• Blog news

Құрметті бейіндік бағытындағы магистранттар!

Құрметті бейіндік бағытындағы магистранттар!

Сіздерді педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламалары бойынша қосымша оқудан өтуге шақырамыз, ол сізге ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысуға, кейін оқуды доктарантурада жалғастыруға мүмкіндік береді.

Оқуға түсу үшін келесі құжаттар қажет:

  • Ректордың атына өтініш;
  • 3 қосымшасы бар нотариалды куәландырылған магистр дипломы;
  • 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет;
  • Кадрлар бөлімінде есепке алынатын жеке қағаз, еңбек қызметін дәлелдейтін құжат (жұмыс өтілі бар адамдарға)
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Скоросшиватель.

Оқыту ақылы негізінде жүргізіледі.

2019 жылдың  20 қазанына дейін  264 каб. жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім Департаментінде құжаттарды тапсыру қажет.  Қосымша сұрақтар бойынша 44-16-24 (199)ішкі нөмір бойынша хабарласуға болады.

 

ӨМШТ технологиясын насихаттауға қатысу үшін белсенді студенттер мен оқытушыларды іріктеу конкурсы

ӨМШТ технологиясын насихаттауға қатысу үшін белсенді студенттер мен оқытушыларды іріктеу конкурсы2019 жылғы 9 қазанда ЭҚЗ Ғылыми зерттеу институтының қызметкерлері «Достық» коворкинг орталығында Қазақстан Республикасында ӨМШТ технологиясын (өнертапқыштық мәселелерді шешу теориясы) насихаттауға қатысу үшін белсенді студенттер мен оқытушыларды іріктеу конкурсын ұйымдастырды және өткізді.
ӨМШТ технологиясы заманауи әдістемелерді, инновациялық технологияларды және жобаларды басқарудың құралдарын жылжытумен, консалтингтік және кәсіптік білім беру (ЖОО кейін) қызметтері үшін кәсіби қызмет ететін нарықты қалыптастырумен байланысты болып келеді.
Конкурстық іріктеу кезеңінде келесі өзіндік идеялар ұсынылды:
- суық бөлме негізінде жылдам кондиционерлеу;
- тағамды тамашалау кезінде иістерді пайдалану мүмкіндігі және т.б.
Конкурстық іріктеудің нәтижесінде ЭҚЗ ғылыми-зерттеу институтының директоры Ханов Т.А. және ЭҚЗ ҒЗИ зертханасының меңгерушісі Баширов А.В. тұрған комиссия келесі студенттерді ҚҚЭУ атынан ұсынады:
1. Жанбекова А.(ЕҚФ, Ф32);
2. Феденько А.( ЕҚФ,УА-18-3);
3. Гиса Д.(ЭБФ, МО-31к);
4. Турсынова А. (БҚФ,С-18-4c).
Тәлімгер ретінде оқытушы Саржанов Д.К. ұсынылды. (Логистика және маркетинг кафедрасы).
Таңдалған кандидаттар мен тәлімгердің Қазақстан Республикасында ӨМШТ-ді жылжыту бойынша өзара іс-қимылы Қазақстандық жобаларды басқару институтының президенті Владимир Затолокинмен (Алматы) жүзеге асырылады деп күтілуде.

«Мүгедектерді техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету» тақырыбындағы платинді дәріс

«Мүгедектерді техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету» тақырыбындағы платинді дәрісҚҚЭУ оқу теледидар орталығында ММ «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» мүгедектермен және ардагерлермен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Е.Е. Нуксуевтің «Мүгедектерді техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету» тақырыбында «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған «платин » дәрісі өтті.
Дәрісте мүгедектерді техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету бойынша нормативтік-құқықтық база талданды, Медициналық және медициналық-әлеуметтік мекемелердегі әлеуметтік қызметкерлердің рөлі, сондай-ақ мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасындағы әлеуметтік қызметкерлердің қызметі талқыланды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚЭУ-да кездесу өткізді

Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚЭУ-да кездесу өткіздіҚарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚҚЭУ оқытушылары және студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуге аталған ұйым басшысы Құсайын Е.Б., университеттің әлеуметтік мәселелер бойынша проректоры Әбілов Қ.Ж., Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы меңгерушісі Абдакимова М.К. және оқытушылар мен студенттер қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттің қазіргі саясаты, Ассамблеяның жұмысы барысы мен алдағы жұмыс жоспарлары туралы айтылды. Сондай ақ осы жлы 24 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы Л.Г. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары қауымдастығының кеңейтілген отырысы жайлы атылды.
Кездесу соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтар қойылып, ғылыми жұмыстар бірлесіп жүргізсек деген ұсыныстар да айтылды.

«Благодать» қарттар үйіне бару

«Благодать» қарттар үйіне бару2019 жылы 4 қазанда "Благодать" қарттар үйінде Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы және Қарағанды Экономикалық Университетінің бизнес және құқық факультетінің 1 курс студенттері мүшелері болып табылатын "VOLTEQ" еріктілер клубының өкілдерімен бірлесіп Қарттар күніне арналған "Қарттар асыл қазынам" атты мерекелік қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Қазақ халқы қарт адамдарды ежелден байлық деп санайды және әрқашан үлкендерге құрметпен қарайды. Іс-шараның негізгі мақсаты-жас ұрпақты адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Студенттер концерттік бағдарлама дайындады, оған қарт адамдардың өздері де қатысты. Іс-шараның барлық қатысушылары бір үлкен отбасымен караокеде ән айтып, би билеп, түрлі ойындар ойнады.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL