктерін, ішкі сенімдері мен нақты мүмкіндіктерінің түйіскен жерін ескергені абзал.
Ұнайтын мамандықты таңдау және өмір бойы өзіңізді қамтамасыз ету үшін алдымен адам өзін танып, мұқият зерттеуі қажет. Әрбір жас түлек өзінің мүмкіндіктерін белгілі бір деңгейде біледі. Болашақ маманның өз бойындағы потенциалының толық ашылуы үшін Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті таптырмас мүмкіндік. Осы орайда 29 Наурыз күні Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының 2021-2022 жылғы түлектері университетіміздің қонағы болды.

№27 Жалпы білім беретін мектеп түлектері үшін «Ашық есік» күні

№27 Жалпы білім беретін мектеп түлектері үшін «Ашық есік» күніМектеп түлектері үшін соңғы төртінші тоқсанның басталар уақыты да келіп қалды, ал демалыс уақытында, яғни, 29 наурыз күні жалпы білім беретін №27 мектеп оқушылары біздің университетіміздің қонағы болды.
Оқушылар білім ордасының материалдық-базалық әлеуетімен, компьтерлік сыныптар, интерактивті жабдықтары бар дәрісханалар, сандық кітапханамен таныстырылып, музей және студенттердің мәдениет сарайы, әр білім беру бағдарламасының арнайы жабдықталған аудиториясын қамтыған экскурсия өткізілді.
Біз сіздерді өз университетіміздің студенттері ретінде көруді асыға күтеміз!

"Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғам: теориялық және практикалық аспектілер"дөңгелек үстелі

"Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғам: теориялық және практикалық аспектілер"дөңгелек үстелі

2022 жылғы 16 наурызда PhD докторы Каржасова Г.Б. және аға оқытушы Абиев Е.С. СПД-21-1к және СПД-21-2к топтарында "Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғам: теориялық және практикалық аспектілер"тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелде үкіметтік емес ұйымдардың ерекшеліктері, саяси партиялардың рөлі мен мүмкіндіктері, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың ерекшеліктері мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстелде Мадес Диас "Қазақстан Республикасы біртұтас мемлекет ретінде " тақырыбында баяндама жасаса, Макадан Диас " Жаңа дәуірдегі-Қазақстан" тақырыбында ой қозғады, ал Закен Назира "Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері" атты баяндамамен сөз сөйледі. Сондай-ақ, Қанатова Алтынай өз кезегінде "Үкіметтік емес ұйымдардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері"тақырыбында пікір білдірді.
Студенттер жоғары деңгейде білімдерін көрсетіп, белсенділігімен қызығушылық танытты.

Жаңғырту және жаңарту: жастар реформалар үшін

Жаңғырту және жаңарту: жастар реформалар үшін2022 жылдың 28 наурызында Университеттің ақпараттық-насихат тобының мүшелері студенттік активпен Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесудің модераторы, әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Қ.Ж. Әбілов: «Біз болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік беретін жаңа құжат алдық. Ел Президенті қоғамды толғандыратын, соның ішінде елдің саяси трансформациясына қатысты сұрақтарға толық жауап берді» - деді.
Спикерлер: з.ғ.к., «Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» кафедрасының доценті Н.В.Сидорова, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Е.А.Ставбуник, сондай-ақ, кездесудің модераторы қатысушыларға Президенттің мәртебесін өзгерту, биліктің өкілді тармағын қайта қалыптастыру, сайлау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша партиялық жүйені дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуға, елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіруге және жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыруға бағытталған ел Президентінің негізгі бастамаларын түсіндірді.
Ақпараттық-насихат тобының мүшелері студенттердің сұрақтарына жауап берді.

«Адам саудасының алдын алу» платиналық дәрісі

«Адам саудасының алдын алу»  платиналық дәрісі

Қазіргі Әлем Адам құқықтарының бұзылуымен байланысты жаһандық күйзелістерді бастан кешуде, олардың бірі адам саудасы. Бұл құбылыстың пайда болу себептері қандай, адамдар адам саудасының құрбанына айналады, адам саудасына қалай қарсы тұру керек, өзіңді және жақындарыңды алдаудан, алаяқтықтан қалай қорғау керек, адам саудасының құрбандарына қандай көмек көрсету керек – бұл «Қайсар» ҚҚ төрағасы О.Ю.Тарабукинаның «платина» дәрісінде талқыланған мәселелер шеңбері.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL