2021 жылы 16 наурызда «ТабысАудитКонсалтинг» ЖШС директоры Ундерис Еркебуланның қатысуымен «1С-тағы жалақы есебі: бухгалтерлік есеп» тақырыбында онлайн-веб-семинар өткізілді. Вебинар барысында жалақы бойынша барлық ұсталымдар, жалақыны түзету бойынша өзгерістер мен жаңалықтар туралы мәселе қаралды. Ундерис Еркебұлан бағдарламадағы жалақы есебін толығымен көрсетті. Осы онлайн-вебинардың модераторы «Есеп және аудит» кафедрасының оқытушысы М.Е.Хасенова болды. Есеп және аудит кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының студенттерімен бірге вебинарға белсенді қатысты.
Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Сонымен қатар, жұртшылық мал сойып, өткен-кеткен ата-бабаларына құран бағыштайды. Ағайын-туған, көрші-қолаң таяуда ғана жақынынан айырылған отбасылардың үйіне барып, «марқұмға тие берсін» айтып дастарханынан дәм татады. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалады. «Шежіре күніне» арналған ойын өтті. Ойынға Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті және Қазтұтынуодағы экономика және құқық колледжі студентері қатысты!
Наурыз мейрамында біздің университет қызметкерлерінің жұмыста белсенділік пен жоғары нәтижелер көрсеткен, білікті мамандарды даярлауға, зияткерлік, мәдени және адамгершілік тұлғаны қалыптастыруға жеке үлес қосқан еңбектерін атап өту игі дәстүрге айналды Барлық қиындықтарға қарамастан, биыл да осы дәстүр жалғасын тапты, университет ректоры Аймағамбетов Ерқара Балқараұлы бірнеше бұйрық шығарды: - 28 қызметкер материалдық көтермелеуге ие болды; - 30 қызметкерге алғыс жарияланды; Сондай-ақ - университет пен колледждің жиырма бес студенттері, магистранттары мен докторанттары алғыс хаттар алды; Колледждің 8 студенті сыйлықтарға ие болды, оның ішінде: 6 адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған бейнероликтер конкурсында бірінші орын алғаны үшін және 2 адам - республикалық конкурстардың жеңімпаздары. Біздің ардагерлеріміз де ұмыт қалған жоқ - олар да сондай-ақ мейрамда материалдық көмек алады.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойына арналған шетел тілдерінен халықаралық онлайн-олимпиада өтті. Мамутов Фарид (ағылшын тілі), Абай Қорлан (ағылшын тілі) және Рахимова Толкын (неміс тілі) біздің университеттіміздің намысын қорғап үздік нәтиже көрсетті.
Мамутов Фарид ХҚ-20-2 тобының студенті III орын алды! Рахимова Толкын ДЭ-18-2 тобынның студенті II орын алды!
Студенттер мен шетел және орыс тілдері кафедрасының оқытушыларын құттықтаймыз! Алдағы бастамаларыңызға табыс тілейміз!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасының жобасы аясында 17 наурыз «Тарихқа тағзым» күні деп бекітілген болатын. Осыған орай бизнес, құқық және технологиялар факультеті Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесе отырып Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттеріне «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» тақырыбында дәріс өткізді. Мұражайдың ғылыми қызметкері Зейнепкарова Акниет дәріс барысында студенттерді ұлттық құндылықтapды бағалауға, сондай-ақ тарихын білуіне, eлiнe, жеріне дeгeн cүйicпeншiлікті apттыруына шақырды.