2018 жылдың 3 наурыз күні Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің кітапханасында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жоба жеңімпазы, Қарағанды облысының өкілі, Сергей Анмен кездесу өтті. Кездесу Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша әсіресе жастар, біздің жерлестеріміздің арасында, өзінің ақылымен, қолымен және талантымен тәуелсіздік жылдар бойы және қазіргі заманғы Қазақстан республикасының дамуына үлес қосқан көпшілікке тарату мақсатымен түсіндіру жұмыстардың аясында жүргізілді.
Сергей Валентинович Ан - қалалық мәслихаттың үш шақырылымының депутаты, NOMAD MMA жеке стилінің негізін қалаушы, жаттықтырушы. Оның барлық өмірі өсіп келе жатқан ұрпақты спорт арқылы тәрбиелеуге арналды . Ұлттық жобасының қатысушы жастарға патриотизм, тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесі туралы әнгімеледі.
Ағымдағы жылдың 28 ақпан Алғыс айту күні аясында Әлеуметтік жұмыстар және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында «Мың тағдыр – бір халық» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды облысы әкімінің аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Д.Б. Малаев, «Полония» Қарағанды облыстық поляк қоғамының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі В.А. Хмелевский, әлеуметтік жобаларды үйлестіруші, «Видергебург» неміс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Л.А. Голуцкая белсене қатысты.
Сондай-ақ жылы шырайлы жағдайда өткен дөңгелек үстел барысында Қарағанды экономикалық университетінің студенттері Сахатаева Назым, Цой Татьяна, Ержан Мақпал, Токарева Вероникалар да баяндама жасап, өздерінің өлеңдерін оқыды.
Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақ сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту болып саналады.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде жобаларды дамыту негіздері бойынша студенттер мен магистранттарға арналған семинарлар мен дәрістер өткізіледі. Біздің университет стартап-жобаларды іздеу, жинау және дамытуға бағытталған.
Стартап жобаларды жүзеге асыру барысында ҚММ «Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы «Қарағанды облысы Жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасы» директоры Құрмансеит Ақжол Ахатұлы «Ғылыми әдістердің иделардан стартап-жобалардың жүзеге асырылуына дейін қолданылулары» тақырыбына дәріс өткізді. Қандай да бір жоба сияқты стартап жобалар да идеялардан басталады. Өз дәрісінде Құрмансеит Ақжол Ахатұлы тұтынушы мен инвесторларды қызықтыратын идеяларды жүзеге асырып, өнімді қалай құруға болатынын атап өтті.
Университет тарапынан дәрісте оқытушылар, қызметкерлер, студенттер мен магистранттар қатысты. Дірс барысында қатысушылар стартап-жобалар шарттарымен танысты, сонымен қатар Қазақстанда стартап-жобаларды қолдаушы бағдарламалармен таныстырды.
Сонымен қатар студенттер стартап-дәрістерге әзірлеу олимпиадаларға және конкурстарға Қазақстанның инновациялық жобаларды жыл сайын қатысады.
Enactus ҚҚЭУ командасы 2018 жылдың 23-24 ақпандаАстана қаласында өткен Жастаркәсіпкерлікфорумына және «Стратегия және Enactus командасынжоспарлау» аттыреспубликалықтренингкеқатысты. Қызықты тренингтер тыңдап, табысты кәсіпкерлермен және бизнесмендермен кездестік. Форумға Қазақстанның 28 жоғарғы оқу орны қатысты. Enactus ҚҚЭУ командасы кәсіпкерлік және топтық қалыптастыру саласында тәжірибе алып, сонымен қатар басқа командалардан көптеген эмоциялар мен энергия алды. Спикерлермен қызықты әңгімелесулер мен талқылаулар болды, және командалардың табысты жетілулері үшін кеңестер мен нұсқаулықтар берілді. ҚҚЭУ ректорына Форумға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреміз.
Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінің «Орыс және шет тілдері» мен «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедралары бірігіп, кәсіптік бағдар беру жұмысының шеңберінде Қарағанды қ. жалпы білім беретін оқу орындарының 11 сынып оқушылары арасында «ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ» зияткерлік ойынын өткізді. Зияткерлік ойын Университетті таныстырумен басталды. Ойын барысы үш кезеңнен тұрды.
I- ші кезең таныстыру (қазақ, орыс,ағыншын тілдерінде )
II- ші кезең сұрақ-жауап (Қазақстан тарихы,әлем тарихы,география,әдебиет пәндері бойынша)
III - ші кезең ертегілер көрінісі (қазақ, орыс,ағыншын тілдерінде). Әсіресе, ағылшын тілінде көбірек сөйледі.
Зияткерлік ойын көпшіліктің көңілінен шығып, өте қызықты өтті. Оқушылар да үлкен әсермен қайтты. Нәтижесінде қатысушылар мақтау қағаздарымен,грамоталармен марапатталды.
Ағымдағы жылдың 23 ақпанында Қарағанды экономикалық университетінің Әлеуметтік жұмыстар және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы «Дін қатынастары саласындағы радикалды және экстремистік көріністерге жастар арасында нөлдік төзімділікке қол жеткізу жөніндегі профилактикалық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі» тақырыбында, жоғары оқу орындары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды облысының барлық жоғары оқу орындарының өкілдері, өңірдің жетекші дінтанушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қарағанды экономикалық университетінің студенттері мен оқытушылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары «Болашақ» академиясының профессоры, белгілі дінтанушы Я.Ф.Трофимовтың, Қарағанды облысының әкімі аппаратының қоғамдық-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы А.Ж.Тасмагамбетованың, «Виктория» деструктивті діни ағымдардан зардап шегушілерге көмек оңалту орталығының маманы, дінтанушы Қ.Д.Жаңабаевтың және т.б. баяндамаларын аса ықыласпен тыңдап, зор ілтипат білдірді.
Тақырыптың мән-маңызын ескере отырып, оған қатысушылар өзара екі жақты пайдалы, кең тынысты пікірталас өрбітті. Оның қорытындысы бойынша Дөңгелек үстелдің резолюциясы қабылданды.
Қарағанды экономикалық университетінде тұрақты түрде студенттер үшін бизнесті дамыту негіздері бойынша семинарлар өткізіледі.
Осылайша 2018 жылдың ақпан айында «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының оқытушысы Phd доктор Байбосынов С.Б. күндізгі бөлім студенттеріне арнап «Жобаны қаржылық қамтамасыздау:- инвестициялық жоспар; - қаржы жоспары» атты оқытушылық семинар жүргізді.
Сонымен қатар, университет қабырғасында «Даму» қорының жобалары шегінде АҚ ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының ұаржы кеңесшісі Газиз Айзада Саяткызының қатысуымен «Бизнесті мемлекеттік қолдау: қолдаудың формалары мен әдістері-бизнеске септік тигізудің өзекті бағдарламалары» атты оқыту семинары өтті.
Студенттер нақты мысал түрінде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың формалары мен әдістерімен, Қазақстанда бизнес ашудың шарттарымен, кәсіпкерлерді қорғау Ұлттық палатасымен және мемленкеттік органдардың бизнесті қолдау бағдарламаларыен танысты.
Қазтұтынуодағы Қарағанды эконосмикалық университеті 2018-2019 оқу жылынан бастап «Мемлкеттік аудит» жаңа білім бағдарламасына қабылдау жүргізеді.
Мемлекеттік аудит аясында білімді, өз білімдерін тәжірибелік қызметінде қолдана алатын заман талабына сай бәсекеқабілетті, білікті мамандар дайындау мақсатында Қарағанды экономикалық университетінде жаңа, еңбек нарығында сұранысқа ие «Мемлекеттік аудит» білім бағдарламасы ашылды.
«Мемлекеттік аудит» білім бағдарламасының «Экономика және бизнес» бакалавры өзінің кәсіби қызметін келесі салаларда қолдана алады:
- Мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Есеп комитеті;
- Ішкі мемлекеттік аудиттің уәкілетті органы;
- Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың ревизиялық комиссиялары;
- Орталық мемлекеттік органдардың, облыстың жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі аудит қызметтері.
Келіңіздер, білім алып бәсекеқабілетті, сұранысқа ие маман болыңыздар!
Маркетинг және логистика кафедрасы ішкі және сыртқы академиялық мобильдік жүйесін жолға қойлған, бұл кафедраның дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың бірінші семестрінде «Маркетинг» ОБ магистранты. МК-21тобының студенті Исабекова А.А. сыртқы академиялық мобильды бағдарламасына қатысып, Рим университетінде, Рим қаласында, Италияда оқыды.
Қарағанды экономикалық университеті мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті арасындағы 2017-2018 оқу жылының екінші семестрінде ынтымақтастық туралы келісімшарт шеңберінде студенттерді «Сауда-саттық негіздері» және «Тауарларды тасымалдау ережелері және халықаралық көлік транзакциялары» пәндері бойынша оқытушылар оқытады.
ҚарМТУ студенттерін КЭУ білім беру мекемесімен таныстыру мақсатында «Маркетинг және логистика» кафедрасының оқытушысы Томашинова Айгерім Еркенқызы университеттің экскурсиясына бастама жасады. Политехникалық университетінің студенттері университеттің заманауи және дамыған инфрақұрылымымен, бай кітапханасы, интернет-ресурстарға және Wi-Fi-желісінің жабдықталуы таң қалдырды. Біздің қонақтар университеттімізді қысқа уақыт ішінде достық атмосферасының қалыптасқанын және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін атап өтті.
Қарағанды экономикалық университетінде 2018 жылы 16 ақпанда дәстүрлі қысқы Бизнес және құқық факультетінің ашық есік күні өтті. Университетке Қарағанды мен жақын қалашықтардан мектеп және колледжінің 200 оқушысы келді.
Сондай-ақ, абитуриенттер Студенттерге қызмет көрсету орталығы таныстырылды. Мемлекеттік қызметтің сандық үрдісінің дамуы және e-gov.kz. порталы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге мүмкіндік алынатыны айтылды.
Абитуриенттер университеттің барлық әдемі бөлімдерімен, ҚҚЭУ музейімен, оқу криминалистикалық кабинет, экспертиза лабораториясы, азық түлік өнімдерінің лабораториясы, менеджмент кабинеті, сот залы кабинеті, ҚҚЭУ спорт залымен, кітапхана т.б. танысты.
Іс-шара Бизнес және құқық факультетінің бірінші курс студенттерінің ең үздік өнер көрсетілімдерінен құрылған концерттік бағдарламамен аяқталды.