• Blog news

Абай болыңыздар, сүңгі!

Абай болыңыздар, сүңгі!

Қалың қардың түсуі нәтижесінде үйлердің, ғимараттардың төбелерінде қар жиналып, мұз сүңгілері пайда болады. Олар төбеден құлап, адамдардың жарақаттануына жарақатқа алуына әкеліп соғуы ықтимал.
Осыған байланысты, төбе ернеулерін қауіпсіз жағдайға келтіру үшін, уақытылы және түбегейлі шаралар қолдану қажет. Мұндай жұмыстарды жүргізу мүмкіндігі болмаса, жаяу жүргіншілер жағындағы қауіпті учаскелерді жіппен қоршап, ескерту белгілерін қою қажет. Азаматтық қорғаныс штабы сүңгілердің құлауы салдарынан жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында университет студенттері мен қызметкерлеріне мынадай қауіпсіздік шараларын ұсынады:
- Ескерту белгілері қойылған жерлерді айналып өтіңіз;
- Жоғарыдан шу естісеңіз, адымдап тез жүруге тырысыңыз;
- Көшеде құлаққап киіп жүрмеңіз, сіз төбеден құлап келе жатқан қардың дыбысын естімей қаласыз;
- Төбенің құламасы бар үйлерге жақындамаңыз;
- Электр беретін құрылғылардың желілерінен, ғимараттардың және басқа да нысандардың төбе ернеулерінен қардың құлауы мүмкін жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;
- Төбеден құлайтын қардан және мұз сүңгілерінен сақ болыңыз!
Ата-аналар өз балаларына үйлер мен ғимараттардың маңында жүру ережесін сақтауды үйрету қажет. Қауіпті шатырдың астында ойнау қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін.

 

АҚ штабының бастығы Н.Әлімқұлов

"Достық "Коворкинг орталығы" стартап жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша студенттердің онлайн мастер-классқа қатысуын ұйымдастырды

"Достық "Коворкинг орталығы" стартап жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша студенттердің онлайн мастер-классқа қатысуын ұйымдастырды"QazTechVentures" АҚ және Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру бойынша жол картасы шеңберінде "Достық "Коворкинг орталығы" "QazTech Ventures" АҚ маркетинг және коммуникациялар департаментінің директоры Ш.Досмаханбет өткізген стартап жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша онлайн-мастер-класқа студенттердің қатысуын ұйымдастырды.
Бұл мастер-класс қатысушыларға келесі сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берді:
- - Бизнес ашу үшін ақшаны қалай тартуға және инвесторды табуға болады?
- - Инвестормен қандай шарттармен жұмыс істеу керек?
- - Инвестор қалай және қандай өлшемдер бойынша таңдайды?

Қазақтың ұлттық киімі - қазақ материалдық мәдениетінің негізі

Қазақтың ұлттық киімі - қазақ материалдық мәдениетінің негізі

2021 жылдың 15 ақпанында "Әлеуметтік жұмыс және ҚХА" кафедрасы Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен Егемен Қазақстанның 30 жылдығына арналған
" Қазақтың ұлттық киімі - қазақтың материалдық мәдениетінің негізі " атты дөңгелек үстел өткізді.
Университет студенттері қазақтың ұлттық киімінің түрлері мен ерекшеліктері туралы айтты (К.Назарова); көшпелінің әскери киімдері мен жабдықтары (В. Кравченко); үйлену көйлегі, зергерлік бұйымдар және аксессуарлар (Васковская К.,); әйелдер, ерлер және балалар бас киімдері (Кикимова Д.Б); балалардың ұлттық киімдері (Трубицкая Е.); заманауи киімдегі дәстүрлі элементтер (К. Хабарова).
Дөңгелек үстелге Қоғамдық келісім» КММ кафедра меңгерушісі» Д.Б. Малаев қатысты; кафедра оқытушылары, университет студенттері.

АЛҒЫС ХАТ

АЛҒЫС ХАТҚазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Бизнес, құқық және технология» факультетінің «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының филос., ғ.к., доцент Сейфуллина Галия Рустембековна Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде жас мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін» желтоқсан айының 2020 жылы Министр А.К. Аймағамбетовтан Алғыс білдірілді. Кафедра ұжымы Сейфуллина Галия Рустембековнаны шын жүректен құттықтап, алдағы қажырлы еңбек жолында толағай табыстар тілейді!!!

Қазақтың ұлттық киімі - қазақ материалдық мәдениетінің негізі

Қазақтың ұлттық киімі - қазақ материалдық мәдениетінің негізі

2021 жылы 10 ақпанда «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасы егемен Қазақстанның 30 жылдығына арналған «Қазақтың ұлттық киімі - қазақтың материалдық мәдениетінің негізі» атты дөңгелек үстел өткілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар әлемнің 8 кереметімен, Қазақстанның басты археологиялық ашылуы - Алтын Адаммен (Алтын Адам), оның әскери техникасымен және безендірілуімен танысты.
Университет студенттері қазақтың ұлттық киімінің түрлері мен ерекшеліктері туралы айтты (К.Назарова); көшпелінің әскери киімдері мен жабдықтары (В. Кравченко); үйлену көйлегі, зергерлік бұйымдар және аксессуарлар (Васковская К.,); әйелдер, ерлер және балалар бас киімдері (Кикимова Д.Б); балалардың ұлттық киімдері (Трубицкая Е.); заманауи киімдегі дәстүрлі элементтер (К. Хабарова).
Дөңгелек үстелге Қоғамдық келісім» КММ кафедра меңгерушісі» Д.Б. Малаев қатысты; кафедра оқытушылары, университет студенттері.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL