• Blog news

ҚҚЭУ қабырғасында Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелері жөніндегі орынбасарымен кездесу

ҚҚЭУ қабырғасында Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелері жөніндегі орынбасарымен кездесу

2019 жылы 17 қазанда ҚҚЭУ-де Қарағанды облысы әкімінің орынбасары НүкеновАбзал Нүкенұлымен кездесу өтті.
Бұл кездесуде біздің ЖОО-ның көрнекті орындарымен, соның ішінде «Банк менеджменті және қаржы нарықтары» кафедрасының мамандандырылған ғылыми-практикалық кабинетіне барып, кафедра доценті Е. И. Борисовамен айтылған ғылыми-практикалық кабинеттің мақсатымен, маңыздылығымен және міндеттерімен танысты.
Әкімнің орынбасары сондай-ақ сұрақтар қойып, алдағы уақытта да табысты оқу жылын тіледі.

Жұмыс берушілермен мастер-класс туралы

Жұмыс берушілермен мастер-класс туралы"Маркетинг және логистика" кафедрасы "Маркетинг" және "Логистика" ОП 3, 4 курс студенттеріне тәжірибелік қызметкерлердің қатысуымен мастер-класс өткізілді:
-Утебай Д. Д. - «EFES Қазақстан» АҚ ЖК таланттарды басқару жөніндегі маманы;
-Шиллер М.В. – «ПРО бизнес» орталығы, Теміртау қаласының іскер әйелдердің аймақтық кеңесінің төрағасы;
-Тен Ю. В. – «PRO Бизнес» орталығы оқу орталығының жаттықтырушысы.
Әр ұйымның өкілдері студенттермен әлеуметтік желілерде маркетингтік қызметтерді ілгерілету, логистикалық процестерді ұйымдастыру, персоналмен қарым-қатынас жасау мәдениеті бойынша бағалы тәжірибелерімен бөлісті.

«Жоғары оқу орындары мен бизнес-қауымдастық арасындағы серіктестікте білікті кадрлар даярлаудың заманауи мәселелері» туралы дөңгелек үстел өткізілді.

«Жоғары оқу орындары мен бизнес-қауымдастық арасындағы серіктестікте білікті кадрлар даярлаудың заманауи мәселелері» туралы дөңгелек үстел өткізілді."Маркетинг және логистика" кафедрасымен "Маркетинг" және "Логистика" ББ 4 курс студенттері үшін тәжірибелік қызметкерлерді тарта отырып дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл іс-шараға ББ «Маркетинг» және «Логистика» 4 курс студенттері қатысты. Кездесу барысында жұмысқа орналасудың болашағы мен еңбек нарығындағы сұранысқа ие, жұмыс беруші жоғарғы оқу орындарының түлектерінің кәсіби және коммуникативті сапаларына қойылатын талаптар туралы өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесуге қатысты:
- Ибрагимов З.Ф. - «Еуразиан Фудс» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
- Утебай Д.Д. - «EFES Қазақстан» АҚ ЖК таланттарды басқару жөніндегі маманы;
- Мукушев А.К. - « Prof Rezerv» ЖШС бас маманы.

"1 курс PhD докторанттарына арналған докторлық диссертациялар тақырыптарын бекіту бойынша ғылыми семинар »

"1 курс PhD докторанттарына арналған докторлық диссертациялар тақырыптарын бекіту бойынша ғылыми семинар »2019 жылдың 22 қазанында жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім департаменті профессор - оқытушылар құрамы мен және 8D04101 «Экономика» және 8D04102 «Жергілікті мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламалары бойынша 1 курс PhD докторанттарымен бірлесіп докторлық диссертациялардың тақырыптарын бекіту және таңдау мәселесі бойынша ғылыми семинар өткізілді.

23-28 қыркүйек аралығында Еуразия халықтары Ассамблеясы «Еуразияның жаңа ұрпағы» Ыстықкөл халықаралық жастар форумын өткізді.

23-28 қыркүйек аралығында Еуразия халықтары Ассамблеясы «Еуразияның жаңа ұрпағы» Ыстықкөл халықаралық жастар форумын өткізді.Форум бағдарламасына мектептердегі бейбітшілік сабақтары, дөңгелек үстелдер, дәрістер, шеберлік сыныптары, спорттық және мәдени бағдарламалар кірді.
Форумға 100-ден астам адам қатысты, олардың көпшілігі - түрлі қоғамдық ұйымдардың жастар қанатының өкілдері, студенттер мен халықаралық қатынастар және қоғамдық дипломатия саласындағы жас мамандар, гуманитарлық жобалардың авторлары. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің атынан экономика және менеджмент факультетінің студенттері Мұсабекова Дилара (МН-18-4с тобы) және Иманғалиев Ақылбек (Э-18-3с тобы) қатысты.
Ұйымдастырушылар: Қырғыз Республикасы Үкіметінің қолдауымен Еуразиялық халықтар ассамблеясы және Қырғызстан халқы ассамблеясы.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL