• Blog news

"Бірлік" дебат клубының қатысушыларын құттықтаймыз!

"Бірлік" дебат клубының қатысушыларын құттықтаймыз!

2021 жылдың 20-21 наурызында "Бірлік" дебат клубы Қарағанды техникалық университетінің базасында "Сапалы білім – саналы ұрпақ" республикалық дебат турниріне қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша біздің студенттер дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды:
1 дәрежелі диплом-фракция "Өзіміз ғөй" Құдайбергенов Аян (гр.Лог-19-1к), Жақсылықова Диана (гр.ЭМ-19-1к)
2 дәрежелі диплом - "У" фракциясы Камен Өмірбек (гр.Ю-41к)
"Үздік спикер" – Аманкелді Мадияр (гр.Ф-41к)
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Ұлағат "дебат клубын 1 орынмен құттықтаймыз!

Ұлағат "дебат клубын 1 орынмен құттықтаймыз!

"Ұлағат" университетінің дебат клубы (орыс лигасы) "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында жаңа Қазақстанның маманын қалыптастыруға арналған "Болашақ жастары" студенттік облыстық дебат турнирінде 15 команда арасында 1-ші орынды иеленді. Команданы 1 курс студенттері Пономарев Игорь (гр. Ф-20-2 ), Петрова Яна (гр. Лог-20-2), Шәкенов Рүстем (Ю-20-6С), Бислингер Амалия (гр.МО-20-2).

Турнир қорытындысы бойынша кубокпен және 1 орын дипломымен марапатталды, сондай-ақ "Үздік спикер" дипломы Рүстем Шәкеновке берілді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

"ТІЛ ШЕБЕРІ" ЗИЯТКЕРЛІК ЖОБА

"ТІЛ ШЕБЕРІ" ЗИЯТКЕРЛІК ЖОБА

Наурыз айында шет және орыс тілдері кафедрасы Қарағанды қаласының 11 сынып оқушыларына «Тіл білгірлері» атты интеллектуалды жобасын өткізді. Жобалар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде қорғалды. Қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

II дәрежелі диплом - Оспанова Даяна №53 мектеп-лицейі,
III дәрежелі диплом - Сламгалиева Ляззат №12 орта мектеп, Бекмаматова Элнура №27 орта мектеп табысталды.

Белсенді қатысқан оқушылар мен оларды дайындаған мұғалімдеріне алғыс айтамыз!

 

Мастер-класс "Жылжымайтын мүлік саласында қалай ақша табуға болады?»

Мастер-класс "Жылжымайтын мүлік саласында қалай ақша табуға болады?»2021 жылдың 17 наурызында студент жастар арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша "Достық" Коворкинг орталығының оқиғалар күнтізбесіне сәйкес "Қарағанды ипотека Орталығы" компаниясының директоры Қ.А. Джамбулов ZOOM платформасында "Жылжымайтын мүлік саласында қалай ақша табуға болады?"тақырыбында мастер-класс өткізді.
Бұл мастер-класс қатысушыларға:
- Жылжымайтын мүлік нарығында тиімді пайданы қалай тез және оңай алуға болады;
- Меншікті қаражат пен кредиттерді тартпай, мәміле үшін 500000 теңгеден артық ақшаны қалай табуға болады;
- Сіздің бизнесіңізді барлық жағынан қандай заңды құжаттар қорғайды;
- Неліктен жас кәсіпкерлер тәжірибелі риэлтордан көп ақша таба алады;
- Қандай объектілер 700000 тг артық пайда әкеледі;
Мастер-класс өте танымды және қызықты болды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз білімдерімен бөлісіп, сондай-ақ, сөзсіз, жаңаларын ала алды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL