• Blog news

«Атамекен» ҰКП рейтингі - 2021

«Атамекен» ҰКП рейтингі - 2021

ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша  «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы төртінші жыл қатарынан білім беру бағдарламаларының рейтингін өткізіп келеді. Бағалау 19 критерий бойынша жүргізіледі, олардың ішінде ең маңыздылары: түлектердің мансаптық болашағы, олардың жұмысқа орналасуы және орташа жалақысы, білім беру бағдарламаларының сапасы, аккредиттеу, цифрландыру, мазмұнның өзектілігін бағалау және т. б.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің келесі 13 бағдарламасы саралау жүргізілген 17 бағдарламаның ішінен республика бойынша үздік ондыққа кіргенін қуана хабарлаймыз:

Белсенді ОҚУ-ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК КЕШЕН

Белсенді ОҚУ-ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК КЕШЕН

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек биопсихоәлеуметтік үлгі базасында медициналық көмек көрсету жүйесінің негізі болып табылады және аурулар мен жай-күйлердің профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, әлеуметтік-медициналық оңалту, сауаматты өмір салтын қалыптастыру және халықты санитариялық-гигиеналық ағарту жөніндегі іс-шараларды қамтиды. Қолжетімді және сапалы алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қамтамасыз ету мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесінің әлеуметтік қызметкерлері мен психологтарының кәсіпқойлығына байланысты.

Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасы медициналық мекемелердегі ОҒӨК серіктестерімен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасайды. 2022 жылғы 2 ақпанда «Психология және білім берудегі менеджмент» және «Әеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламаларының студенттеріне «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі әлеуметтік-психологиялық жұмыс» тақырыбында «Гиппократ» МФ ЖШС директорының орынбасары В.А. Нестерованың «платина» дәрісі өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың, жастардың репродуктивті денсаулығын нығайтудың, күйзелісті және күйзеліске төзімділікті басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері мен технологиялары талқыланды.

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде өткізілген Халықаралық сайлау күні!

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде өткізілген Халықаралық сайлау күні!2022 жылдың 3 ақпанында Будапештте 2005 жылы 14-17 қыркүйекте өткен Сайлау ұйымдастырушылардың Бас конференциясының шеңберінде белгіленген Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтілді.
Осы орайда 4 ақпан күні - Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» кафедрасының оқытушы құрамымен Халықаралық сайлау күніне арналған 2 сағатқа созылған іс-шаралар өткізілді. Аға оқытушы Есенов Дастан Құдайбергенұлы және заң ғылымдарының кандидаты, доцент Сидорова Наталья Владимировна бастамаларымен «Әлемдегі және Қазақстандағы сайлаудың мәні мен тарихы туралы» мемлекеттік және орыс тілдерінде дәрістер өткізілді. Қатысушы аудиториясы «Экономика», «Дене шынықтыру және спорт менеджменті», «Кеден ісі», «Есеп және аудит», «Юриспруденция» мамандықтарының студенттерінің қатысумен ерекшеленді. Дәрістер сайлау құқығы бойынша құрастырылған интеллектуалдық ойындармен жалғасты.
Осы күнді өткізудің басты міндеттері – қоғам санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейілділікті қалыптастыру.

Жас депутаттар корпусының активі

Жас депутаттар корпусының активіБизнес, құқық және технология факультетінің белсенді студенттері «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған Жас депутаттар корпусы активінің арнайы кездесуіне шақырту алып, қатысып қайтты. Кездесу барысында өңірдегі жас депуттар мен қала белсенділерінің пікірлері тыңдалынып, алдағы уақытқа бірқатар жоспарлар құрылды. Жастарды толғандырған өзекті мәселелерді талқылап, еркін ой алмасу форматында өткізілген іс-шара өз кезегінде факультет белсенділері үшін үлкен мотивация әрі тәрбиелік маңызға ие болды. Жиналыс соңында «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы Төрағасының 1 орынбасары Алтынбеков Бекзат Қомарұлы жастардан үлкен үміт күтетін айтып, алғысын білдірді.

Испаниядағы MIETC жобасы бойынша Қазтұтынуодағы ҚарУ магистрлік пәндік тренингтер

Испаниядағы MIETC жобасы бойынша Қазтұтынуодағы ҚарУ магистрлік пәндік тренингтер

31.01.2022 бастап 02.04.2022 дейін Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің жұмыс тобы магистратураның пәндік оқуларынан өтті, оның аясында магистратураның пәндері бойынша оқу үдерісін жүзеге асырудың әдістемесі мен әдістемесі қарастырылып, талқыланды.
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті оқыту аясында серіктес университеттер арасындағы ынтымақтастық саласында жұмыс жүргізді. Тәжікстанның технологиялық университетімен және Тәжік мемлекеттік сауда университетімен ғылыми-білім беру консорциумы аясында бірлескен қызмет туралы екі келісімге қол қойылды. Тараптар жоғары білікті мамандарды даярлау жүйесін дамытуға және экономика мен менеджменттің өзекті мәселелері бойынша теориялық, әдістемелік және қолданбалы сипаттағы ғылыми жобаларды іске асыруға бағытталған бірлескен ғылыми, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру үшін ғылыми-білім беру консорциумын ұйымдастыруға келісті.
Сондай-ақ «Халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейінің әлеуметтік детерминанттары: тенденциялар мен дамулар» атты бірлескен зерттеу тақырыбы ұсынылды. 2022 жылдың сәуір айында серіктес университеттермен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарлануда, қазіргі уақытта іс-шаралар бағдарламасы әзірленуде.

https://youtu.be/hHYgoxe0kCA

https://youtu.be/QVpQouXuzEU

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL