«ТІЛ БІЛГІРІ» ОЛИМПИАДАСЫ
2019 жылдың 29 қарашасы күні қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Тіл білгірі» атты пәндік олимпиада өтті.
Олимпиадаға 33 қалалық мектептен 250-ден аса 9-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар II тур бойынша бақтарын сынады. 1 тур тест сұрақтары, 2 тур эссе жазу.
Олимпиада барысында мектеп оқушыларына арнайы экскурсия ұймдастырылып, Қарағанды экономикалық университетімен кеңірек танысуға мүмкіндік алды. Оқушыларға ҰБТ туралы, КЭУ-дағы мамандықтар туралы мәлімет берілді. Пәндік олимпиаданың жүлдегерлері (11-сынып) университет ректоры тарапынан 2020-2021 оқу жылында оқу ақысын төлеуде арнайы жеңілдік сертификаттарына ие болады. (5% 10% 15%) Олимпиада қорытындысы бойынша қазақ және орыс тілінде оқитын оқушылар арасында жүлделі орынға ие болған оқушылар: