• Blog news

Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша волонтерлерді тренингі

Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша волонтерлерді тренингі

2020 жылдың 08 қазанында волонтерлер жылы аясында алғашқы медициналық көмек көрсету және жазатайым оқиға кезінде зардап шеккен адамның өмірін құтқару үшін білім мен практикалық дағдыларды алу мақсатында волонтерлер үшін оқыту өтті.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ "Жастар ортасында волонтерлік брендін танымал ету бойынша "АШЫҚ ЖҮРЕК" жобасын іске асыру" гранты шеңберінде "Қазақстан волонтерлері лигасы" қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылады.

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің ұжымы экономикалық теория және МЖБ кафедрасының аға оқытушысы, магистрі Елена Анатольевна Ставбуникті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша PhD дәрежесімен шын жүректен құттықтайды!

Блялов Бахытжан Ериковичті құттықтаймыз!

Блялов Бахытжан Ериковичті құттықтаймыз!«Nur Otan» партиясына праймеризге дауыс беру Қазақстанда аяқталды. 2020 жылдың 06 қазанында Қарағандыда барлық деңгейдегі мәслихат кандидаттарына партияішілік іріктеудің бірінші кезеңін қорытындылай келе, праймеризге қатысушыларды қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев құттықтады. Қала басшысы оларға алғыс хаттар табыс етті.
Праймеризге қатысушылар қатарында менеджмент және инновация кафедрасының аға оқытушысы Блялов Бахытжан Еерикович болды. Ол праймеризге, сондай-ақ қаланың дамуы мен «Nur Otan» партиясының өміріне белсенді қатысқаны үшін облыс әкімінің алғыс хатын алды. Ол бағдарламалармен жұмыс істеді, пікірталастарға қатысты, халықпен кездесті.
Бақытжан Ериковичті осы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз және оған алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге және нәтижелі жұмыс тілейміз!

"Достық" Коворкинг орталығы " ТБИ " Табысты IT-бизнесті құру ерекшеліктері" тақырыбында онлайн мастер-класс ұйымдастырды

"Достық" Коворкинг орталығы " ТБИ " Табысты IT-бизнесті құру ерекшеліктері" тақырыбында онлайн мастер-класс ұйымдастырды

2020 жылдың 8 қазанында "Достық "Коворкинг орталығы" технологиялық бизнес инкубаторы "PIXEL" IT компаниясының басшысы А.Отарбаевтың қатысуымен ZOOM платформасында "Табысты IT-бизнесті құру ерекшеліктері" тақырыбында онлайн мастер-класс ұйымдастырды.
Спикер студенттерді ІТ жобаны әзірлеудің теориялық ерекшеліктерімен таныстырып, оның құрылымы туралы сөз қозғап, дұрыс және құрылымды стартап жобаны жазу бойынша қадамдық нұсқаулықпен бөлісті. Сондай-ақ, Отарбаев Абай жобаның маңыздылығын қалай дұрыс негіздеу керектігін айтып, кездесу барысында туындаған сұрақтарға жауап берді.

«Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде» тақырыбында дәріс

«Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде» тақырыбында дәріс

07.10.2020 ж. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің бірінші курс студенттері үшін «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде» тақырыбында талқылау ұйымдастырылды. "Sanaly urpaq" студенттер қауымдастығының жұмыс жоспары аясында "Sanaly urpaq" студенттер қауымдастығының жетекшісі Орынбеков А.С. және қауымдастық төрағасы Рахтаева И. Е. дәріс оқыды.
Іс-шара мақсаты-сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі формалары, оның әлеуметтік құбылыс ретіндегі көрінісі туралы жалпы түсінік беру; оның өмірдің әртүрлі салаларындағы ерекшеліктері, осы құбылыстың себептері, зиянды салдары туралы түсінік беру; осы әлеуметтік құбылысты барабар талдау және жеке бағалау дағдыларын қалыптастыру; студент жастарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру болып табылды.
Сөз сөйлеу барысында лектор қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазалау шаралары, сондай-ақ осы қылмыспен күресудің әдістері туралы айтып берді. Қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдарына ерекше назар аударылды. Негізгі себептер ретінде экономикалық, институционалдық және әлеуметтік-мәдени сипаттағы себептер анықталды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің экономикалық, саяси және әлеуметтік-рухани салаларында туындайтын жағымсыз салдарлары атап өтілді.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл шын мәнінде біздің ортақ борышымыз екені атап өтілді. Егер бүгін жастар жемқорлар қатарына кірмесе, онда бір ұрпақтан кейін сыбайлас жемқорлықтан ешқандай із қалмайтыны сөзсіз.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL