• Blog news

«Аманат» студенттік ғылыми қоғамы

«Аманат» студенттік ғылыми қоғамыҚазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінің бизнес, құқық және технология факультетінің «Аманат» студенттік ғылыми қоғамы «Ғылым және оның қоғамдағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел модераторы ЭҚҚР кафедрасының аға оқытушысы Магдатова Қ. Ж. «Аманат» СҒҚ қызметі туралы, оның негізгі мақсаты «Аманат» резиденттерінің зерттеу әлеуетін ашуға, ғылыми қызмет нәтижелерін ғылыми-білім беру кеңістігіне біріктіруге жәрдемдесу, студенттер арасында ғылыми-зерттеу жұмысын кеңінен насихаттау, практикалық қызметте заманауи ғылымның жетістіктерін шығармашылықпен қолдана алатын студенттердің кәсіби даярлығының сапасын арттыру екендігі туралы айтып берді.

Төртінші #ERASMUSDAYS 2020 халықаралық күннің шеңберіндегі «ERASMUS + бағдарламасымен бірге Еуропаға терезе» атты онлайн байқауның нәтижелері

Төртінші #ERASMUSDAYS 2020 халықаралық күннің шеңберіндегі «ERASMUS + бағдарламасымен бірге Еуропаға терезе» атты онлайн байқауның нәтижелеріҚазтұтынуодағы Қарағанды ​​экономикалық университеті Еуропалық Одақтың ERASMUS+ бағдарламасын кеңінен танымал етуге, осы бағдарламаның мүмкіндіктерін білуге, ERASMUS+ жобасына қатысушылардың нәтижелері мен тәжірибелерін көрсетіп, оларды қатысуға тартуға бағытталған «ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН БІРГЕ ЕУРОПАҒА ТЕРЕЗЕ» атты онлайн-байқауының нәтижелерін жариялайды.

 

Ресурстық орталықтың магистранттармен, докторанттармен және қаржы, логистика және сандық технологиялар факультетінің студенттерімен онлайн кездесуі

Ресурстық орталықтың магистранттармен, докторанттармен және қаржы, логистика және сандық технологиялар факультетінің студенттерімен онлайн кездесуі2020 жылдың 12 қазанында Ресурстық орталық ZOOM платформасында келесі жылдың магистратура және докторантура түлектерімен онлайн-кездесу өткізді. Кездесу барысында орталық өзінің қызметі туралы ақпарат берді, одан әрі жұмысқа орналасудың барлық мәселелерін атап өтті. Орталық сонымен қатар олардың жұмысқа орналасуға көмектесуде қандай көмек көрсете алатындығын айтты.

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан бітіруші курс студентерімен, магистранттарымен және докторанттарымен Ресусртық орталықтың онлайн кездесуі

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан  бітіруші курс студентерімен, магистранттарымен және докторанттарымен Ресусртық орталықтың онлайн кездесуі2020 жылдың 14 қазанында сағат 15:10-да ресурстық орталық мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша күндізгі бөлімнің барлық факультеттерінің бітіруші курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу тақырыбы студенттерді бөлу және грантты міндетті түрдегі өтілі болды. Түлектерге бөлудің барлық сәттері мен кезеңдері түсіндірілді, жұмыстан босататын мерзімдер мен жағдайлар туралы айтылды. Түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сол күні сағат 16: 10-да мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың бітіруші курстарының магистранттары мен докторанттарымен олардың бөлінуі мен гранттың міндетті өңделуін талқылау үшін онлайн кездесу өтті.

«ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША САУАЛНАМА ЖӘНЕ СҰРАУ ПАРАҚТАРЫН ДАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ» ТАҚЫРЫБЫНА ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

«ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША САУАЛНАМА ЖӘНЕ СҰРАУ ПАРАҚТАРЫН ДАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ» ТАҚЫРЫБЫНА ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

2020 жылдың 14 қазанында ЭҚЗ ҒЗИ қызметкерлері екінші оқу жылының магистранттары үшін ғылыми-зерттеу тәжірибесін өту шеңберінде "Зерттеу тақырыбы бойынша сауалнама және сұрау парақтарын дайындау тәртібі" тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Семинар барысында бірқатар келесідей сұрақтар қарастырылды: сауалнамалар мен сұрау парақтарын жасау түрлері мен тәртібі; респонденттерді таңдау; іріктеме көлемін есептеу; респонденттерге сауалнама және сұрау жүргізу кезінде туындайтын мәселелерді шешу; сауалнама нәтижелерін өңдеу; эмпирикалық зерттеулер нәтижелерін тиімді қолдану. Сауалнамалар мен сұрау парақтарының шамалық үлгілері көрсетілді.
Магистранттарға осындай ақпарат өздерінің ғылыми-зерттеу қызметінде пайдалану үшін қажет.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL