• Blog news

«Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша үлгілі сабақ өткізілді.

«Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша үлгілі сабақ өткізілді.Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы Ныйканбаева Айгуль Исақызы 10.11.2020жылы Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп және аудит пәнінен «Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» мамандығында оқитын РД-18-1к тобында онлайн формата ашық дәріс сабағын өткізді, сабақтың тақырыбы «Міндеттемелер есебі» оның ішінде:
1.Жұмыс уақытының есебі және еңбекақыны есептеудің құжатпен рәсімделуі
2.Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен шегерімдер есебі
Сабаққа «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының оқытушылары және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті тарапынан академиялық сапа кеңесінің комиссия мүшесі Каримова Бақытгуль Нурланқызы қатысты.
Сабақтың негізгі мақсаты:
Қызметкерлердің нақты атқарған жұмыс уақытына еңбекақының есептелуі және құжатпен рәсімделуі, еңбекақыдан ұсталынатын міндетті, ерікті ұсталымдарды нақты ажырата білу және салықтық шегерімдер, кірісті түзету бойынша 90% қандай жағдайда қолданатын қарастырылды.
Сабақ барысында Quiz- test (True, false) зумда белсенді қолданылатын әдісі арқылы студенттер білімі тексеріп және «Альфа» ЖШС материалында еңбекжалақының есептелуін және еңбекжалақыдан міндетті ұсталымдардың ұсталуы, шегерім, түзету бойынша 90% қолдана отырып, есептелуі екі жағдайды ала отырып толығымен қарастырылды.
Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.

"Жасөспірімдер мен жастар ортасындағы экстремистік көріністер"тақырыбындағы Вебинар.

"Жасөспірімдер мен жастар ортасындағы экстремистік көріністер"тақырыбындағы Вебинар.10.11.2020 орыс бөлімінің студенттеріне арналған "Жасөспірімдер мен жастар арасындағы экстремистік көріністер" тақырыбында вебинар өтті. Спикер болып сөз сөйлегендер: Далабаева Гульнар Бакеновна – "Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастар проблемаларын зерттеу және талдау орталығы КММ «Ақпараттық-түсіндіру, талдау, қарсы насихат жұмысы» бөлімінің басшысы.

Кәсіби бағдар вебинары

Кәсіби бағдар вебинары2020 жылдың 4 қарашасында №15 ЖББМ бітіруші сынып оқушылары мен ата-аналарына кәсіби бағдар беру вебинары өтті. Модератор ретінде оқытушы, магистр Н.Т. Қызылов сөз сөйледі.

Қарағанды қаласындағы №101 мектеп-лицейінің бітіруші оқушылармен онлайн кездесу

Қарағанды қаласындағы №101 мектеп-лицейінің бітіруші оқушылармен онлайн кездесуБухгалтерлік есеп кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес магистр, кафедраның аға оқытушысы Мусипова Л.К. 07.07.2020 ж. №101 мектеп-лицейінің бітіруші сынып оқушыларымен онлайн кездесу ұйымдастырды.
Онлайн кездесуге Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің кәсіптік бағдар беру және қоғаммен байланыс орталығының директоры Л.Х.Иваделинова, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Е.А. Краснощекова, жауапты хатшы орынбасары Нуржанова И.С., 11 сыныптың сынып жетекшілері және №101 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.
Кездесу барысында оларға университетке құжаттар тапсыру тәртібі, ҰБТ рәсімінен өту тәртібі туралы түсіндірілді, университетіміз туралы бейнеролик көрсетілді, университеттің білім беру бағдарламалары туралы презентация ұсынылды.
Мектеп оқушылары өздерін қызықтырған университет, ондағы белсенді студенттік өмір жайлы және басқа да барлық сұрақтарға жауап алды.

Э. ғ. к., профессор К. А. Китебаевананы еске алуға арналған Қарағанды қ. колледж студенттері арасындағы "Қаржы есебі" пәні бойынша қашықтық олимпиада өтті.

Э. ғ. к., профессор К. А. Китебаевананы еске алуға арналған Қарағанды қ. колледж студенттері арасындағы "Қаржы есебі" пәні бойынша қашықтық олимпиада өтті.

2020 жылдың 9 қарашасында "Бухгалтерлік есеп және аудит" кафедрасы Қарағанды қаласы колледждерінің оқушылары арасында қаржылық есеп бойынша Олимпиада өткізді.
Олимпиаданы өткізу мақсаты:
- дарынды жастарды анықтау және оларды Қарағанды экономикалық университетіне түсуге тарту;;
- колледж оқушыларының оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру;
Олимпиадаға 3 колледжден 4 команда қатысты: Ж.К. Букенов атындағы Қарағанды банк колледжі, экономика, бизнес және құқық колледжі және Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі. Барлығы 56 адам қатысты – 20 қатысушы, 13 адам-жанкүйерлер және 5 оқытушы-команда жетекшілері.
Олимпиада екі тур болды: 1 тур classroom.google.com платформасында тестілеу түрінде өтті, екінші тур ZOOM платформасында өтті, онда қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттері мен креативті ойлау қабілеттерін көрсетті. Қазылар алқасының мүшелері шешім қабылдап, командаларды бағалаған кезде қатысушыларға университет туралы бейнеролик көрсетілді.
Олимпиада қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1 орынды Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжінің "Дебет с кредитом друзья" командасы женіп алды, 2 орынды экономика, бизнес және құқық колледжінің "Балансында" командасы ие болды, 3 орынды экономика, бизнес және құқық колледжінің "Самға" командасы және алғыс хатпен құттықталды, сондай – ақ естелік сыйлықпен Ж.К. Бөкенов атындағы Қарағанды банк колледжінің "Аккредетив" командасы марапатталды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL