2018 жылдың 26 сәуір күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өткен, ЖОО арасындағы “KSTU Speller 2018” үштілділік байқауында 1 орын алғаны үшін Уразшаев А. МЭ12 мен Советова Қ.
УА 32 топтарының студенттерін ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
2018 жылдың 16 наурызында КЭУК-да оқытушыларға арналған экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Улаковтың және аға оқытушы Сыздықбекова Е.С. басқаруымен АМТ курсы - жоғары оқу орындарының оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында тренингтер мен коучинг өтті.
Тренинг нәтижелері бойынша 9 мұғалім қатысқаны үшін сертификаттар алды.
2018 жылдың 10-12 сәуірінде КЭУК-да «Жаңадан бастаған кәсіпкер» тақырыбында 1-4 курс студенттері арасында э.ғ.к., доцент Н.Улаковтың және аға оқытушы Сыздықбеков Е.С. жетекшілігімен коучинг өтті. Бұл курс өз ісін ашуды қалайтындарға, экономика, қаржы, бизнесті жоспарлау және кәсіпкерлік саласында орташа білімі бар адамдарға бағытталған.
Коучинг нәтижесінде қатысқан 24 студент бағалы сыйлықтар мен сертификаттар алды.
2018 ж. 25 сәуірінде АЕЖ кафедрасы мамандықтарының студенттері «EPAM» Компаниясының білім беру бөлімінің басшысы (Минск қ., Беларусь Республикасы) Евгений Пешкураның «Современный IT-рынок и почему мы такие, какие есть?» тренингіне қатысты.
«EPAM» компаниясы – тапсырыс бойынша орындалатын бағдарламалық құралдардың әлемдік күрделі өндіруші болып табылады, консалтинг бойынша маман, Беларустық жоғары технологиялар паркінің резиденті. Тренинг барысында студенттер негізгі трендтармен және заманауи IT-нарықтың даму қозғалыстарымен танысты, біл студенттерге курстық және дипломдық жобаларды жобалау барысында бағыттарды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жобаларында, стартаптарды және жаңа ойларды құру барысында көмектеседі.
2018 жылдың 20 мамыр күні Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде өткен аймақтық көптілділік олимпиададан 2 орын алғаны үшін Искакова Ш. МЭ22, Бабенова А. МО-21к, Санаубаев. Б. ТУР-31к, Корнеев А. ТПП-12 топтарының студенттерін ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
500 метр қашықтықта:
7. Лисичкина Варвара – МО-33
8. Ходаренко Дарья – Тур-22
9. Ботнаренко Наталья – Тур-22
10. Кислицына Елизавета – МЭ-12
11. Катаева Виктория – МН-12
12. Трошина Анна – Э-22
1000 метр қашықтықта:
6. ӘбдірЖарас – Эко-11к
7. Лентовский Николай – Лог-23с
8. Марченко Дмитрий – С-13с
9. Бондарь Андрей – Лог-22
10. Ишманов Константин – Лог-22
Университеттің жеңіл атлетикада құрамасына Қарағанды қ. Оңтүстік-Шығыс ауданында 8 мамырда «Индустриалды Қарағанды» облыстық газетінің сыйлықтарына өтетін эстафета жарысында сәттілік пен жеңістер тілейміз!!!
«Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» және «Ұлағат» шығармашыл жастар ұйымының ұйымдастыруымен Ж.Букенов атындағы Қарағанды банк колледжінің базасында, ғашықтар күніне орай «ҚОЗЫ КӨРПЕШ-БАЯН СҰЛУ- 2018» атты студенттер арасында жұптық сайысқа университетіміздің намысын қорғау үшін «Бизнес және құқық» факультетінің студенттері Танибеков Нұрбол, Омарова Анель, Әкімжан Асқар және Рахматоллина Диана қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша, Нурбол мен Анель «ЖҮРЕГІМ ЖҮРЕГІҢМЕН ЕГИЗ БЕ ЕДІ?» номинациясына ие болса, Асқар мен Диана «ҒАШЫҚТЫҢ ТІЛІ- ТІЛСІЗ ТІЛ» номинациясын жеңіп алды. Жеңістеріңіз құтты болсын!
2018 жылдың 21 сәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасы «КарЛАГ» саяси тұтқындар мұражайына саяхат ұйымдастарды. Бұл іс-шараға кәсіби бағдар мақсатында біздің университетке Жезқазған қаласы Бизнес және транспорт колледжінен келген студенттер және «Кеден ісі» мен «Құқықтану» мамандығының 1,2 курс студенттері қатысты.
Экскурсия студенттерге өз аймақтарының тарихын сезініп, тәжірибе алмасуға, олардың танымдық қызығушылығын арттыруға, өз елінің тарихына деген құрметін арттыруға мүмкіндік берді. Экспозицияның ең қызған бөлігі мұражай жертөлесінде орналасты. Онда қамаудағылардан жауап алынып, азапталатын камералар көрсетілді.
2018 жылдың 19-20 сәуірдегі Саратов мемлекеттік заң академиясында (Ресей Федерациясы) заң ғылымының дәстүрлі Фестивалі өтті.
Бизнес және құқық факультетінің Ю-26с тобының студенті Багжанов Эльтизар Фестиваль шеңберінде жүргізілген «Актуальные проблемы реформирования современного законодательства» атты ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференциясында қатысты. З.ғ..к., профессор Ф.С.Момышеваның басшылығымен орындалған «Выход Великобритании из Евросоюза» атты баяндама үздік деп танылды және Эльтизарды 1 орын алғаны үшін Мадақтама парағымен марапатталды. Фестиваль шеңберінде «Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойын өткізілді, онда біздің студент Эльтзар ерекшеленіп 1 орынға ие болды. Біздің студенттің Саратов қ. баруы мен елеулі жобаға қатысуы ҚЭУ ректоры профессор Е.Б. Аймағамбетовтың арқасында болып отыр.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде 2018 жылдың 19-20 сәуір күні Қазақстан SOS Детская Деревнясының отбасылық қамқорлыққа алу бойынша Ұлттық кеңесші, кәсіби коучер Левицкая Лия Вадимовна «Әлеуметтік жұмыс технологиялары. Кейс-менеджмент технологиясына кіріспе» атты курс өткізіп, ӘЖжәне ҚХА кафедрасы профессорлық-оқытушылық құрамы мен «Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары студенттері үшін тренигтер өткізді.
Курс және тренингтің негізгі мақсаты: тыңдаушылардың бойында кейс-менеджмент технологиясы бойынша білім мен практикалық дағдыларын, кәсіби біліктілікті қалыптастыру және оларды ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыста қолдану.
Курс бағдарламасы келесі элементтерді қамтиды:
1. Әлеуметтік жұмыс туралы түсінік. «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңның негізгі ережелері.
2. Қызмет көрсету моделінің біріктірілуі: мәні және мәселелері.
3. Кейс-менеджментке кіріспе. Кейс-менеджмент қызметтері және рөлі, кезеңдері.
4. Практикалық бекіту. Баға. Қызмет көрсетуді жоспарлау (кейстер мысалы негізінде).
5. Ролик көру. Топтық жұмыс. Тренингті қорытындылау.
Курс соңында «SOS Детская Деревня Темиртау» ЖБМ директоры Дубровский В.В. тренинг қатысушыларына сертификаттар тапсырды.