• Blog news

Еріктілер балаларды Жаңа Жылмен құттықтады!

Жаңа жыл қарсаңында біздің еріктілер "Жаңа жыл - отбасылық мереке" атты акция ұйымдастырды. Аталған акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсету. Осы акция аясында еріктілер аз қамтылған және көп балалы отбасыларда тәрбиеленетін балаларға сыйлықтар табыс етті. Аталған іс-шараны өткізу барысында Қарағанды қаласының әртүрлі аудандарында тұратын 10 отбасы мен 30 бала қамтылды.

Біз жақсы дәстүрді жалғастырудамыз…

Біз жақсы дәстүрді жалғастырудамыз…2019 жылы 26 желтоқсанда "Шын жүректен" қайырымдылық акциясы аясында Экономика және басқару факультеті МДЮ-ға барды. Жыл сайын факультеттің ізгі дәстүрі бойынша ақшалай қаражат жинау жүргізіледі, оған факультеттің барлық студенттері мен ПОҚ қатысады. ЭБФ студенттік комитеті өзінің тұрақты демеушісі "Вода Хрустальная" ЖШС қолдауымен 115 бастауыш сынып балаларына арналған дәмді сыйлықтарды табыс етті.
Біз әр студентке, ЭБФ оқытушысы мен қызметкеріне, сондай-ақ "Вода Хрустальная" ЖШС басшылығына осы акцияны ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін Алғыс білдіреміз!

«Шекара қауіпсіздігі-тұрақты дамудың кепілі» тақырыбында интеллектуалдық-зияткерлік сайыс

«Шекара қауіпсіздігі-тұрақты дамудың кепілі» тақырыбында интеллектуалдық-зияткерлік сайыс2019 жылдың 12 желтоқсанында «Кеден күні» кәсіби мерекесіне орай, кәсіби бағдар беру мақсатында, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Бизнес және құқық факультетіне қарасты, «Жалпықұқықтық және арнайы пәндер» кафедрасымен «Шекара қауіпсіздігі-тұрақты дамудың кепілі» тақырыбында интеллектуалдық-зияткерлік сайыс өткізілді. Интеллектуалдық-зияткерлік сайысына университет және Экономика, Бизнес және Құқық колледж студенттерімен қатар, Көпсалалы гуманитарлық техникалық колледж студенттері қатысты. Қазылар алқасы ретінде, Қарағанды облысының МКД кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы М. К. Акбиев шақырылды. Ол өз кезегінде, кеден органдарының қызметі бойынша таныстырылым сұқбатын жүргізді. Зияткерлік ойын қорытындысы бойынша қатысушылар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

"Назқоңыр"фольклорлық ансамблін құттықтаймыз!

"Назқоңыр"фольклорлық ансамблін құттықтаймыз!"Назқоңыр" фольклорлық ансамблін II Халықаралық "Жаңа жылдық Шығыс ырғағы" шығармашылық фестиваль-байқауында 1 дәрежелі лауреат алуымен құттықтаймыз! Жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз!

V2020

V2020«V2020» -ның ашылу салтанатына орай, Ауғанов Асқар, волонтерлік саласындағы аймақтық жаттықтырушы, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетіне келді. Келгеннен кейін ол біздің волонтерлерімізге тренинг өткізді, мысалы: дұрыс тұжырымдау және өз мақсатына жету, өзіне деген сенім, шынайы бақыт деген не, рухани құндылықтар және еріктіліктің мәні туралы. Кездесу өте қызықты өтті. Аужан Асқар өз өмірінен көптеген мысалдар келтірді, оның бұл лауазымға қалай келгені туралы әңгімеледі. Аужан Асқардың еріктілер жұмысы біздің еріктілерді қатты таң қалдырды және тіпті үлкен биіктерге жетуге талпындырды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL