2019 жылы 22 сәуірде Қарағанды қ. «Ана үйі» ҚҚ-мен ынтымақтастық аясында «Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының студенттері үшін Надежда Александровна Жолбаева атынан осы қордың өкілдерімен Платиналық дәріс өткізілді. Дәріс «отбасымен және балалармен әлеуметтік жұмыс», «әйелдермен әлеуметтік жұмыс», «жетім балалармен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен әлеуметтік жұмыс» курстарының студенттері оқып жатқан контекстінде өткізілді.
Дәріс барысында студенттер «Ана үйі» қоғамдық қорының негізгі қызметімен және оның бағыттарымен танысты. Қарағанды қаласының «Ана үйі» ҚҚ жұмысында әлеуметтік қызметкердің қызметіне, атап айтқанда, жас отбасымен әлеуметтік жұмыс технологиясы, жалғыз басты аналарды әлеуметтік қорғау және т.б. ерекше назар аударылды. «Ерте жүктілік: оны қалай болдырмау және ол болған жағдайда не істеу керек?» атты әлеуметтік ролик көрсетілді. Жалпы дәріс студенттер үшін жемісті өтті,көптеген жаңа және қызықты мәліметтер алды. Оқытылатын курстар бойынша теориялық материалдарды бекіту үшін мамыр айында Қарағанды қаласының «Ана үйі» қоғамдық қорында көшпелі сабақ өткізу жоспарлануда.
Э.ғ.к., доцент Н. Тажбаевтың жетекшілігімен ҚҚЭУ студенттері Алматы қаласының «Мост-Инкубатор» мен «Жастар Бизнесте» өткен Республикалық «Стартап бизнесте» үздік білімдерін тағы да көрсете отырып, 1-ші орынға ие болды. Біздің студенттерімізді құттықтаймыз: Жанбеков Әділхан (Ф-22), Мажитов Сәкен (Ф-22), Птицын Никитаны (ИС-22). Жарайсындар!!!
2018 жылдың 19 сәуірінде «Банктік мендежменті және қаржылық нарықтары» кафедрасы оқытушысы, магистрі Исанов А.С. Абай колледжі және №5 Абай атындағы мектеп-гимназиясында кәсіби бағдарлық іс-шарасын өткізді.
Кәсіби бағдарлық іс-шараны өткізу барысында мектеп түлектеріне ҚҚЭУ мен БҚЭК жайлы бейне ролигі және презентациялары ұсынылды. Сонымен қатар түлектер анкеталар толтырды. Іс-шараны өткізу барысында бітіруші түлектер белсенділік танытып, маңызды сұрақтарға жауаптар алды.
Жалпы кәсіби-бағдарлық іс-шара жоғары деңгейде өткізілуіне барлық жағдай жасалынған. Аталмыш шаралар келешекте де жүзеге асырылу жоспары бар.
18-19 сәуір 2019 ж. Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де 5В0090500 – «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті, онда «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 1-2 курс студенттері ҚҚЭУ Азине Ш., Беркімбай Ж., Косаева Л., Шакенова К. белсенді қатысты.
Олимпиада бірнеше кезеңнен тұрды. I кезең – «мамандық бойынша презентация» байқауы. Студенттер үй тапсырмасы ретінде орындалған. Студенттер командасы видео-ролик дайындады,онда әлеуметтік жұмыс мамандығының ерекшеліктері, оның әлеуметтік маңыздылығы, әлеуметтік саладағы практикалық жұмысқа бағытталуы ашылды. «Тестілеу» ІІ кезеңінде студенттер «Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары», «Әлеуметтік жұмыс теориясы» мамандықтары бойынша тестілеуден өтті. Әр студенттің жауаптары бағаланды. Олимпиаданың осы кезеңінде СР-22 тобының студенті Қосаева Лаура ҚР Білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломын алды. III кезең-әлеуметтік жұмыстың өзекті мәселелері бойынша әлеуметтік жобалар конкурсы. Жобаны әзірлеу үй тапсырмасы ретінде орындалды. Студенттер әлеуметтік жобаның зерттеу жұмысының нәтижелерін ұсынды, онда тақырыптың өзектілігі мен мазмұны, нақтылығы, ресурстық және кадрлық мүмкіндіктері көрсетілді.
Олимпиада қорытындысы бойынша студенттер сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.
2019 жылдың 9 сәуірінде Enactus KEU командасының мүшелері IТ мамандары мен бизнес-кеңесшісі Бадина Юлия Викторовнамен кездесті. Кездесу барысында біз жобаларды дайындау және іске асыру мәселелерін талқыландық.
17 сәуір күні сағат 10.00-де Қарағанды экономикалық университетіңде «Қарағанды калалык жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ бірлесе отырып, мемлекеттік мекемелердің, ІТ-компаниялардың, өндірістік компаниялардың жетекші мамандары мен басшылары (50 мекеме) қатысуымен университеттің бітіруші курс студенттері мен өткен жылдардағы түлектерге арналған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі - 2019» өтті.
«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі - 2019» іс-шарасы барысында жұмыс берушілер студенттермен әңгімелесті, студенттер компания қызметінің түрлері, қазіргі және ықтимал бос жұмыс орындары, компаниялардың жоспарлары туралы ақпаратты белсенді түрде нақтылады. Жұмыс берушілер студенттермен экспресс-әңгімелесу өткізді, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, түйіндемелерді іріктеп алды, қандай да бір позицияда жұмыс істеу ерекшеліктерін түсіндірді.
Шақырылған жұмыс берушілерге “COMPLETE” және “CACTLE” жобалар Ресурстық орталығының қосымша оқыту бағдарламалары туралы, сондай-ақ жақын арада оқыту бағдарламаларының жоспары туралы ақпарат берілді. Компанияның жекелеген өкілдері алдағы уақытта жұмыс жүргізілетін ұсынылып отырған оқуға қызығушылық танытты.
Қарағанды экономикалық университеті қабырғасында өткізілген «ЖАСТАР ЖЫЛЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАЛАР» атты студенттердің инновациялық жобалар байқауында «Экономикалық теория және мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының магистр, оқытушысы Ертай Хуанбектің жетекшілігімен «ГМУ-32к» тобының студенттері Бақыт Айкүміс, Шайкенова Зарина ұсынған «FLOWERS 09» бизнес жобасы «Әлеуметтік старт-ап ҚҚЭУ 2019» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды және ұйымдастырушылар тарапынан «100 000 тг. сертификаты» табыс етілді.
Аталмыш бизнес жоба Қарағанды қаласы бойынша гүлдерді өсіруге бағытталған. Ұйым қызғалдақ және хризантема гүлдерін өсіріп шығаратын болады.
2019 жылы 16 cәуірде денсаулық мектебінде «Видергебурт» неміс орталығының әлеуметтік қызмет көрсету орталығы базасында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттері үшін «Алғашқы медициналық-әлеуметтік көмектің негіздері» тақырыбында сырттағы сабақ өтті. Дәрісті «облыстық клиникалық аурухана» КМК СӨС дәрігері О. Ш. Жидельбаева, әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жетекшісі Л. А. Галуцкая және доцент М. К. Абдакимова оқыды.
Кездесу барысында студенттер Орталықтың әлеуметтік жобаларымен және қайырымдылық жұмыстарымен танысты.
2019 жылдың 5 сәуір күні өткен «Жастар және кооперация - 2019» атты Аймақаралық ғылыми–практикалық конференция қорытындысы бойынша «Экономикалық теория және мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының магистр, оқытушысы Ертай Хуанбектің жетекшілігімен «ГМУ-31к» тобының студенттері Шайкенова Зарина, Бақыт Айкүміс «Жастардың болашақ ғылымдағы үлесі» секциясында лауриат атанды. Студенттер дипломдармен, жетекшісі алғыс хатпен марапатталынды.
КЭУ кітапханасының қызметкерлері «Маркетинг және логистика», «Туризм және мейрамхана бизнесі» кафедраларымен бірлесе отырып, №52-інші және №62-інші мектептің оқушыларымен «Мамандықтар әлемінде» атты кездесу өткізді.
Оқушылар үшін университетте орналасқан 4 бекеттен маршрут түрінде квест-ойын ұйымдастырылды.Әр бекетте оқушылар түрлі тапсырмалар орындап ұпайлар жинады.Ойынға қатысушылар жылдамдық,ептілік және дәлдік үшін жарысқа түсті.
Сонымен қатар, балаларға «Туризм» мамандығы бойынша презентация ұсынылды, бестселлер кітаптары бойынша викторина және кітапхана бойынша экскурсия өткізілді.
Мектеп оқушылары университетке қызығушылық танытты. Көпшілігі КЭУ-де оқуға болатын мамандықтарға қызықты.