• Blog news

ДАВИД ЕФРЕМОВТЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ДАВИД ЕФРЕМОВТЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!ФКиСМ-19-4с тобының студенті Давид Ефремовты Әлем біріншілігінде нормативті орындауымен және 7? 67 кедергімен 60 метрге жүгіруде халықаралық спорт шеберлігін орындауымен құттықтаймыз!
Әдемі,тамаша қайталанбас секунттар емес пе? Ал бұл ҚР-ның кедергімен жүгірудегі рекорды, 1992 жылы орнатылған Андрей Гутов 7, 78 секутына тең.
Біздің студентіміз 15 қаңтарда 21 жасқа толды. Осы рекорды оның спорттық өрлеуіндегі соңғы белесі емес деп сенемиз.
Давид Ефремов 13-15 наурызда Қытайдың Нанкин қаласында өтетін Әлем Біріншілігіне жолдама алды.

2019 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫЛАРЫ

2019 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫЛАРЫ

ҚР БҒМ "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссия отырысының шешімі бойынша, есеп-қаржы факультеті деканының орынбасары, э.ғ.к., доцент Сайфуллина Ю. М. және т.ғ.к., "Маркетинг және логистика" кафедрасының профессоры Саржанов Д. К. "2019 жылғы ЖОО үздік оқытушысы" атағының иегері атанды.
Профессорлық-оқытушылар құрамы Юлия Магдатовна мен Дәурен Қажабергенұлын атақ алуымен құттықтайды және оларға білім беру қызметінде шығармашылық жетістіктер мен табыстар тілейді.

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің(Қаржы университеті) Д 505.001.106 диссертациялық кеңесінің шешімімен және Қаржы университетінің Ғылыми-аттестациялық комиссиясының ұсынысымен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі В.И.Березюкке экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді!
Профессор-оқытушылар құрамы Валентина Ивановнаны ғылыми дәреже берілуімен құттықтап, оған жаңа жетістіктер мен табыстар тілейді!

Еріктілер балаларды Жаңа Жылмен құттықтады!

Жаңа жыл қарсаңында біздің еріктілер "Жаңа жыл - отбасылық мереке" атты акция ұйымдастырды. Аталған акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсету. Осы акция аясында еріктілер аз қамтылған және көп балалы отбасыларда тәрбиеленетін балаларға сыйлықтар табыс етті. Аталған іс-шараны өткізу барысында Қарағанды қаласының әртүрлі аудандарында тұратын 10 отбасы мен 30 бала қамтылды.

Біз жақсы дәстүрді жалғастырудамыз…

Біз жақсы дәстүрді жалғастырудамыз…2019 жылы 26 желтоқсанда "Шын жүректен" қайырымдылық акциясы аясында Экономика және басқару факультеті МДЮ-ға барды. Жыл сайын факультеттің ізгі дәстүрі бойынша ақшалай қаражат жинау жүргізіледі, оған факультеттің барлық студенттері мен ПОҚ қатысады. ЭБФ студенттік комитеті өзінің тұрақты демеушісі "Вода Хрустальная" ЖШС қолдауымен 115 бастауыш сынып балаларына арналған дәмді сыйлықтарды табыс етті.
Біз әр студентке, ЭБФ оқытушысы мен қызметкеріне, сондай-ақ "Вода Хрустальная" ЖШС басшылығына осы акцияны ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін Алғыс білдіреміз!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL